М.Қабанбай Бауыр әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 5 сынып, дидактикалық материал.


Топқа бөлу. Оқушылар тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлінеді.

1-топ.

Ағайының бай болса,Асағаның май болар.

2-топ.

Алыстағы ағайыннан,Алдыңдағы көрші артық.

3-топ.

Ағайын бірде араз, бірде тату.

4-топ.

Атың жақсы болса — қанатың,Ағайын жақсы болса — санатың.

1-топ.

Марат Қабанбай – балалар жазушысы, публицист. Ол 1948 жылы 22 наурызда Зайсан ауданыШығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданындағы Қараүңгір ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін құрылыста бір жылдай жұмыс істеп, содан соң аудандық газетке жұмысқа орналасқан. 1975 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіргеннен кейін «Лениншіл жас» газетінде, «Жалын» баспасында, Қазақ ССР баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетте қызмет істеді. 1966-1968 жылдары аудандық «Достық» газетінде корректор, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1987-1994 жылдары шығармашылық жұмыста, 1995-1997 жылдары «Ана тілі» газеті редакторының орынбасары, 1999 жылдан өмірінің соңына дейін «Солдат» газетінің бас редакторы болды.

Әр жылдары балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармалардың республикалық жабық бәйгесінде жүлделі орындарды жеңіп алған. Жазушы Марат Қабанбаев бірнеше кітаптың авторы. Солардың ішінде сәтті шыққан туындыларының бірі — «Айшылық алыс жол» атты романы.

2-топ.

Мараттың өзінің талантты, қалыптасқан қаламгер екенін дәлелдеген шығармасы «Пысық болдым, мінеки» повесі. Бұл бүгінгі балалар өмірін бейнелеген повесть. Басты кейіпкері — Досан деген ойлы оқушы, зерделі жеткіншек. Әсіресе оның туған жердің әр түйір топырағынан қасиет іздеп, әр тал шөбіне үңіле жүруін, Аққұм суының шипалық қасиетін ашуын азаматтық десек де жарасады. Повесть балалар өмірін, балалар арасындағы қақтығыстарды суреттесе де, мұндағы негізгі өзекті мәселе — туған жерге деген махаббат. Негізгі тақырыбы — Досанның жеріне, еліне деген ыстық сезімі. Повесть аяқталғанда аппақ топырағы бар, шаңды, шөлді, шипалы суы бар Аққұм ауылын қимайсың. Жігіттерді жігерлі, қыздарды қызыл шырайлы еткен туған жердің қадірін біле түсесің.

3-топ.

Шығармаларының дені балалар мен жасөспірімдерге арналған. Негізгі тақырыбы: заман келбеті, жастардың өмір-тіршілігі; идеясы: адамды сүю. «Бақбақ басы толған күн» (1975), «Арыстан, мен, виоленчель және қасапхана» (1977), «Жиһанкез Тити» (1982), «Пысық болдым, мінеки» (1983), «Қала мен қыз бала» (1984), «Қазақ, қайда барасың?» (1995), «Сурет салғым келмейді» (1995) атты повестер мен әңгімелер топтамалары, «Көркем дәм» (1977), «Айшылық алыс жол» (1987) романдары жарық көрді. Шығармалары орыс тілінде «Арыстан, я, виоленчель» (1980, М.,), «Вот он я — бывалый» (1986, М.,), «Горький вкус» (1989), «Эхо» (1991) деген атпен басылып шықты. Жекелеген туындылары украин, молдован, латын, неміс тілдеріне аударылған.

4-топ.

Жалпы Марат, дүниеге бала көзімен қарай білетін, сезіне білетін жазушы. Оның балаларға арналған шығармалары «Бақбақ басы толған күн», «Арыстан, мен, виолончель және қасапхана» повестері. «Бақбақ басы толған күн» повесінің бас кейіпкері — оқушы Заманбек. Өзі ақын, өзі өлең жазады. Мінезі де қызық, ойлағаны да күлкілі. Мұны повестегі он үш жасар баланың қызық қылығы мен қиял қуа жасаған іс-әрекетінен, көреміз. Мысалы, әкесінің томырық мінезін ұнатпауы жайында : «Жуықта Пионер газетіне «Мектебім» атты өлеңім жарияланғанда бетіме ежірейіп қарап отырып, «Ой-ит!»-деген. Басымнан да сипамады. Көкем сондай адам. Тентектік жасасам бишікпен тартып жіберуден тайынбайды, өлеңім шықса мәнерлеп тұрып ит дейді. Бала әкесі Сауытбекті мейірімнен тысқары, суық жан деп есептейді. Оның пікірі әділетті ме, мұны шығарманы оқи отырып оқырман өзі саралайды.

М.Қабанбаевтың бұл шығармалары «Философиялық ойларымен» ерекшеленеді, сонымен қымбат та. Өзгеге ұқсамауға тырысушылық, өмір шындығын өзінше бейнелеуге, соны соқпақ салуға құштарлық Маратқа, оның творчествосына ғана тән қасиет.

Көркемдегіш құралдар

Теңеу - затты, нәрсені, құбылысты немесе заттың, нәрсенің, құбылыстың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым. Теңеу -дай, -дей, -тай, -тей, -дайын, -дейін, -тайын, -тейін, -ша, -ше жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Асқар таудай, дардай.

Әсірелеу, гипербола (грек, hyperbole - күшейту) - әдебиеттегі көркемдеу тәсілдерінің бірі, әр түрлі құбылыстарды немесе белгілі бір нәрсені шамадан тыс асыра суреттеу тәсілі. Мысалы, «Аққан жасы сел болған, Етегі толып, көл болған...»

Алмастыру (метонимия) деп бір-бірімен өзара, іштен байланысты екі құбылыстың, бұйымның, нәрсенің атын бірінің орнына бірін ауыстырып қойып жұмсауды айтамыз. Бұл орайда Абай алмастырудың сан қилы, алуан түрлі үлгілерін тауып, шеберлікпен пайдаланған.

Мыс.

«Күшік асырап, ит еттім,

Ол балтырымды қанатты.

«Біреуге мылтық үйреттім,

Ол мерген болды, мені атты».

[attachment=27256:5-synyp_aza-debieti_m_abanbaj-bauyr-gimesi_didaktikaly-materialdar.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу