Құқықты жүзеге асыру
Құқықты жүзеге асыру
Нысандардың өмірге келу себептері:
а)Қоғамдағы қатынастардың мазмұны әр түрлі болуы;
б)Нормативтік актілердің адамға әр түрлі әсер етуі;
в)Норманың ерекше мазмұнының әсері;
г)Құқықты іске асырудағы субьектілердің құқықтық тәртібінің әр түрлі деңгейде болуы;
Құқық нормаларды іске асырудың ерекшеліктері
- құқықтың әлеуметтік мазмұнына сәйкес қоғамның даму процесін дұрыс реттеп, дұрыс басқаруға мүмкіншілігінің барлығы.
- нормативтік актілерде көрсетілген іс-әрекеттерді дұрыс, уақытында орындауды қамтамасыз ету механизмінің барлығы.
Құқықтық нормаларды іске асыру түрлері:
Біріншіден, норманың мазмұнына қарай құқық нормаларын орындау үшке бөлінеді:
- норманың мүдде – мақсатын орындау;
- жалпы міндет – қағидаларын орындау;
- нақты құқықтық қатынастағы нақты норманы орындау;
Екіншіден, норманы іске асырудағы қатынастың субьектілеріне сәйкес жекелік және топтық субьектілердің өз құқығын іске асыру;
Үшіншіден, нормативтік актілер ерікті түрде орындалмаса, қоғамдық мүдде- мақсат үшін еріксіз асыру;
Төртіншіден, құқықтық нормаларды іске асыруда саяси және идеологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану, құқықтық нормалардың басым көпшілігі құқықтық қатынастар арқылы реттеліп жатады.
Құқықты іске асырудың әдіс-тәсілдері:
- нормативтік актілердің басым көпшілігінің ерікті түрде орындалуы;
- мемлекеттік актілердің аппараттың бақылауы арқылы орындалуы;
- үгіт насихат арқылы нормалардың іске асуы;
- рухани сана-сезім көтеру арқылы нормалардың орындалуын жақсарту;
Субьектілердің норманы іс-жүзіне асыру төрт түрге бөлінеді:
Сақтау
Орындау
Пайдалану
Қолдану
Қолдану – құзыретті органдардың нақты бір заңды істі шешуге байланысты биліктің қызметі, нәтижесінде сәйкес жеке акт қабылданады.
Заңды қарама-қайшылық түрлері:
Конституция мен басқа барлық актілер арасындағы: басымдылық Конституцияға беріледі;
Заңдармен мен заңға сәйкес актілер арасындағы: заңдарға басымдылық беріледі;
Бір органның актілері арасындағы: уақыты бойынша кейін қабылданған актіге басымдық беріледі;
Әр түрлі органдар қабылдаған актілер арасындағы: жоғарғы тұрған органның актісіне басымдылық беріледі;
Құқықтағы олқылықтыр – бұл қолданыстағы заңнамада қажетті заң нормаларының толығымен немесе жартылай болмауы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?