Фастфуд тағамдары (7 сынып, III тоқсан )

 Фастфуд тағамдары (7 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім: Дұрыс тамақтану. Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар
Сабақтың тақырыбы: Фастфуд тағамдары
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) Т/А6. Сөйлеу мәдениетін дамыту
Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу.
Сабақтың мақсаты:
Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысады;
Пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай біледі.
Сабақ барысы: Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, дәптерлеріне бүгінгі күнді жазғызу.
Қызығушылықты ояту.Топқа бөліну.
Суреттер бойынша 4 топқа бөлу.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты хабарланады.
Күтілетін нәтижелер белгіленеді.
Мағынаны тану кезеңі. Ой шақыру.
Тыңдалым алды тапсырма.
Дұрыс тамақтану дегеніміз не?
Тамақтану пирамидасы туралы не білесің?
Ол не үшін қажет?
Ас – адамның арқауы.
 Қонақ келсе, ет қызарар,
 Ет қызармаса бет қызарар.
 Ас үстінен аттама, астан үлкен емессің.
Талқылау.
Тыңдалым тапсырмасы. Жеке жұмыс.
Оқушылардың назарына «Дұрыс тамақтану» бейнебаяны көрсетіледі.
Қалыптастырушы бағалау.
Оқушының аты-жөні:______________________
Cынып:___________________________
Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап беру.
1.Адам ағзасына не пайдалы?
2.Бұрын аурудың бәрін неден көрген?
3.Фастфуд қандай тағам?
4.Дәрігерлер фастфуд туралы қандай пікір білдірді?
5. Мына тағамдарда қанша калорий бар?
бургер фри пицца
Талқылау.
Кері байланыс.
Жұптық бағалау. Жұпта отырған оқушылар жұмыстарымен алмасып, дұрыс жауаппен тексереді.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Топтық тапсырма. Пікірталас ойыны.
1 және 3 жақтаушы топтарға: «Бұл топ фастфуд тағамдарын қолдануға шектеу қояды» тақырыбында кейс дайындайды.
2 және 4 даттаушы топтарға: «Бұл топ фастфуд тағамдарын қолдануға шектеу қомайды» тақырыбында кейс дайындайды.
1 топ 2 топқа қарсы ойнайды.
3 топ 4 топқа қарсы ойнайды.
Қалыптастырушы бағалау.
Кейс жазу ережесі
1.Резолюция-Қарар (Пікірталастың тақырыбы) «Бұл топ фастфуд тағамдарын қолдануға шектеу қояды»
2.Дефиниция-Кілт сөздер (Кейсте қолданылатын сөздерге анықтамалар беріледі) фастфуд дегеніміз –
3.Status quo-Қалыптасқан жағдай (қалыптасқан жағдайға статистикалық мәліметтер (бейнебаян немесе қосымша ғаламтор мен газет-журналдардан айту (Әр топқа мұғалім ноутбук немесе тақырып бойынша алдын ала газет-журналдармен қамтасасыз етілсе)
4.Философия (Тақырыпқа байланысты мақал-мәтел)
5.Аргументтер (бірнеше аргумент, яғни факт неліктен зиянды/зиянсыз екенін түсіндіру)
6.Қорытынды.
Талқылау.
1 топ 2 топқа қарсы ойнайды.
3 топ 4 топқа қарсы ойнайды. (бір уақытта ойнатылады)
Кері байланыс.
Топтық бағалау.
АА+ Айтылымда көркемдегіш құралдар мен мақал-мәтелдер қолданады.
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор
Оқушы
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді;
Ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата біледі.
Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолданады.
1 Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап береді;
Айтылым тапсырмасы бойынша ойын еркін жеткізеді;
Тақырып бойынша кейс жазады;
Аргументтер келтіреді;
Пікіріне дәлел келтіреді;
Бағалау критерийлері:
 Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысады;
 Пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай біледі.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 325



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?