№6 сабақ Туынды сөз (3 сынып, II тоқсан )

 №6 сабақ Туынды сөз (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Сәулет
Сабақ тақырыбы: №6 сабақ. Туынды сөз
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.4.2.1* негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың барлығы :
• тыңдаған мәтіннен тірек сөздерді анықтаймыз;
• сұрақтарға жауап береміз;
• туынды сөздердің жасалу жолымен танысамыз.
Оқушылардың көпшілігі:
• негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату
Оқушылардың кейбірі:
• туынды сөздердің жасалу жолын түсіндіре алады,
туынды сөз жасайтын жұрнақтарды атай алады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал
- Балалар, сабаққа дайынбыз ба?
- Онда, қане, көңіл-күйімізді реттеп алайық.
Армысың, алтын күн!
Армысың, жақсы дос!
Бос өтпей әрбір күн
Білімге білім қос!
Үй тапсырмасын тексеру:
Анықтайық
Берілген сөздер қатарынан артық сөзді анықта. Себебін түсіндір. Әр қатардан бір сөзді қатыстырып, сөйлем құрастырып жаз.
• Асық, асхана, аспаз, астық.
• Балауыз, балақай, балапан, балалық.
• Басшы, бастауыш, бассейн, бастық.
• Қазық, қазба, қазған, қаздар.
Мәтінді түсініп оқы. Мәтін мазмұны бойынша кестені толтыр.
Биыл елімізде халықаралық ЭКСПО көрмесі өтті. Көрменің тақырыбы: «Болашақ энергиясы». Оған жүзден аса ел қатысты. Көрме өте үлкен аумақты алып жатыр. Көрмеде қызықты дүниелер көп.
Кестені толтыр.
Көрме қайда өтті?
Көрменің тақырыбы қандай?
Көрмеге қанша ел қатысты?
3.4.2.1* негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз туынды сөз деп аталады. Мысалы: ерлік, татулық, жұмысшы
(Ұ) Табайық.
Қай гүлге қай көбелек қонғанда жаңа сөз жасалатынын анықта.
Қандай сөздер шықты? Осы сөздердің әрқайсысынан қандай сөздер жасау?
(Т) Оқушылар топтастырылып, сызба бойынша өз сөздік қоржындарындағы сөздерді пайдаланып,түбір сөздерден туынды сөздер жасайды. Өзара бағалайды.
Алып тоспа
«Медеу» мұзайдының жоғары жағында алып тоспа тұр. Биіктігі 107 метр. Тоспаның құрылысы 1972 жылы аяқталды. Тоспа 1973 жылы 15 маусымда болған апатты селдің алдын бөгеді. Қазаншұңқырдың үштен екі бөлігі суға толды.
1980 жылы құрылыстың екінші кезегі іске қосылды. Әуелгі бөгет тағы 40 метрге биіктетілді. Бөгет тұлғасының өзі бір тау, етегінде – мұзайдын.
«Медеу» мұзайдыны 1972 жылы салынып бітті. Стадионға 12 жарым мың көрермен сияды. Коньки жарысына бейімделген үш сырғанақ жолы бар. Ені бес метрден. Айналым қашықтығы 400 метр.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 852



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?