Ерлігімен елге танылған қазақ қыздары (8 сынып, III тоқсан )

 Ерлігімен елге танылған қазақ қыздары  (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Жасөспірім және заң
Сабақтың тақырыбы: Ерлігімен елге танылған қазақ қыздары
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау
Сабақтың мақсаттары: Пікірталас барысында тақырып бойынша өз пікірлерін жеткізіп, оны дәлелдеу.
Сабақ барысы: Оқушылар суреттер мен кілтті сөздер орнына батыр қаздардың есімдері арқылы сабақтың тақырыбын болжайды. Оқу мақсатымен танысып, бағалау критерийлерін белгілейді.
Топтық жұмыс
Оқушылар төрт топқа бөлініп, ұсынылған мәтінді оқиды.
Мәтінді оқып отырып, негізгісін «ИНСЕРТ» әдісі бойынша дәптерге түртіп отырады. Жұмыс нәтижелері топ ішінде талқыланып, туындаған сұрақтарға бірігіп жауап іздейді.
«ДЖИГСО» әдісі бойынша топ құрамы ауысып, өзара ақпарат алмасады.
Ерлігімен елге танылған қазақ қыздары туралы білесіз бе?
Қазақ тарихына бойлайтын болсаңыз, ерлік пен даналық, отансүйгіштік қазақтың ер азаматтарына ғана емес, қыздарына да тән екенін байқар едіңіз. Алаш даласында қыз баланың дәрежесі қашанда биік болған.
“Қызды қырық үйден тыю” деп арулардың әдебі мен арын сақтаса, “қыз бала – қонақ” деп үлкен құрметке лайық санайтын болған. Адал жар, ақылды әйел, күллі қазаққа ана бола білген Домалақ ана, Бегім ана, Айша бибідей аналарымыз – даналықтың көрінісі. “Тарих атасы” Герадоттың өзі таңдана жазған сақтардың Тұмар ханшасы қазақ әйелдерінің басшы да бола білгенін байқатады. Ел шетіне жау тиген қиын-қыстау заманда ер-азаматтармен тізе қосып, “Алаш” деп атқа қонған аруларымызда аз болмаған. Болашаққа қадамымыз нық болуы үшін өткенді саралап, батырлықпен тарих беттерінде өшпестей орын қалдырған қазақтың батыр қыздары жайында жазуды ұйғардық.
Зарина
Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырдың аяғы – 5 ғасырдың басы – ежелгі сақ тайпасын билеген патшайым. Ол туралы тарихи деректер ежелгі дүние тарихшылары Диодор, Ктесий жазбаларында кездеседі. Зарина есімі ежелгі Ассирия, Мидия елдерінің Азиямен байланысы тұсында айтылады. Мидия өзін бағындырғысы келген Парфия мемлекеті үшін сақ тайпаларымен соғысады да, Мидия ханзадасы Стриангия Заринаны жаралайды. Екі жақ та үлкен зардап шегеді. Ақыры олар келісімге келіп, дос әрі одақтас болуға уағдаласады. Осы оқиғалар тұсында сақ тайпасын басқарған патша Зарина болатын. Ол өзінің батылдығы, сұлулығы және ақылдылығымен дараланған. Сақ жеріне көз тіккен көрші патшалардың талайын жеңіп, ел тұрмысын жақсартқан, көптеген қалалар салдырған. Зарина тағдырына байланысты туған “Зарина және Стриангия” атты жыр да бар. Оның мазмұны бізге толық күйінде жетпесе де, қаҺармандық эпос рухындағы туынды екені анық. Зарина өлгенде ел-жұрты оның басына үшбұрышты пирамида орнатып қастерлеген. Орыс тарихшысы В.Н. Татищев (1686 – 1750) құрастырған сөздікте Заринаның сом алтыннан жасалған ескерткіші жәйлі дерек бар. Заринаның ерлік істері көне түркі тарихы мен әдебиетіндегі “Қырық қыз”, “Баршын қыз” секілді жыр-дастандар мазмұнына келіп ұласады.
Бопай ханша
Бопай – Адай руынан – батыр Табынайдың үлкен ұлы Сүйіндіктің қызы. Бопай – Кенесары көтерілісіне қатысуды халық арасында жалықпай-талмай үндеумен жүрген, кейін өзінің 6 ұлымен бірге талай жорыққа қатысқан, 600 адамдық жасаққа қолбасшы болған әйгілі ержүрек анамыз. Бопай күйеуі Әбілқайырдың түпкі мақсаты Жайық казактарының, орыс бодандығындағы башқұрттар мен Еділ қалмақтарының шапқыншылықтарын тоқтату, жоңғарларды түпкілікті талқандау екендігін және бұл күрделі мәселелерді уақытша болса да, Ресей империясына бодан болу арқылы шешуге тырысқандығын терең ұғынған. Сондықтан да Әбілқайырдың осы бағыттағы саяси қадамдарына қолдау көрсеткен. Ол ханымның 1731 жылы 22 қарашада орыс патшайымы Анна Ионаваға, 1748 жылы 5 қазанда Елизавета Петровнаға, әр уақытта Орынбор әкімшілігінің басшыларына жазған хаттарынан айқын көрінеді.
Айбике Ару
Бұланбай батырдың жары. Абылай ханның жау тылындағы барлаушыларының басшысы болған. Өзінің қол астына бірнеше тыңшы, барлаушы ұстаған және ұзақ жылдар бойы жаугершілікте “қолға түскен күң” түріндегі бейнеге еніп, Қалмақ Қоңтайшысының ордасында күтуші болған. Тарбағатай мен Алтай бойындағы, Ертіс пен Емілегі жаудың күші мен қару-жарағы, олардың орналдасқан жері мен шапқыншылық ниеті туралы Абылай ханға, Қабанбай мен Бөгенбай батырларға және басқа да қолбасшыларға астыртын құпия хабарлар мен құнды ақпараттар жеткізіп тұрған.
Айбике алғыр ойлы ержүрек қыз болған. Қалмақ тілін өте жетік білген. Және Тарбағатай мен Алтай тауларының өңірінде, Зайсан мен Марқакөл алабында күндіз де, түнде де тұманды, боранды күндері адаспай-ақ жол тауып, көзге көп түспей жалғыз жүре беретін болған “жер шолғыштығымен” де аты шыққан. Кейін Жоңғар мемлекеті құлағаннан кейін 1757-58 жылдары атамекеніне оралған.
Гаухар батыр
Малайсарының қаны бір қарындасы. 1724 жылы қазақтардың сол кездегі астанасы Түркістан қаласын жоңғарлардың қалың қолы тұтқиылдан шабуылға алады. Осы шайқаста Кіші жүздің ханы Әбілхайыр отыз мың әскер, Орта жүзден Сәмеке жиырма мың әскер дайындап, Қабанбайдың бас сардарлығымен жоңғарларға қарсы шабуылға шықпақ болып жатады. Гаухар жоңғарлардың қоршауын ерлікпен бұзып шығып, Қабанбайдың қасына барып, оларды жау жағдайы жөнінде толық мәліметтермен қамдайды. 1725 ж. әйгілі «Бұланты» жеңісі осының нәтижесі еді. Кейін Гаухар Қабанбайға өмірлік жолдас болып, ұзақ жылдық соғыстарда бірге жүріп ұрыс жасайды. Уақыт өте келе ел аузында жыр дастанға айналған әйгілі «Гаухар батыр» атанады. Қабанбай мен Гаухар, яғни қос батырдың қосылуына сол майдан даласы себепкер болады. Гаухар батырдың азан шақырып қойған аты – Майсара болса керек.
Мұғалімнің сырттай бақылап, жетелеуші сұрақтар арқылы бағыттауы.
Жеке жұмыс
«Ойлан, жұптас, талқыла»
Оқушыларға пікірталасқа төмендегі тұжырым ұсынылады. Әркім өз позициясын таңдап, аргумент жинауға кіріседі.
Батырлық ер балаға жарасатын қасиет, қыз бала нәзіктік үшін жаралған.
Оқушылар өздерінің пікірімен келісетін оқушылармен жұптасып, пікір алмасады. Кейін екі топ (жақтаушылар мен даттаушылар) құрамы дебатқа көшеді.
Әрбір орынды айтылған аргумент үшін командаға бір жұлдыз беріледі.
Пікірталас нәтижелерін мұғалім қорытындылып, оқушыларға кері байланыс береді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 919



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!