👈 қаріп өлшемі 👉

Бағалы қағаздар нарығының жалпы сипаттамасы және құрылымы


Бағалы қағаздар нарығының жалпы сипаттамасы және құрылымы

Мұқанова Айтолқын

ФК-31

Сипаттама

Қаржылық нарығының айрықша бөлігі, олбағалы қағаздар нарығы. Ал қаржылық инвестициямен осы бағалы қағаздар нарығы тікелей байланысты. Бүгінгі күні елімізде көптеген акционерлік қоғамдар,  сақтандыру компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қоры, сонымен қатар басқы кәсіпорындар мен ұйымдар тіркелген. Осы жоғарыда аталған кәсіпорындар мен ұйымдардың барлығыда еліміздегі бағалы қағаздар нарығының потенцианалды қатысушылар қатарына жатқызылады.

Іс жүзінде акция, облигация және басқада бағалы қағаздарын шығару арқылы капиталды таратуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп аталады және сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің (сатып алушылардың) алдында белгілі бір жағдайда борышты (міндетті) болып табылады.

Эмитенттің кім болғанына байланысты бағалы қағаздар төмендегідей үш түрге бөлінеді:

Мемлекеттік бағалы қағаздар

бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының заң актілеріне мемлекеттік  сыртқы және ішкі қарыздарын қайтару мақсатында шығарылған.

Муниципалдық бағалы қағаздар

бұл бағалы қағаздардың мұндай түрі жергілікті бюджеттен эмиссияланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен шығарылады. Бағалы қағаздардың бұл түрін  шығарудағы басты мақсат құрылыс, яғни ауруханалар салу үшін, бала бақшалар мен мектептер, тұрғын үйлер, жолдардың жағдайын жақсарту және тағы басқада аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешу болып табылады.

Корпоративтік бағалы қағаздар

кәсіпорындар мен ұйымдардың заң күшіне сүйене отырып, өзінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін шығарылатын бағалы қағаздарды корпоративтік бағалы қағаздар деп атайды.

Бағалы қағаздарды жалпы мынадай екі топқа бөлуге болады

Ақшалай бағалы қағаздар ақшаны қарызға алғандығын білдіреді. Бағалы қағаздардың бұл түріне вексельдерді, депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады. Жалпы ақшалай бағалы қағаздардан табыс бір рет қана алынады.

Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорындар мен ұйымдардың қорын (капиталын) құру немесе оны ұлғайтуға байланысты шығарылады. Акция мен облигация осы аталған бағалы қағаздардың түріне жатқызылады.

Атқаратын қызметіне және рөліне байланысты бағалы қағаздар мынадай үш топқа бөлінеді:

Акция дегеніміз

кәсіпорындар мен ұйымдардың қандайда бір акционерлік қоғамды дамыту үшін  қаржы салғандығын куәландыратын және иесіне акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігін дивидент түрінде (табыс ретінде) алуға құқық беретін бағалы қағаз болып табылады. Акциялар айналым  мерзімі белгіленбей-ақ шығарыла береді.

Кәсіпорындар мен ұйымдарды басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар мынадай түрлерге бөлінеді:

Облигация

оның иесінің ақша салғандығын куәландыратын және оған көрсетілген мерзім ішінде осы бағалы қағаздың атауы (номиналды) құнына белгіленген пайызды (процентті) төлей отырып, өтеу міндеттемесін мақұлдайтын бағалы қағаз болып табылады. Облигациялар сияқты кісіпорын үшін инвестицияның маңызды көзі болып табылады.

Бұрын бағалы қағаздар тек қана көрнекті қағаз үлгіде болған және арнайы қағаз бланкілерінде баспа түрінде басылған. Соңғы уақытга бағалы қағаздардың айналымы айтарлықтай көбеюіне байланысты олардың көбісі есеп кітабында жазу түріңде, сондай-ақ ақпараттың әр түрлі сақтаушыларында (оның ішінде дискеталарда) жасала бастады, яғни табиғи көрнекті емес (қағазсыз) үлгіге көшті.

Қорытынды

Қазақстан   Республикасының   қаржы   нарығының бөлінбейтін бөлімдес құрылымының бірі бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Осы күні Республикада көптеген акционерлік қоғамдар, шаруашылық серіктестіктер инвестициялық және сақтандыру компаниялары, мемлекеттік  емес   зейнетақы  қорлары  құрылуда.   Бұл алған   субъектілердің   барлығы   потенциалды   бағалы қағаздар нарығының қатысушылары болып табылады. Сондықтан олар өз қызметтерін эмитент және инвестор түрінде   жүзеге   асырады.

Бағалы қағаздар каржылардың ең тәуекелділігі жоғары салымдарының бірі болып табылады. ҚР-дағы бухгалтерлік есеп пен есеп беру туралы Ережелердегі өзгертулері мен қосымшаларына сәйкес бағасы белгіленген бағалы қағаздар баланста ең төменгі құн қағидасы бойынша бейнеленуі тиіс.

Назарларыңызға рахмет!


Материалдың толық нұсқасын қалай жүктеймін?

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Үздік оқытушыға 6 млн теңге беріледі 26.10.2021, 0
» Қазақстанда тоғыз банк таратылады 23.10.2021, 0
» Ұстаздардың жұмысын жеңілдететін жаңа платформа іске қосылды 20.10.2021, 0

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы