Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі 6-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

  Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі 6-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі 6-сабақ
Оқу мақсаты: А/И3. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау
Сабақ мақсаты:
Оқушылар:
Шығарманың тілдік ерекшелігін талдап, автор стилін анықтайды.
Сабақ барысы:
1.Миға шабуыл
«Сөз бұлты»
Оқушылар «Автор стилі деген не?» деген сұрақты ашатын сөздер мен сөз тіркестерін «Сөз бұлтына» жазады. Екі топқа бөлініп «Сөз бұлтында» берілген идеяларды топтастырады.
Топ мүшелері жазғандарын тақтаға іледі. Әр топтың спикері шығып «автор стилі» сөзінің анықтамасын толық айтып шығады.
Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.
Бағалау критерийі Дескриптор
Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдап, автор стилін анықтай алады. 1.автор стилін анықтайды;
2. стильдік ерекшелігін табады;
3. көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайды;
2.Қызығушылығын ояту
1-тапсырма
«Интервью» тәсілі
Оқушылар өздері жақсы көретін түстері арқылы топқа бөлінеді. Бір топта төрт оқушы болуы керек. Топтағы оқушылардың біреуі интервью жүргізуші болады. Қалғандары оның сұрағына жауап береді. Интервью алушы оқушы «Шығармада автордың стильдік ерекшелігі қалай көрінген?» деген сұрақ қояды. Топтағы екі оқушы бұл сұраққа өлеңдегі автор қолданған көркемдегіш сөздер мен суреттеулер арқылы жауап береді.Тапсырмаларды бөліп алып жауап беруге де болады немесе барлығы бірлесіп жауап та бере алады. Үшінші оқушы баспасөз қызметкері рөлінде интервью жүргізушінің сұрақтары мен екі оқушының жауабын қағаз бетіне түсіріп отырады. Интервью жүргізуші сұрақтарына толық жауап берілгеннен кейін барлық топтағы баспасөз қызметкерлері топ жұмыстарын сыныпқа таныстырып, интервьюді қабырғадағы постерге апарып іледі. Оқушылар сынып бөлмесін шарлап, интервьюді оқып танысады да, өз бағалауларын стикерге «жақсы», «өте жақсы» сөздері арқылы жазып, постерге жапсырады
Талдау жұмысы аяқталғаннан кейін топ мүшелері бағалау критерийі бойынша бірі -бірі бағалайды.
3. Мағынаны тану
2-тапсырма
«Жалынды от» тәсілі
Бұл тапсырманы орындау кезінде «Жалынды от» тәсілі қолданылады. Интерактивті тақтадан таймер мен тапсырманың орындалу барысы көрсетіледі. Оқушылар өлеңдегі көркемдегіш құралдарды анықтап, дәптерлеріне кестенің «Психологиялық параллелизм; Эллипсис; Перифраз; Сатира» бөліктерін толтырып жазады. Таймер уақытты көрсетіп тұрады, тапсырманы орындау уақыты аяқталған кезде оқушылар кестені толтырып бітуі керек. Сынып оқушыларының жұмыстарын алдыңғы тапсырмадағы почташы болған оқушы жинап алып, мұғалімге тапсырады. Тапсырманы ең бірінші орындап болған оқушыға «Жалынды от» атағы беріледі.
Психологиялық параллелизм Эллипсис Перифраз Сатира
Қабілеті жоғары оқушы шығармадағы ақынның стильдік ерекшелігін анықтап, қабілеті орта оқушыға түсіндіреді.
4. Бекіту
3-тапсырма
«Теннистік сұрақтар» әдісі
Оқушылар өлеңнен бір қысқа және бір көлемді үзіндіні таңдап алып, қарама-қарсы қарап, екі қатарға отырады. Бірінші «Өлеңдегі басты тұлға кім?, «Автор өз ойын нақты жеткізуде көркемдегіш құралдарды қалай қолданған?», «Автор нені толғана жырлады?» сұрақтарын қасында отырған оқушыға қояды, ол жауап бермесе қарама-қарсы отырған оқушыға қояды. Осы ретпен бір-біріне сұрақ қою арқылы автордың өлең идеясын жеткізуде көркемдегіш құралдарды қалай қолданғанын анықтап, зерттейді. Оқушыларға қосымша ақпарат ретінде «Қайым Мұхамедханов. ШӘКӘРІМ» бейнежазбасынан үзінді көрсетіледі. (https://www.youtube.com/watch?v=pcUQYm8j6eM)
Бір оқушы ізденіс сұрақтарын үш оқушымен алмастырып, ой бөлісуі керек. Сұрақтардың жауабын екі жақтағы оқушылар да дәптерлеріне жазып отырады. Барлық оқушылар бір-бірімен ой алмасып, сұрақтарды талдап болғаннан кейін барлығының жұмыстарын біріктіріп, бір зерттеу жұмысын жазып шығарады. Жұмысты мұғалімге тапсырады.
Мұғалім деңгейі жоғары оқушыға жұмысқа сараптама жасап, қорытындысын шығаруды ұсынады. Қабілеті орта оқушыға автор көзқарасын өз сөзімен үшінші жақтан сипаттап жеткізу тапсырылады.
5. Салыстыру
4-тапсырма
«Бірдей... Әртүрлі?» тәсілі
Оқушылар алдыңғы тапсырмада бөлінген топтарымен отырады. Тапсырманы орындау барысында «Бірдей... Әртүрлі?» тәсілі қолданылады. Топ мүшелері алдымен өлең шумақтарын таңдап алады. Содан кейін жұппен шумақтардағы ой жайында пікір алмасып, өз көзқарастарын білдіреді. Топтағы оқушылардың таңдаған шумақтары бірдей болуы керек. Әр топтан бір оқушы ортаға шығып, таңдаған өлең шумақтарындағы автор стилі мен көркемдегіш құралдар туралы өз талдауларын айтады. 4 оқушы бірдей өлең үзіндісін талдап өз ойларын айтып тұрғанда қалған оқушылар олардың жауаптарын салыстырып ,
«Қандай жағдайды сипаттайды, ерекше әсерлі ойлар,ақынның ойы мен сезімі, оқушының ойы мен сезімі» деген кесте бөліктерін дәптерлеріне белгілеп, жазып отырады. Кесте интерактивті тақтадан көрсетіледі. Интерактивті тақтадан көрсетуге мүмкіндік болмаса оқушылар анық көретіндей етіп флипчартқа сызып, тақтаға іліп қоюға болады. Топ мүшелері тапсырма қорытындысын «Ең әсерлі ойлар..» парағы бойынша бағалап, тақтаға апарып іледі.
Ерекше әсерлі ойлар Ерекше әсерлі ойлар Ақынның ойы мен сезімі Оқушының ойы мен сезімі
6.Бағалау
5 - тапсырма
«ВАК» тәсілі
Тапсырма «ВАК» (визуалдық, аудиториялық, кинестетикалық) тәсілі арқылы орындалады. Алдыңғы тапсырмадағы топтық құрам қайта бөлініп, жаңа топ құрайды. Топтағы 4 оқушы да басқа топтағы оқушылармен орнын ауыстырып отыруы керек. Әр оқушыға автордың жан толғанысын сипаттайтын өлең шумақтары жазылған үлестірме қағаздар таратылып, оны белгіленген уақыт ішінде жатқа айту тапсырылады. Топ мүшелеріндегі өлең шумақтарының бірдей болмауын мұғалім қадағалауы керек. Оқушылар жаттаған үзінділерін жұптасып тыңдайды. Содан кейін сыныппен «Автордың ішкі қиналысын сезіну арқылы нені түсіндің?, Өлеңді жатқа айту арқылы нені үйрендің? Жұбыңды тыңдаған кезде оның сезімі қалай көрінді?, Ақынның көңіл- күйі сенің сезіміңе қалай әсер етті?» сұрақтарына сыныппен жауап беріп, талқылайды. Сұрақтар мүмкіндік болса интерактивті тақтадан немесе флипчартқа жазылып тақтадан көрсетілуі керек. Сабақ соңында оқушылар: «Мен үш тапсырмада нәтижеге жеттім... ; Мен өте жақсы нәтижеге жетер едім, егер... ; Егер қайта орындауға мүмкіндік болса онда мен... жасар едім» деген «Жетістік» бағалау парағын толтыру арқылы өзін- өзі бағалайды. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 365



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!