Қазақстан Республикасының Кеден органдары


Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасы

СРС

Тақырыбы:ҚР Кеден органдары

Орындаған:Абдрахманов Ж.Ш.

Тексерген:Өтебаев Д.С.

Қарағанды 2010ж

Жоспары

Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызметі кеден органдарының қызметі туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызметі кеден органдарының қызметі туралы ақпарат

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының кеден органдары заңнамалық және нормативтік базаны нығайтуға, кедендік бақылауды жетілдіруге, осы күнгі ақпараттық технологияларды енгізуге және кедендік инфрақұрылымды дамытуға бастапқы назар аударып отыр.

2003 жылғы 1 мамырдан бастап құқықтық нормаларды біріктіруге және жүйелендіруге, халықаралық кеден кеңістігіне ықпалдасу мақсатында кеден рәсімдерін үйлестіруге және оңайлатуға мүмкіндік берген Кеден кодексі қолданысқа енгізілді. Оны дамыту үшін Үкіметтің 11 қаулысы, 38 ведомстволық және басқа министрліктермен бірлескен нормативтік құқықтық кесімдер қабылданды.

Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасының кеден қызметін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді.

2004 жылдың басынан бастап республиканың сыртқы сауда статистикасы дербес жүргізіледі және кеден шекарасында радиациялық бақылау жүзеге асырылады.

Кеден рәсімдерін оңайлату, олардың ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдануда. Барлық аумақтық бөлімшелерде ресімдеудің бүкіл кезеңінде жүк кедендік декларациялардың (ЖКД) қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін көзбен көріп қадағалау мониторларымен жарақтандырылған кедендік ресімдеу орталықтары құрылды.

Алдын ала және кезеңдік декларациялау жүзеге асырылады, бұл - жүктердің кеден шекарасы арқылы өту уақытын қысқартады, сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушылар үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасайды.

Ең адал кәсіпкерлерге сертификаттар берілді, бұл оларға «жасыл дәлізді» пайдалануға құқық береді.

Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды, Шымкент қалаларының әуежайларында кедендік тексеру маңызды емес уақыт ішінде жаңа технологиялық схема бойынша жүргізіледі.

2003 жылдың соңында елдің кеден қызметінің Ақпараттық бекеті ашылды.

Бірқатар шет елдердің жаңа ақпараттық технологияларды енгізу жөніндегі тәжірибесі зерделенді және осының негізінде «КTNET», «Самсунг» компанияларымен және біздің республика мамандарының қатысуымен «электронды Үкіметтің» құрамдас бөлігі ретінде «электронды кеден» құру бағдарламасы әзірленді. Оны іске асыру СЭҚ-қа қатысушыларға қызмет көрсету уақытын қысқартады, «адам факторының» әсерін азайтады.

Ең жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологиялар қолданысқа енгізілді: тауарлардың жеткізілуін бақылаудың автоматтандырылған жүйесі (ТЖБАЖ), контейнерлік сканерлеу кешені ("TC-SCAN"), автоматтандырылған жеке адамдарды тіркеу пункті (кеден дүңгіршегі), "Янтарь" радиоактивті материалдарды стационарлық анықтау жүйесі, "Web-декларант" электронды декларациялау кешені, олар сыртқы сауда рәсімдерді жеделдетуге және айқындылығын қамтамасыз етуге, кедендік бақылаудың тиімділігін жоғарылатуға ықпал етеді.

Шекарадағы бақылаушы органдармен және СЭҚ-қа қатысушылармен өзара іс-қимыл күшейтілуде. ҚР мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде бірыңғай бақылау-өткізу пункттері құрылуда, бұл жерде барлық бақылаушы органдардың өкілдері орналасқан, олардың өзара іс-қимыл және «бір аялдама» қағидасы бойынша өздерінің бақылаушы функцияларын жүзеге асыру тәртібі айқындалған.

. Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1-бап. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 7-8, 40-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; 2005 ж., № 11, 43-құжат; № 21-22, 86-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 144-құжат; № 23, 173-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; 2009 ж., № 17, 80, 81-құжаттар; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) бүкіл мәтін бойынша «контрафактылы тауарлар», «контрафактылы болып табылатын», «контрафактылы тауарларды», «контрафактылы тауарды», «контрафактылы емес», «контрафактылы болып табылады», «контрафактылы», «тауарлар контрафактылы», «тауарлар контрафактылы деп танылмаған», «тауарлардың контрафактылық», «контрафактылық», «тауарлардың контрафактылығы», «Контрафактылы тауарды» деген сөздер «зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарларды», «зияткерлік меншік құқығы бұзылған», «тауарлардың зияткерлік меншік құқығы бұзылмаған», «тауарлардың

4) 308-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Кедендiк құнды айқындау әдістерін қолдану ерекшеліктерін уәкілетті орган айқындайды.».

5) 309-баптың 5-тармағында:

2) тармақша алып тасталсын;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) сату немесе мәміленің бағасы әсер етуін есептеп шығару мүмкін емес жағдайлардың сақталуымен байланысты болса;»;

6) 310-бапта:

5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) әкету үшін сатылса және бағаланатын тауарлармен бір немесе соған сәйкес уақыт кезеңінде әкелінсе немесе бағаланатын тауарлар әкелінгенге дейін күнтізбелік тоқсан күннен ерте әкелінбесе;»;

6-тармақ «өзге мөлшерде және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;

7) 311-бапта:

4-2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) әкету үшін сатылса және бағаланатын тауарлармен бір немесе соған сәйкес уақыт кезеңінде әкелінсе немесе бағаланатын тауарлар әкелінгенге дейін тоқсан күнтізбелік күннен ерте әкелінбесе;»;

4-3-тармақта «өзге мөлшерде және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;

8) 312-бапта:

1 және 2-тармақтардағы «бағаланатын бірдей» деген сөздер «бағаланатын (әкелінетін) немесе бірдей» деген сөздермен ауыстырылсын;

7-тармақ алып тасталсын;

9) 313 және 314-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

зияткерлік меншік құқығы бұзылған», «зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарды», «тауарлардың зияткерлік меншік құқығы бұзылғандық», «Зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарды» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 19-бап мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

«9-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретінің шегінде зияткерлік меншік құқықтарын қорғау;»;

3) 306-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Әкетілетін тауардың мәлімделген кедендік құнын растайтын мәліметтер болмаған жағдайда, мұндай тауардың кедендік құнын кеден органдары бірдей немесе біртектес тауарлар бойынша қолда бар

мәліметтердің негізінде не тәуелсіз сараптама нәтижелерінің негізінде айқындайды.»;

7) 311-бапта:

4-2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) әкету үшін сатылса және бағаланатын тауарлармен бір немесе соған сәйкес уақыт кезеңінде әкелінсе немесе бағаланатын тауарлар әкелінгенге дейін тоқсан күнтізбелік күннен ерте әкелінбесе;»;

4-3-тармақта «өзге мөлшерде және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;

8) 312-бапта:

1 және 2-тармақтардағы «бағаланатын бірдей» деген сөздер «бағаланатын (әкелінетін) немесе бірдей» деген сөздермен ауыстырылсын;

7-тармақ алып тасталсын;

9) 313 және 314-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

12) 411-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«411-бап. Кеден органдарының зияткерлік меншiк

объектiлерiне құқықтарды қорғауы

Кеден органдары өз құзыреті шегінде мынадай зияткерлік меншік объектілерін:

1) авторлық және аралас құқықтар объектілерін;

2) тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін қорғау жөнінде шаралар қабылдайды.

Кеден органдары зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөнінде осы бапта көзделмеген шараларды қолданбайды.»;

13) 413-бапта:

3-тармақтың 3) тармақшасындағы «ақпарат» деген сөз «ақпарат, оның ішінде электронды нысандағы ақпарат» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақта:

бірінші бөлігіндегі «(патент, куәлік, лицензиялық шарт немесе өзге де құжаттар)» деген сөздер «(куәлік, лицензиялық шарт)» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөлік «үлгілері» деген сөзден кейін «, оның ішінде электронды нысандағы үлгілері» деген сөздермен толықтырылсын;

14) 416-баптың 2-тармағы «қабылдайды» деген сөзден кейін «және тиісті бұйрықпен ресімделеді» деген сөздермен толықтырылсын;

2-бап. Осы Заң, осы Заңның 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 15) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. НАЗАРБАЕВ

Пайдаланылңан әдебиеттер тізімі:

Құқық негіздері Қ.И.Оспанов Алматы 2006

Салыстырмалы құқық негіздері Табанов С.А Алиаты 2003

Қазақстан Республикасының құқық негіздері Ашитов З.О және Ашитов Б.З.Алматы 2003

Интернет материалдары:Geoogle/ҚР Кеден органдары/ru

Назар аударғандарыңызға рахмет!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу