Расул Гамзатов “Менің Дағыстаным” әңгімесі


2 жоғары сатылы орта мектеп

Пәні: Әдебиет

Тақырыбы: Расул Гамзатов

Менің Дағыстаным” әңгімесі

Сыныбы: 8 “б”

Пән мұғалімі: Темірова Эльмира

2007-2008 оқу жылы

Мақсатым:

Білімділік:

«Менің Дағыстаным» әңгімесінің мазмұны мен идеясын ұғындыру, әңгіме арқылы білім мен тәрбиені ұштастыру.

Тәрбиелік:

Отанды сүюге, адамгершілікке, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық:

Оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өлең шығару арқылы тілін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,сөздікпен жұмыс, концептуалдық кесте, БҮҮ стратегиясы, ойын, сауалнама.

Жұмыс түрі: Интерактивті тақтамен жұмыс

Пәнаралық байланыс: Әлем әдебиеті, география, қазақ тілі

Көрнекілігі: Слайд арқылы ақынның суреттері, бүктеме, карта, кітаптар

Сабақтың жүрісі:

Ұйымдастыру

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ

Сөздікпен жұмыс

Кітаппен жұмыс (сұрақ - жауап)

Шығармашылық жұмыс ( өлең шығару, концептуалдық кесте)

Сабақты қорытындылау (БҮҮ, тест)

Үйге тапсырма

Бағалау

1. Ұйымдастыру

А) Сәлемдесу

Ә) Түгелдеу

2. Үй тапсырмасын тексеру

А) Расул Гамзатовтың өмірі мен шығармашылығы

Ә) “Ана тілі” өлеңін жаттау

Б) Өз ана тілің туралы қандай өлеңдер білесің?

Расул Гамзатов

«Менің Дағыстаным»

Дағыстан елі Ресей Федерациясының құрамына кіретін автономиялық мемлекет. Ол Солтүстік Кавказда орналасқан. Астанасы - Махачкала. Территориясы Ресей Федерациясының 3,5 % алып жатыр. Дағыстанда 102 ұлт бар. Олар: лезгин, ноғай, орыс, украин, еврей, авар т.б. Ұлттардың ішінде ең көбі – аварлар. Онда 577 мың авар тұрады. Аварлар Дағыстан халқының 27 % құрайды.

4. Сөздікпен жұмыс

Революция – көтеріліс, төңкеріс

Авар – Дағыстанда тұратын халық

Париж – Францияның астанасы

5. Кітаппен жұмыс

А) Италияда қалып қойған суретші жігіттің картинасында қандай аңыз бейнеленген?

Ә) Суретші еліне неге қайтқысы келмейді?

Б) Суретшінің шешесі Расул Гамзатовтан не сұрады?

6. Шығармашылық жұмыс

Тіл, Отан туралы өлең шығару

сақтаймыз

ақтаймыз

мадақтап

жаттаймыз

Қазақ тілін құрметтеп біз сақтаймыз,

Ана сүтін өмір бойы ақтаймыз.

Туған жердің топырағын мадақтап,

Ақындардың өлеңін біз жаттаймыз.

(Кемелханова Жазгүл)

Туған тілім,ана тілім,бал тілім,

Ана тілін құрметтейді қазағым.

Тілімді мен сүйемін жүрегіммен,

Тіл жолында жанымды беремін мен.

(Маханова Ақбаян)

Менің тілім – асыл тіл сөз жетпейтін,

Қастерлеп оны әр кез құрметтеймін.

Биігіне жете алмас бұл тілімнің

Ішіндегі мықтысы бар әлемнің.

(Сисенбаева Жанаргүл)

Бар дәстүрін еліміздің сақтаймыз,

Анамыздың ақ сүтін біз ақтаймыз

Дүниенің әсемдігін мадақтап,

Еліміздің дәстүрлерін жаттаймыз.

(Сағынова Іңкәр)

7. “Кім? Қайда? Қашан?” ойыны

Шығармадан үзінділер келтіремін, қай

кейіпкердің қашан,қайда айтқанын

айтасыңдар.

Сен қателестің, Расул, менің ұлым баяғыда өліп қалған.

Бұл аварлардың көне аңызы бойынша салынған сурет.

Сендер аварша сөйлестіңдер ғой? – деп сұрады менен”

Кеш қой.Енді еліме тек қаудыраған сүйегімді қайтаруға хақым бар ма менің?”

Геологияның болашағы деген керемет қой”

- Келсейші,ей, жаман неме. Өзі қазақша білетін бе еді?”

- Ештеңенің керегі жоқ, нан тауып бер”

Айналайын, туған жер, сені де көретін күн болады екен – ау! –деп тұншыға күбірлейді ”

8. Концептуалдық кесте

9. Сауалнама

1. Расул Гамзатов қай жылы дүниеге келді?

А) 1924 ж Ә) 1925 ж Б) 1923 ж

2. Р.Гамзатов училищені бітірген соң, қандай қызмет атқарды?

А) Мұғалім Ә) Журналист Б) Публицист

3. Өмірбаяндық прозалық шығармасын көрсет.

А) “Тау қызы” Ә) “Менің Дағыстаным” Б) “Қонақ”

4. Қай кітабы үшін Лениндік сыйлық алған?

А) “Биік жұлдыздар” Ә) “Мен туған жыл” Б) “Тырналар”

5. Суретші қай ұлттың қызына үйленеді?

А) Француз Ә) Итальян Б) Неміс

6. Авар киімін киген итальян қызы бейнеленген суреттің аты.

А) “Елді аңсау” Ә) “Тұман” Б) “Елім”

7. Аварлардың көне аңызы бойынша салынған суреттің кейіпкері

А) Қыз Ә) Ит Б) Құс

8. Париж қай елдің астанасы?

А) Франция Ә) Италия Б) Дағыстан

9. Расул мен суретші қай тілде сөйлесті?

А) Авар Ә) Орыс Б) Тілмаш арқылы орыс және француз

10. “Менің Дағыстаным” шығармасын қазақ тіліне аударған кім?

А) Қуандық Шаңғытбаев

Ә) Кенжеболат Шалабаев

Б) Сағи Жиенбаев

Дұрыс жауаптары:

1 Б 6 А

2 А 7 Б

3 Ә 8 А

4 А 9 Б

5 Ә 10 Ә

Бағалау нормасы

5” - 10

4” – 8 – 9

3” - 4 – 7

2” – 0 - 3

Сауалнама қорытындысы

5” – 6 оқушы

4” – 11 оқушы

10. Қорытындылау

БҮҮ стратегиясы

11. Үйге тапсырма

Ана тілім - айбыным” шығарма жазу.

Бағалау

5” – 4 оқушы

4” – 9 оқушы

Сапа – 76 %



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу