4-сабақ ЖЕҢІС КҮНІ ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ (7 сынып, IV тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: 4-сабақ ЖЕҢІС КҮНІ ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) ӘТН 4.5 Грамматикалық норма.
Сабақ мақсаттары:
Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін білу, төл сөзді төлеу сөзге айналдыру.
Сабақ барысы: Сынып оқушылары: Әр оқушы өзіне ұнаған түстегі стикерді таңдап алады. Ал стикер артында сан жазылған. Сандары бірдей оқушылар бір команда құрып, сол санға тиесілі тапсырма орындайды.Әр топ мүшелері өз дәптеріне топқа берілген сөзге ассоциациялық карта толтырып, мағынасын ашады. Оны топта оқиды, ең қызықтысын топтың атынан ортаға салады.
1-топ. Ұлы Отан соғысы
2-топ. Қазақ батырлары
3-топ. Ұлы жеңіс
Мақсаты:ой жинақтау, топта бірлесе жұмыс істеуге дағдыландыру.
1-тапсырма. Әр топқа 3 түрлі мәтін беріледі. Мәтін мазмұнын түсініп оқып, маңызды ақпараттар негізінде ментальді карта әзірлейді. Сынып алдыңда өз мәтіндерін таныстырып, қорғайды.
1-топ. Төл сөз. Өз сөзінің ішінде біреудің айтқан сөзін дәл сол күйінде, ешбір өзгеріссіз беруі төл сөз деп аталады. Мысалы, «Мал жұтайды, өнер жұтамайды», – деген Абай. Осы сөйлемде «мал жұтайды, өнер жұтамайды» деген Абайдың сөзі ешқандай өзгеріссіз айтылған күйінде беріліп тұр.
Төл сөз тек біреудің айтқан сөзі ғана емес, ойлаған ойы, айтуға оқталған сөзі түрінде де беріледі. Мысалы, Айбала: «Еркем», – деп қала жаздап, аузын жиып ала қойды. «Түнімен осы суретті қалайда бітіруім керек», – деп ойлады қарт суретші.
2-топ. Төлеу сөз – бөгде сөздің өзгеріске ұшырап, тек мазмұны сақталған түрі. Автордың өзге біреудің сөзін өз тарапынан өзгертіп беруін төлеу сөз дейміз. Мұндайда біреудің сөзінің не туралы айтқаны, негізгі ойы сақталады да, оған тән басқа ерекшеліктер: ритмика-интонациялық бояуы мен кей сөздердің грамматикалық тұлғалары өзгертіліп пайдаланылады.
Мысалы: Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары.
Төл сөз Төлеу сөз
– Қиындықтан қалай шығудың жолын мен білмеймін, – деді анасы. Анасы қиындықтан қалай шығудың жолын білмейтіндігін айтты.
– Баламды сізге бірер сағатқа қалдыруыма бола ма? – деп сұрады Айман көршісінен. Айман көршісінен баласын бірер сағатқа қалдыруға болатынын- болмайтынын сұрады.
3-топ. Автор сөзі – төл сөзді де, төлеу сөзді де жеткізіп, оған түсінік беретін сөйлеушінің өз сөзі. Автор сөзі төл сөздің кімнің сөзі екенін, кімге қаратылып айтылатынын, қандай жағдайда айтылғандығын белгілеп тұрады. Автор сөзі жазылуда тыныс белгілері арқылы ажыратылады. Төл сөз бен автор сөзі "де" (деді, деп, дейді, деген, дегендей) көмекші етістігі арқылы байланысады.
Мысалы:
1. Төл сөз автор сөзінің алдынан келгенде: «Төл сөз»,-авт сөзі. «Баламмен ақылдасайын»,- деді Ақылбай
2. Төл сөз автор сөзінен кейін келсе: Авт.сөзі: «Төл сөз»(?!) Балтабай былай деді: «Баламмен ақылдасайын»
3. Төл сөз автор сөзінің ортасында келгенде: Авт.сөз: «Төл сөз», - авт.сөзі. Балтабай : «Баламен қылдасайына»,- деді
4. Төл сөз автор сөзінің екі жағынан келсе: «Төл сөз,- автор сөзі, - төл сөз». «Баламмен, -деді Балтабай,- ақылдасайын»
2-тапсырма: Әр топқа мәтін таратылады. Мәтіндер сұхбат түрінде берілген. Алдыңғы білімді пайдалана отырып, мәтіндегі төл сөзді төлеу сөзге немесе автор сөзін төл сөзге айналдырыңыз.
1-топ.
- Ғалым – ата, сіз қай жылы дүниеге келдіңіз?
- Мен 1922 жылдың 29 маусымында Шал ақын ауданының Бағанат ауылында дүниеге келгенмін.
- Сіз майданға қай жылы аттандыңыз?
- Соғысқа мен 1942 жылдың 7 қаңтарында аттандым.
- Сіз қай жерлерде соғыстыңыз?
- Мен Мәскеу, Дон, Сталинград, Испания, Германияда соғыстым. Барлаушы болдым.
- Майданнан қай жылы оралдыңыз?
- Соғыс аяқталғаннан кейін мені Жапонияға қызметке жіберді, тек 1949 жылы әскерден қайтып, үйге оралдым.
- Соғыстан кейін тағдырыңыз қалай жалғасты?
- Мен мал – дәрігерлік техникумын аяқтап, отбасын құрдым, 5 баланы тәрбиелеп өсірдім. Отан үшін биік лауазымдарда адал қызмет атқардым. Қазіргі таңда Петропавл қаласында балаларымның, немерелерімнің және сүйікті шөберемнің арасында бақыттымын. Ұрпақтарымыздың тәуелсіз елде, татулық пен бірлікте өмір сүріп жатқандарына қуаныштымын.
2-топ. Атақты ұшқыш Иван Кожедубтың борт-мехнигі болған Мәдина Ысқақованың інісі Құсайын Ысқақов әңгімелескен едік. «Соғыс жайлы айтуды аса ұната бермеймін,» - деп бастады әңгімесін ардагер ата. «Әуелі соғысқа үлкен ағаларым Әбілқасым мен Әбілқасен, кейін әпкем Мәдина кетті. Ағам Әбілқасен де соғыста жан тапсырды. Сол күйі ол жайында еш хабарымыз болмады. Сүйегінің де қайда екенін білмейміз. Қанша іздесек те, еш нәтиже болмады. Ал ағам Әбілқасым мен әпкем Мәдина аман-есен елге оралыпты.
1943 жылдың 10 қаңтарында мен майданға кетіп, 20 қаңтарда ант қабылдадым. Бізді Тайтурка станциясына әкелді. Екі дивизия жасақталды. Мен пулеметшінің оқуын оқыдым, сосын мені авиация алып кетті. Үшінші әуе күшіндегі 368-ЯБ авиациялық истребительдер полкінің құрамында ЯК ЮДД ұшағының мотористі болдым. Ауыр күндерді бастан кешірдік. Талай жас жігіттердің өмірі қиылды. «Ертеңгі күнді қарсы ала аламыз ба?» деп алаңдаумен болдық. Келесі күні тірі боламыз ба, өлі боламыз ба, белгісіз болды.
3-топ. Туған анаңның (Отаныңның) омырауын от шарпып жатыр. Туған әке (Нұршайық) көкірегін оққа төсеп қан майданда жүр... Он сегізден аса бере сол отқа қарай өзім жүгірдім. Алматыдағы аз ғана дайындықтан алған машығым бойынша №100 қазақ атқыштар бригада¬сының артиллерия дивизиясында зеңбі¬рек¬ші сержантпын. Атыс тоқтай қалса қара дәптерді көк темірге төсеп, тұқыл қарындашпен түртпектеп өлең жазам. Жазбасам жарылып кете жаздаймын. Кеудені кек кернейді. Қиылып жатқан қыршындар көзімнің аясында үйіліп қалады. Көкіректегі өртті өлеңнен басқа ешнәрсе сөндіре алмайды.
– Өлең қазақтың бірге туып, бірге өлетін рухы ғой. Сіздің шырылдаған дауысыңызды ағаларыңыздың құлағына жеткізген сол өлең шығар?
– Ұр зеңбірек, зәріңді төк, зіркілде,
Алға, солдат, Отан үшін іркілме!
Қайратыңа қайтадан мін, қаһарлан –
Мынау соғыс бітер емес бір күнде!
Осы жолдарды умаждалған дәптерге түсіре бергенім сол еді, ту сыртымнан тосын бір дауыс саңқ ете қалды.
– Ей ақын, сен мақала жаза аласың ба?
– Жазамын, – дедім жалт қарап. Ұзын бойлы, ашаң лейтенантқа қолымды шекеме көтеріп құрмет білдіре бергенімде артиллерия дайындық дабылын қағып, тіл қатысуға мұрша бермей қалды.
3-тапсырма. Оқушыларға: Ұлы Отан, Жер ана, соғыс, жауынгер, жеңіліс, қару-жарақ, жеңіс, алыс сапар, медаль, Қазақстан, тәуелсіздік -деген кілт сөздер беріледі. Әр оқушы дәптерлеріне осы сөздерді пайдаланып 6 сөйлемді, яғни 3 сұрақ, 3 жауапты сұхбат құрастырады. Топтағы жұптарымен дәптер алмасып тексереді. .....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?