Қазақстаннын бағалы балықтары


Қазақстаннын бағалы балықтары

Балық шаруашылығы – халық шаруашылығының балық аулау, тасымалдау, қорғау және өсірумен, өңдеумен, су өсімдіктерін жинаумен шұғылданатын саласы. Балық шаруашылығы бағалы тағамдар, балық ұны, майы, теңіз өсімдіктерінен йод, маннит, агар, т.б. емдік заттар, мал азығы мен техникалық өнімдер өндіреді. Қазақстанда 1919 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында Жайық – Жем балық аулау және аңшылық басқармасы, Арал қаласында Түркістан өлкелік балық шаруашылығы басқармасы ұйымдастырылды. Кейін бұл сала тұтынушыларға тағамдық белоктың 20%-ын беретін, қуатты аулау кемелерімен жабдықталған, өндірістік процестері механикаландырылған аса іргелі тамақ индустриясына айналады.

Балық шаруашылығы бағалы тұқымдық балықтарды өсіріп, көбейтетін балық питомниктері, тауарлы-көл және тоған шаруашылықтары, машина-мелиоративтік станциялары, арнайы оқу орындары, балық сататын фирмалық дүкендері жұмыс істейді. Қазақстанның мыңдаған ірілі-ұсақты көлдері мен өзендері балық шаруашылығы қызмет етеді. Олардың жалпы аумағы 7,5 млн. га шамасында. Су айдындарының ең ірілері: Каспий теңізі, Балқаш, Алакөл, Зайсан көлдері, Қапшағай, Бөген, Бұқтырма бөгендері, Жайық, Ертіс, Есіл өзендері. Дүние жүзі бойынша ауланған бекіре балықтарының 90%-ы Қазақстан балық шаруашылығының үлесіне тиеді. Қазіргі кезде республикада экологияның нашарлауына байланысты су айдынын қорғау, оларды ұдайы мелиорациялау, кәсіптік балықтардың сапасын жақсарту, балық өсіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл міндет Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына және балық қорғау ұйымдарына жүктелген.

Қазақстандағы бағалы балықтар

Қаяз - балық, тұқы тұқымдасының бір туысы. Қазақстанда 2 түрі: Арал қаязы жөне болат - май Қаяз (шырман) (Barbus capito) бар. Болат - май Қаязы екі түр тармағына бөлінеді: біреуі оңтүстік Каспийде (Қазақстан бөлігінде кездеспейді); екіншісі Түркістан қаязы. Арал қаязынан ерекшелігі - ұзаққа өрістемейді, жергілікті (тұрғын) балық. Қабыршағы ірілеу, арқа қанаты кейін орналасқан және аумақтылау. Қазақстанда Сырдария су алабында, Шардара су қоймасынан өзеннің сағасына дейін, Қаратаудың оңтүстік - батысындағы өзендер мен Шу өзенінің жазық бөліктерінде кездеседі. Оның түсі сарғышқа жақын – алтын сияқты. Әдетте Қаяздың арқасы бауырына қарағанда қоңырлау. Шабақтарында қоңыр дақ болады. Ұзындығы 70см-ге, салмағы 5, 3кг-ға дейін. Уылдырығын судың температурасы 23°С болғанда өзендерде және су қоймаларындағы құмды, майда тасты жерлерге шашады. Қорегі әр түрлі; барлық су өсімдіктері, көпшілік омыртқасыздардың дернәсілдері, ауада ұшатын ұсақ жәндіктер, моллюскілер

Тасбекіре

Тасбекіре – бекіре тұқымдасына жататын балықтар. Құмдауытты және майда тасты қайраңдар мен өзектерді мекендейді. Дене пішіні лайлы ағысты суда тіршілік етуге бейімделген: басы күрек тәрізді жалпақ, көздері кішкентай, оның есесіне сезім мүшесінің қызметін атқаратын ұзын мұрттары жақсы дамыған. Ерекше сауыт құрайтын қырлы сүйектері денесін механикалық жарақаттанудан сақтайды. Тасбекірелерді 2 туысқа жіктейді: америка Тасбекіресі және ортаазиялық Тасбекірелер. Соңғысының Арал теңізі бассейнінде тіршілік ететін 3 түрі кездеседі. Үлкен әмудария Тасбекіресі денесінің ұзындығы 58 см, салмағы 760 г - нан 2, 5 кг - ға дейін. Кіші әмудария Тасбекіресінің ұзындығы 30 см - дей. Үшінші түрі – Сырдария тасбекіресі. Уылдырығын (15 мыңға дейін) су температурасы 14 – 16°С - қа жеткенде, наурыз – сәуірде өзен арнасындағы қиыршық құмды және майда тасты қайраңдарға салады. Су түбіндегі майда омыртқасыздармен және балықтардың уылдырығымен қоректенеді. Бұл 3 түрде қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Бекіре - бекіре тәрізділер отрядына жататын ірі балық.

Оның дене тұрқы 2 метрден басталып, 200м-ге дейін жетеді. Салмағы 10 кг – нан бастап 1 тоннаға дейін жететін алыптарын да кездестіруге болады. Бекіренің тұмсығы қысқа, доғал не сүйрік, мұртшалары тұмсығының ұшына жақын, жотасында 5 - 19, бүйірінде 24 - 30, ал бауырында 6 - 14 қырлы сүйектері бар. 50 - 100 жылға дейін тіршілік етеді. Олар наурыз айының аяғы мен сәуір айының басында ағысы қатты, тасты, қиыршық құмды жерлерде 250 мыңнан – 1 млн - ға дейін уылдырық шашады. Шабақтың ұзындығы 15 - 20см-ге жеткенде теңізге шығады. Бекіренің шабақтары дернәсіл кезінде тұщы өзенде мекен етіп, 1 жылдан соң теңізде тіршілік етеді. Шабақтары шаянтәрізділермен, құрттармен, ал ересектері моллюскалармен, балықтармен қоректенеді.

Бекіре - бүйрек еті өте дәмді, ал қара уылдырығы өте бағалы кәсіп үшін пайдаланылатын балық. Торсылдағы жақсы жетілген, желбезек қақпағы бар. Сырттай ұрықтанады.

Бұл балықтар Қазақстандағы бағалы балықтар қатарына жатқызылады. Қаяз балығы өсуі, дамуы, дәмділігі мен құндылығы жағынан Қазақстан бойынша І орынға ие болса, ІІ орынды осындай аталмыш ерекшеліктерімен бекіре балығы иеленеді.

Бекіре балығы

Каспий албырты

Каспий албырты -

Албырттар тұқымдасының бір тұр тармағы. Негізінен Каспий теңізінің оңтүстік - батыс аймағын мекендейді. Солтүстік Каспийде сирек кездеседі. Кавказ жотасынан ағатын езендерге өрлейді. XX ғ. басында аз да болса Еділ мен Жайық өзендеріне өрлейтін. 1980 жылдан бері бұл өзендерде ауланғаны туралы дерек жоқ. Каспий албырты — албырттардың ішіндегі ең ірісі; ұзындығы 100 см; жыныстық жағынан жетілгендерінің салмағы 2 — 7 кг. Қара теңіз албыртына ұқсас, айырмашылығы — құйрық сабағы жіңішке келеді.

Жайын (Sіlurus glanіs) – жайынтәрізділер отрядына жататын жыртқыш балық. Жайынның майдасы лақа деп аталады. ҚазақстандаҚазақстанКаспийКаспийАралАрал теңіздерінде және бұларға құятын өзендерде кездеседі. БалқашБалқаш көлі мен Талас өзеніндеТалас өзені жерсіндірілген. Аталығы аналығынан біраз үлкен. Ұзындығы 5 м-дей, салмағы 300 кг-ға жетеді. Жайынның түсі, әдетте, жасыл тектес ашық қоңыр, арқасы қара, бауыры ақ, бүйірінде түрлі дақтары болады. Басы жалпақ, үлкен, кеудесі қысқа, ұзын құйрығы екі бүйірінен қысыңқы, арқа қанаты кішкентай, құйрық қанаты астыңғы-үстіңгі қалақшаға бөлінбеген, ал құйрық асты (аналь) қанаты өте ұзын келеді. Жақтарында өте майда, көп қатарлы тістері бар. Үстіңгі жақтарында екі ұзын, ал астыңғысында қысқалау төрт мұртшалары болады. Жайын 40 жылдай тіршілік етеді. 3 – 4 жасында (ұзындығы 45 – 60 см болғанда) жыныстық жағынан жетіледі. Уылдырығын (11 – 480 мыңдай) су температурасы 18 – 20°С болғанда су түбіндегі шөп арасына шашады. Бұлар ұсақ балықтар, бақа, моллюскілермен қоректенеді. Кейде су құстарына да шабуыл жасайды. Жайынның еті семіз, майлы болғандықтан кәсіптік маңызы бар.

Жайын балығы

Назар салып тындағандарыңызға

көп рахмет!!!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу