Ғылым әлемін ашамыз (7 сынып, IV тоқсан, 2 бөлім )
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары.
Сабақтың тақырыбы: Ғылым әлемін ашамыз
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т2.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау.
Ж5. Орфография және пунктуация
7.Ж5. Тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (күрделі сөздер), оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.
Сабақтың мақсаттары: Назарын шоғырландырып тыңдату арқылы ақпаратқа талдау жасату;
Дұрыс жазу сауаттылығын дамыту.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу;
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Оқушылардың соңғы ғылымдағы жаңалықтардан не білетіні жайында ой бөлісеміз.
Ғылыми жоба байқауларына қатысушыларды анықтаймыз (сыныптағы)
Сабақ тақырыбы мен бағалау критерийлерімен таныстырамыз.
1-тапсырма. Тыңдалымалды тапсырма. Оқушыларға төмендегі сұрақтарды беріп, білетін білімдерімен пікірлерін біліп аламыз.
- Домбыра қандай аспап?
- Домбыраның дыбысы қандай?
- Қандай күйшілерді білесіңдер?
-Қазір ғылымда домбыра қандай зерттеуді қажет етеді деп ойлайсыздар?
2-тапсырма. Тыңдалым тапсырмасы. Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысының ғылыми жобасының өзектілігіне төмендегі кесте бойынша талдау жасаңыз.
Тыңдалым бойынша тапсырма Тыңдалым бойынша талдауың керек Менің пікірім:
(баға не оған өзіндік көзқарасың)
Рахимнің зерттеу тақырыбы қандай?
Рахимнің зерттеу мақсаты не?
Рахимнің зерттеу жаңалығы неде деп ойлайсың?
Рахимнің зертеуінің дербестік дәрежесі
Қорытынды түйіні қандай?
Ұсынысы не болды?
Дескрипторлар:
- Кестемен тыңдалымды талдай алады;
- Ақпарат өзектілігін анықтайды.
- Тыңдау арқылы жүйелі ой қорытындысын шығарады.
3-тапсырма. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. (Жұптық жұмыс) Өзің Рахиммен кездесіп қалдың. Оған қандай сұрақтар қояр едің? Жұбыңмен диалог құрастырып жаз.
Ескерту: сұрақ ішінде күрделі сөз және оқшау сөздер болуы міндетті. Оқшау сөздердің тыныс белгісін дұрыс қолдану үшін мұғалім берген қосымша ақпаратпен танысып, басшылыққа ал.
Дескриптор:
- Диалогтық қарым-қатынасқа түсе алады;
- Күрделі сөздерді және оқшау сөздерді қолдана алады;
- Оқшау сөзге байланысты қойылатын тыныс белгілерді ажырата алады.
Қосымша дерек:
Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді күрделі сөз дейді. Мысалы, әке - шеше, ауыл -аймақ, ашудас, Қостұра, боз торғай, қара торы, он үш сияқты сөздер күрделі болып табылады. Себебі бұлар кемінде екі түбірден құралған: әке-шеше (әке және шеше), ауыл - аймақ (ауыл және аймақ), ашудас (ашу немесе ащы және тас), бозторғай (боз және торғай), қара торы (қара және торы), он үш (он және үш), Қостұра (қос-екі, тұра-тау). Күрделі сөздер жасалу жолына қарай төрт түрлі болады: біріккен сөздер (бүгін, жаздыгүні), қос сөздер(үлкен - кіші, аяқ-табақ), қысқарған сөздер (АҚШ,БҰҰ), тіркесті сөздер (шұбар ат, қара көк, жүз бес). Сөйтіп күрделі сөздер, бір жағынан, сөз тудырудың (сөзжасамның) белгілі жолдары (біріктіру, қосарлау, тіркестіру) арқылы жасалған жаңа сөздер болса, екінші жағынан, күрделі түбір, яғни түбірдің өзінше бір түрі болып табылады
Оқшау сөздер қызметіне қарай үш түрге бөлінеді: 1) қаратпа сөздер; 2) қыстырма сөздер; 3) одағай сөздер.
Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөздер қаратпа сөздер деп аталады. Көркем әдебиетте, әсіресе, поэзиялық шығармаларда қаратпа сөз жансыз заттарға қаратылып та айтыла береді.
Қаратпа сөз сөйлем ішіндегі басқа сөздерден үтір арқылы ажыратылады. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады. Мысалы, Балалар, бұл жол басы даналыққа. Аягөз, қайда барасың? Туған жер, тауыңда туып, тасыңда өстім!
Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе, екі жағынан үтір қойылады. Мысалы, Атқа қонайық, жігіттер, аттанатын да уақыт болыпты.
Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келсе, алдынан үтір қойылады. Мысалы, Түнде жыламас болар, қарағым.
Қаратпа сөз сөйлем басында келіп, көтеріңкі дауыспен айтылса, одан кейін леп белгісі қойылады. Мысалы, Шығыс ұлы! Өткен жылы бастан кешірген ауыр күндерді есіңе алшы.
Көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылған қаратпа сөз сөйлем соңында келсе, одан кейін леп белгісі қойылады. Мысалы, Сонау туған өлкең Арқаны есіңе түсірші, Шығыс ұлы!
Сөйлеушінің түрлі көзқарасына байланысты қолданылатын сөздер не сөз тіркестері қыстырма сөздер деп аталады. Қыстырма сөздер мағынасына қарай төмендегідей топталады:
1. Сөйлемдегі ойға сендіру мақсатындағы қыстырма сөздер: әрине, әлбетте, рас, шынында, шынын айту керек, жасыратыны жоқ, турасын айтқанда, әділіне келгенде, т.б.
2. Сөйлемдегі ойға күмән келтіру мағынасындағы қыстырма сөздер: сірә, мүмкін, шамасы, меніңше, қалай екені белгісіз, т.б.
3. Алдыңғы айтылған ойға қорытынды жасау мақсатындағы қыстырма сөздер: қысқасы, тоқ етері, демек, түйіп айтқанда, сайып келгенде, жалпы алғанда, т.б.
4. Көңіл күйге байланысты қыстырма сөздер: бәсе, бақытымызға қарай, амал не, өкінішке орай, сәті түсіп, т.б.
5. Ойды санамалап айту үшін қолданылатын қыстырма сөздер: ең алдымен, екінші жағынан, біріншіден, т.б.
Қыстырма сөздің тыныс белгісі – үтір. Қыстырма сөз:
- сөйлем басында келсе, одан кейін;
- сөйлем ортасында келсе, екі жағынан;
- сөйлем соңында келсе, алдынан
үтір қойылады.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?