Спорт жұлдызы (6 сынып, III тоқсан )

 Спорт жұлдызы (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары.
Сабақтың тақырыбы: Спорт жұлдызы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.3.2.1 - жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, мінездеме, өмірбаян құрастырып жазу.
Сабақтың мақсаты: Құрылымын сақтай отырып мінездеме жаза алуға үйрету.
Сабақ барысы: 1-тапсырма
Оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында
сыныптың әр жеріне төмендегі спортшылар есімі жазылып, суреті берілген парақтарды іліп, оқушыларға өздері қалаған спортшыларының тұсына барып, ол туралы білетін мәліметтерімен бөлісу тапсырмасы беріледі.
Серік Сапиев
Илья Ильин
Данияр Елеусінов
Геннадий Головкин
Самат Смаков
Александр Винокуров
Қанат Ислам
Зарина Дияс
Сабина Алтынбекова
2-тапсырма
Мұғалім оқушылардан мінездеме жазу туралы ақпаратпен танысуларын сұрайды. Оқушылар ақпаратпен танысып, ақпаратқа сай жазылған үлгіні оқиды.
Мінездеме – белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адами қасиеттері тұрғысында жазбаша сипаттау. Мінездеменің бірнеше түрлері бар:
Қызметтік мінездеме белгілі бір жұмыс орнына немесе оқу орнына ұсыну мақсатында жазылады. Мұнда адамның мінез-қасиеттері, кәсіптік шеберлігі айтылады.
Аттестациялық мінездемеде істеп отырған жұмысына лайық/лайық емес екенін, жұмыс орнында жоғары қызметке ұсынуға лайық/лайық емес екені жазылады.
Жеке мінездемелер адамның жеке басының мінезін, білімін, шеберлігін, икемділігін және т.б. сипаттай отырып жазылады. Мінездеме А4 форматты параққа жазылады. Көлемі 1 беттен аспауы керек. Мінездеме ресми стильде, бейтарап тонмен жазылады. Мәтін баяндауышы ашық райлы етістіктен жасалады (беріледі, орындады, көріне білді, көрсетті).
Біздің тоқталатынымыз соңғы түрі – жеке мінездемелер .
Мінездемеде төмендегі мәліметтерді ескеру керек:
• жетістіктері;
• интеллектуалды даму деңгейі;
• жеке қасиеттері;
• психикалық ерекшеліктері;
• қоғамдық қызметі;
• ортамен қарым-қатынасы.
Үлгі:
Мінездеме
Қалқабай Жанболат 2001 жылдың 14 сәуірінде дүниеге келген. Дене дамуы қалыпты өзінің жасына сай, денсаулығы жақсы, созылмалы аурулармен ауырмайды.
Отбасында тұрақты карым қатынас сақталған. Ата-анасы баланың дамуына, оның денсаулығына және оқуына көңіл бөлір отырады. Баланың бойына жақсы әдеттерді, дүниетанымы мен өмірлік бағдары, көзқарасын дұрыс қалыптастырған.
Оқу үлгірімі жақсы, қосымша білім көздерін пайдалана алады, сөйлеу мәдениеті жоғары деңгейде. Өз ойын дәл және еркін жеткізе біледі. Өте зерек, тапқыр. Өз жұмыстарын ұйымдастыра біледі.
Сыныптастарымен және мұғалімдерімен қарым-қатынасы жақсы. Жанболат – iскер, қабiлеттi, қайырымды оқушы. Оқуға деген ынта-ықыласы өте жоғары. Жанболат мектептiң қоғамдық жұмыстарына белсене қатынасады. Ол тапсырылған жұмыстарға аса жауапкершілікпен қарайды. Ұстаздары оның таңдаған кәсiбiнiң бiлiктi маманы болатындығына сенедi.
Мектеп директоры: …
Сынып жетекшiсi: …
3-тапсырма.
Vox Populi сайты журналистінің мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенмен болған сұхбатын оқыңыз. Берілген мәлеметтерден қорытынды жасай отырып, спортшыға мінездеме беріңіз.
VP: Денис, сен спортты қалай бастадың? Алғаш мұз айдынына қалай шыққаның есіңде ме?
Д.Т.: Басында айтарлықтай қызықты болды, өйткені ата-анам спорттың түрлі түрлерін байқап көруіме мүмкіндік берді. Бала кезімде мен шамадан тыс белсенді болғанмын, бұл энергияны жұмсауым керектігін ата-анам түсініп, мені түрлі секцияларға алып барып жүрді. Мен акробатика, жүзу, теннис, каратэ, таэквандо, би, музыкалық мектептерге барып жүрдім, дегенмен мәнерлеп сырғанауды таңдадым. Ол спорттың жан-жақты түрі болып шықты, бізде жаттықтырулар залда да болды, сонымен қатар билер де болады.
VP: Бұл неше жастан басталды?
Д.Т.: Мен жаттықтыруларға шамамен 5 жасымнан бастап бардым, үйірмелер бара-бара көбейе бастады. Сосын мектепке бара бастағаннан кейін бір нәрсені қысқарту керек болды. Мен таэквандо мен каратэге бардым, бұл менің идеям еді. Мен көп төбелестім, өте қызу мінездімін, маған төбелесудің өзі ұнайтын. Егер маған бір нәрсе ұнамаса, адам қандай жаста екені маңызды болмады, яғни, қаншалықты ол үлкен болса да, мен жай ғана шырпы тәрізді шарпып, әрқашан төбелеске араласып кететінмін. Сондықтан шығар, менің анам қарама-қарсы жақтан дамытуға тырысып, билерге, музыкаға, көркем сурет үйірмесіне берді. Айталық, шығармашылық секцияның ішінде мәнерлеп сырғанау да болды.
VP: Нәтижесінде қалай мәнерлеп сырғанау жеңіп шықты, бұл қалай болды?
Д.Т.: Білесіз бе, егер артқа қарасақ, онда барлық жерде қандай да бір табыстарым болғандығы қызықты. Мен акробатиканы есіме алсам, онда үнемі ең жақсы болдым. Өзім үшін жүзумен айналысқаным есімде, бірақ жаттықтырушым кейін мен жарыстарға қатысуымды шындап ойлана бастады. Біз билерде не Горький саябағында, не циркте үнемі орындауға шықтық. Музыкада хорда ән айттым, айтпақшы, біз Опера және балет театрының спектакльдерінде орындауға шығатынбыз. Түптеп келгенде, барлық жерде қандай да бір табыстар болды, ал мәнерлеп сырғанау маған жай ғана өте ұнайтын, бұл спорттың ерекше түрі. Нәтижесінде мәнерлеп сырғанаудан тыс осы барлық табыстардың маған дәл коньки тебуде көп көмегі тиді.
VP: Мәнерлеп сырғанау Қазақстанда аса дамыған жоқ еді ғой?
Д.Т.: Ол бізде тіпті болмады да. Мүмкін, бір жағынан ол маған сол үшін ұнаған болар. Екіншіден, әрине, коньки – бұл қызық. Атмосфераның өзі қысқы, қысқы ертегі тәрізді. Біз тек қыста ғана жұмыс істейтін мұз айдынында сырғанадық.
Әрине, бірінші кезекте барлық нәтижелер – менің ата-анамның еңбегі, өйткені әр отбасы әлдеқандай табыстарға қол жеткізуге кепілдік бермейтін іске өзің арнап, мұндай өжет қадамдарға бара бермейді деп ойлаймын. Кез келген істе ертеңгі күнге сенімді бола алмайсың, ал бұл – жерде спорт, алайда бір түрлі жай ғана барлығының сәті бола бастады.
VP: Олимпиаданың алдындағы дайындық қанша уақытты алады және басқа елдердің атынан шығуға ұсыныстар болды ма?
Д.Т.: Көп. Мәнерлеп сырғанау – бұл біз тоқтаусыз жұмыс істейтін спорттың түрі. Бізде жазда жарыстар жоқ болып көрінгенмен, бұл ең тиімді кезең болып табылады.
Мен Қазақстанның нағыз патриотымын. Әрине, басқа елдерден ұсыныстар болды. Мен әлемнің түрлі жерлерінде болдым, алайда қайтып оралғанда мен ылғи барлығына: «…бізде барлығынан да жақсы!» - деп айтамын. Бұл махаббатым жыл сайын өсуде. Мен жан-тәнімен нағыз қазақстандықпын және жарыстарға мемлекеттің атынан шығатынымды мақтан тұтамын, әрине, бұл – үлкен жауапкершілік!
4-тапсырма
Оқушылар жазған мінездемелерін жұпта алмасу арқылы бөліседі. Оқушылар бір-бірінің жазбасын оқып, бағалайды.
Дескриптор:
- Белгілі бір спортшы туралы білетін ақпараттарымен бөліседі;
- Мінездеме туралы ақпаратпен мұқият танысады;
- Стильге сай құрылымды сақтап мінездеме жазады;
- Жұпта бөлісу арқылы бір-бірін бағалайды;....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 782



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!