👈 қаріп өлшемі 👉

№130 Кейіпкерлерді сипаттаймын Ё әрпі (1 сынып, 6 бөлім )

 №130 Кейіпкерлерді сипаттаймын Ё әрпі (1 сынып, 6 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақ тақырыбы: №130. Кейіпкерлерді сипаттаймын. Ё әрпі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
1.2.9.2 дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ь, ъ таңбалары, ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және дұрыс оқу
1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау
1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру
(ұнайды/ ұнамайды).
1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- мұғалімнің басшылығымен әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру;
- мұғалімнің қолдауымен дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ь, ъ таңбалары, ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және дұрыс оқу;
- дыбыстарды айтып көру арқылы сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау;
- бірнеше рет тыңдаған соң, мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру;
- жазу жолда бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазу;
Оқушылардың көбі:
- әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіре дұрыс оқу;
- дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ь, ъ таңбалары, ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және үлгі негізінде дұрыс оқу;
- сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау;
- талқылау негізінде тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру;
- жазу жолында бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазу;
Оқушылардың кейбірі:
- әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру;
- дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ь, ъ таңбалары, ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және дұрыс оқу;
- сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау;
- тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру және ойын негіздеу;
- жазу жолында бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазу;
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
(Т, Ж) Саралау. «Сұрақтар жаңбыры» әдісі
Мақсаты: Оқушылардың сұрақ қою және сыни ойлау дағдыларын дамыту.
Оқушылар топтарға өз еркімен, қалауымен бөлінеді. Әр топ параққа сұрақтар жазып, бір-біріне лақтырады. Алған сұрақтарына жауап жазып, кері лақтырады. Жауап жазылған парақты қағып алған ойыншы, сол жауаптан сұрақ тудырып, ары қарай лақтырады. Ойын осылай жалғасады.
Ықтимал сұрақтар:
- Алдаркөсе мен Қожанасыр қандай кейіпкерлер?
- Ф дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- Я дыбысын неге қосарлы дыбыс дейміз?
- Қоян сөзіне дыбыстық талдау жаса.
- Ю дыбысы сөздің қай буындарында келеді?
- Мәтін не себепті «Жеңімпаз аю» деп аталған?
- Аюды сипаттап айт.
- Аю не себепті тез жүгірді?
- Ф дыбысынан басталатын қандай сөздерді білеміз?
Сабақ мақсатын хабарлау, бағалау критерийлерін оқушылармен бірге белгілеу.
1.2.9.1, 1.2.9.2, 1.1.9.1 (Ұ, Ж, қ) Жұмбақты шеш.
«Бұл қай әріп?» әдісі
Оқушыларға бейнетаспаны тыңдап, жасырылған жұмбақтың шешуін табады. Оқушылар жұмбақтың шешуі «Ё» екенін айтады.
Мұғалім оқушылармен «Ёё» әрпімен таныстыру жұмыстарын жүзеге асырады.
• «Ё»дыбысының артикуляциясына көңіл бөлу;
• «Ё»дыбысының ауыз қуысында созылып, әндетіп айтылуына назар аударту;
• «Ё»дыбысын хормен қайталату;
• «Ё»дыбысының дауысты дыбыс екенін аңғарту;
• «Ё»дыбысының екі дыбыстың яғни й+о дыбыстарының қосындысынан тұратындығы, ол екі дыбыстың қосарлана айтылуынан жасалғанымен, бір әріппен ғана таңбаланатынына назар аударту;
• «Ё»дыбысының айтылу, жазылу ерекшелігіне ерекше көңіл бөлдірту;
• «Ё» әрпін жазуда орфографиялық нормаларды сақтау;
• «Ё»дыбысы сөздің басында, ортасында келетінін аңғарту;
• «Ё»дыбысы бар сөздерді хормен қайталату;
• Шахтёр, монтёр, шофёр сөздерінің жазылуын есіңе сақта!

Есіңе сақтап ал!
Дескриптор:
- әріпті таниды;
- әріпті дыбыспен сәйкестендіре айтады;
- ё дыбысының қосарлы дыбыс екенін біледі;
- ё дыбысының дауысты дыбыс екенін ажыратады;
1.2.9.1, 1.2.9.2, 1.1.9.1, 1.3.8.1 (МК, Ө) Көркем жазу.
Ё әрпін жазып, үйренейік!
Мұғалім оқушылармен диктор арқылы үнтаспаға жазылған әріп бөліктерін бірге жазуды ұсынады.
• Ё әрпінің элементтерін жазып үйрену;
• Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету;
• Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, жолдың жоғарғы және төменгі сызығына қарап үзбей және біркелкі жазу;
Дескриптор:
- әріп бөліктерін дұрыс салады;
- әріпті танып, ажыратады;
- әріптерді бір-бірімен байланыстырып жазады;
- жазу жолының жоғарғы және төменгі сызығын сақтап
жазады;
Ой сергек!
• Өлеңді түсініп оқы.
• Е мен Ё-ны салыстыр.
• Ё әрпінің жазылу ерекшелігіне мән бер.
1.2.9.1, 1.2.9.2, 1.1.9.1, 1.1.7.1 (Ө, Ж, Т) Оқулықпен жұмыс. «Аквариум» әдісі
Суретке мұқият қара. Онда не бейнеленгенін әңгімелеп айт.
Текшедегі жасырылған сөзді табу. Фуникулёр сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Фуникулёр сөзіне дыбыстық-буындық талдау жасау.
Мысалы:
Фуникулёр сөзінде - 9 әріп, 10 дыбыс бар
Фуникулёр сөзінде – 4 буын, фу- ашық буын, ни- ашық буын, ку- ашық буын, лёр- бітеу буын.
Түсіндірме сөздікпен жұмыс
Фуникулёр - биік төбеге арналған аспажол.
Актёр - белгілі бір рольде ойнайтын адам.
Дирижёр – музыкалық шығармаларды орындайтын топты басқаратын жетекші.
Берілген сөздерді буындап, тұтастай оқу білігін бағалау.
Бағандағы сөздерді оқу.
Оқу түрлері: хормен оқу;
тізбектей оқу;
жеке оқу;
Актёр сөзіне дыбыстық-буындық талдау жасау.
Мысалы:
Актёр сөзінде - 5 әріп, 6 дыбыс бар
Актёр сөзінде –2 буын, ак- тұйық буын, тёр- бітеу буын.

Дирижёр сөзіне дыбыстық-буындық талдау жасау.
Мысалы:
Дирижёр сөзінде - 7 әріп, 8 дыбыс бар
Дирижёр сөзінде –3 буын, ди- ашық буын, ри- ашық буын, жёр- бітеу буын.
Сынып оқушылары «Аквариум» әдісі бойынша екі топқа біріктіріледі. «Фуникулер» мәтінін мұқият тыңдайды.
Оқушылар мәтінді:
• тізбектей оқиды;
• жеке оқиды;
• теріп оқиды;
(Көктөбенің орналасқан жері туралы айтылған тұсты оқу)
Мәтін бойынша сұраққа жауап беретін топ шеңбердің ішінде отырады. Сұрақ қоятын топ оларды қоршап, сыртында тұрады. Ол үшін алдымен бірінші топ мәтін мазмұны бойынша сұрақтарды екінші топқа қояды. Екінші топ сұрақтарға жауап қайтарады. Екінші топ оқушылары бірінші топтың қойған сұрақтарына жүйелі, толық жауап береді. Мұғалім оқушылардың іс-әрекетін бақылап, бағыт беріп тұрады.
Ықтимал сұрақтар:
- Көктөбе қайда орналасқан?
- Көктөбеге қалай көтеріледі?
- «Фуникулер» деген не?
- «Саған мәтін ұнады ма? Неліктен?
- Әсіресе саған не ұнады немесе ұнамады?
Осылайша топ оқушылары өз ойын білдіріп, пікірлерін айтады, дәлелдеулер жасайды.
Дескриптор:
- әріпті таниды, ажырата біледі;
- әріптерді дұрыс дыбыстайды;
- сөздерді дұрыс оқиды;
- мәтінді түсініп оқиды;
- мәтін бойынша сұрақтар қояды;
- сұрақтарға жауап береді;
- мәтінге өзіндік пікірлерін білдіреді;
Сергіту сәті.
«Шіркін-ай» өлеңін қимылмен көрсете отырып, айтады.
Шіркін-ай күйші болсам
Бал тамған бармағынан!
Шіркін-ай биші болсам
Шығып бір арманымнан
Шіркін ай әнші болсам
Кәдімгі күміс таңдай
Шіркін ай батыр болсам
Айбаты арыстандай.
1.2.9.1, 1.2.9.2, 1.1.9.1, 1.3.8.1 (Ж, Ж) «Ойлан, тап!» әдісі. Шығармашылық тапсырма. Саралау:
Мақсаты: Өз ойларын еркін жеткізе алуға жағдай жасау
• Суреттерге зер салып қара.
• Олардың атауын жаз.
• Шағын мәтін құра.
• Ойыңмен бөліс!
1-топ: Монтёр мамандығына байланысты әңгімелеу.
- Оның жұмысының ерекшелігі туралы айту;
- Монтер мамандығына байланысты әңгіме құрастыру;
2-топ: Шахтёр мамандығына байланысты әңгімелеу.
- Оның жұмысының ерекшелігі туралы айту;
- Шахтёр мамандығына байланысты әңгіме құрастыру;
3-топ: Шофёр мамандығына байланысты әңгімелеу.
- Оның жұмысының ерекшелігі туралы айту;
- Шофёр мамандығына байланысты әңгіме құрастыру
Дескриптор:
- әріптерді дұрыс дыбыстайды;
- ё дыбысы бар сөздерді қатыстырып сөйлем, мәтін құрайды;
- сөйлемдерді дұрыс оқиды;
- мәтінді қатесіз, көшіріп жазады;
- әріптерді калиграфиялық талапқа сай жазады;.....

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Қазақстанда қайырымдылық саласындағы тұлғаларға арнайы атақ беріледі 17.06.2022
» “Қорықпай Солтүстік өңірге көшуге шақырамын”: Солтүстіктен пәтер алған отбасылар алғысын білдірді 12.06.2022
» МӘМС бойынша жеңілдікке ие 15 санаттың тізімі белгілі болды 12.06.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы