«Атымтай Жомарт» әңгімесінің құндылығы (5 сынып, II тоқсан )

 «Атымтай Жомарт» әңгімесінің құндылығы (5 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиет
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тәрбиенің қайнар бұлағы»
Сабақтың тақырыбы: «Атымтай Жомарт» әңгімесінің құндылығы
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) А/И3. Көркем шығарманың тілі.
Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы.
А/И4. Шығармашылық жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
5.А/И3.Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау.
Б/С1.Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау.
5.А/И4. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту. Мінез, ерекше қасиеттеріне сай ат қою.
Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелері айқындалады.
Мағынаны тану.
Ой шақыру. Сөз бен мағына ұғымдарын қалай түсінесіздер? Сөз құдыреті дегенді қалай түсіндірер едіңіз?
Тапсырма. СЖ.
Қыпшақ Сейітқұл», «Атымтай Жомарт», әңгімелері І жақтан баяндала ма әлде ІІІ жақтан мазмұндала ма? Олардағы автор бейнесін қалай танимыз?» - деген сұрақтарға топ болып жауап іздейді.
Талқылау.
Тапсырма. Топтық жұмыс. «Джигсо» әдісі бойынша.
1) СӨЗ бен МАҒЫНА бағанасын жасайды. Бейнелі сөздерді теріп жазады, түсінік береді.
2)Кейіпкер сөзі, ішкі толғаныстары, /монологі/, ой-пікірін табады, түсіндіреді.
3)Шығармадан құндылықтардың суреттелген тұсын тауып баға береді. (өз көзқарастарын білдіреді).
Талқылау. Топтық бағалау.
Жетістік критерийі:
1.Сөз бен мағынаға талдау жасайды;
2.Шығармадағы кейіпкерлер сөзін табады, түсіндіреді;
3.Шығармадағы құндылықтарды табады.
Тапсырма. Жеке жұмыс. «Шағын әңгімелерден алған әсерім»
Өз ойын өлеңмен не хат түрінде жеткізеді.
Жетістік критерийі:
1.Жазылым жұмысының талабын сақтайды;
2.Өз пікірін дәлелді жеткізеді.
Кері байланыс. ПОПС формуласы
«Менің ойымша, бұл...»
«Себебі, мен оны былай түсіндірер едім...»
«Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын...»
«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»
Бағалау. Мұғалімнің пікірі......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 870



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?