Ақпарат көзін кодтау


Ақпарат көзін кодтау — мәліметтердіМәліметтер олардың алдын ала тағайындаған кодтықКодтық комбинациясы (мұндай бет жоқ) Кодтық комбинациясы (мұндай бет жоқ)комбинацияларыменКодтық комбинациясы (мұндай бет жоқ) бейнелеу немесе мәліметтер элементін (символдар жиынын) олардың кодтық комбинацияларымен сәйкес келтірупрограммалауПрограммалаупроцесі; 2) ақпараттыңАқпарат 8 биттікБит (мұндай бет жоқ) (байттық) кодтауын 7 биттік кодтауға түрлендіру. Мұндай түрлендірудің қажеттілігі кейбір желілікЖелілік программа (мұндай бет жоқ) Желілік программа (мұндай бет жоқ)программалардыңЖелілік программа (мұндай бет жоқ) мәліметтерді тек 7 биттік кодтауда жеткізе алатындығынан туындайды. Байттық мәліметгерді осындай арналармен тікелей жеткізу ақпараттың бұрмалануына жол береді; 3) белгілі бір ереже бойынша дискреттік хабарды дискреттік сигнал түріне түрлендіру (аудармалау), яғни шарттаңбаларды қолдану.

Ақпаратты кодтау бланкі (программаны жазуға арналған бланк, стандартты бланк) (бланк кодирования информации (бланк для записи программы, стандартный бланк); doding (program) sheet) — алғашқы мәліметтер мен алғашқы программаның операторларын (командаларын) компьютерге енгізу мақсатымен оларды тізбектікТізбектік жазуға арналған бланк (мұндай бет жоқ) Тізбектік жазуға арналған бланк (мұндай бет жоқ)жазуғаТізбектік жазуға арналған бланк (мұндай бет жоқ) Тізбектік жазуға арналған бланк (мұндай бет жоқ)арналғанТізбектік жазуға арналған бланк (мұндай бет жоқ) бланкТізбектік жазуға арналған бланк (мұндай бет жоқ). Бланкіге ақпарат жазу берілген тілде қарастырылған ереже бойынша орындалады.

Ақпаратты кодтау жүйесі (система кодирования информации; system of coding information) — 1) объектілерді кодтармен бейнелеу ережелерінің жиыны; 2) кодтау ережесі мен символдар жиынтығыкодКод. Кодтаудың дескрипторлық тәсілі (дескрипторный способ кодирования; descriptor way of coding) — алдын ала жасалған тізімнен, топтастырғыштар мен сөздіктерден тандалған белгілерді объектіге қосып жазу (телу) ==Кодты оңтайландыру==. Кодты оңтайландыру (оптимизация кода) — кодты генерациялау кезеңінде немесе осы кезеңнен кейін программаны транслятормен автоматтық машинаға тәуелді оңтайландыру.

Ақпаратты кодтық парақ (информационная кодовая страница; code page) — пернеліктеПернелік (мұндай бет жоқ) (клавиатурада), экрандаЭкран (принтерде де) компьютерге мәліметтер енгізу-шығару үшін пайдаланылатын 256 түрлі символСимвол жиыны; әр түрлі символдың экрандағы бейнссі мен пернелік арасындағы байланысын аңықтайтын кесте түрінде болады. Кодтық парақтың алғашқы 128 символы халықаралық стандартқа сөйкес ascii-кодымен өрнектеледі де, қалған бөлігі нақты бір мемлекеттің стандартына сәйкес өзгеше бола береді.

Ақпаратты қабылдаудың және өңдеудің әр түрлі екі әдісі бар: үздіксіз (аналогтік) және үзілісті (дискретті). Қазіргі аналогтік аппараттар сапалы, мысалы түрлі-түсті теледидар және бейнекөріністер т.б. Компьютерлік технология ақпаратты қабылдаудың дискретті түрін ұсынады. Әр түрлі типті мәліметтермен жұмысты автоматтандыру үшін оның берілу формасын бірыңғайлау өте маңызды, ол үшін көбіне кодтау қолданылады

Техниканың, ғылымның және мәдениеттің кейбір саласында ақпаратты кодтау проблемалары өте жақсы шешімін табуда. Мысал ретінде математикалық өрнектерді жазу жүйесін, телеграф азбукасын, соқырларға арналған Брайля жүйесін және т.б. айтуға болады.

Есептеу техникасының өзінің жүйесі бар – ол екілік кодтау деп аталады және мәліметтерді 1 мен 0-ден тұратын екі белгінің тізбегімен жазуға мүмкіндік береді. Бұл белгілер екілік цифрлар немесе биттер деп аталады(bit- ағылшынша, binary digit-тің қысқаша жазылуы). 

Бит – ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі. 8 биттің комбинациясы байт деп аталады. ЭЕМ-да кез-келген таңбаны және санды биттердің көмегімен жазуға болады. Практикада ақпаратты өлшеу үшін үлкен өлшем бірліктер қолданылады

Текстік мәліметтерді кодтау. Егер алфавиттің әр символына белгілі бір санды сәйкестендіріп қойса (мысалы реттік номерін), онда текстік ақпаратты екілік кодтың көмегімен кодтауға болады. Қазіргі компьютерлерде ақпарат ASCII (American Standart Codе for Information Interchange – американский стандартный код для обмена информацией) кодымен беріледі. ASCII коды АҚШ-тың (ANSI) американың стандарттық ұлттық институтында жасалған, бірақ оның 256 стандарт символдан тұратын бөлігі арнайы программаның көмегімен ұлттық алфавиттің символдарымен ауыстыруға болатындықтан басқа елдерде пайдалана алады

Қазақстанда құрамында кириллица символдары бар ASCII-ге алтернативті кодтау қолданылады. Онда үлкен және кіші орыс және латын әріптері, цифрлар, тыныс белгілер және арифметикалық амалдар және т.б. қамтылған. ASCII символының әрқайсысына 8 биттік екілік код (байт) сәйкес қойылған, бұл 256 әр түрлі символды кодтауға мүмкіншілік береді

Сонымен, егер адам текстік файл құрып және оны дискіге жазса, онда адамның енгізген әр символы компьютер жадында сегіз нольдер мен бірлердің жиынымен сақталады. Тексті экранға немесе принтерге шығарғанда осы кодтарға сәйкес символдар бейнеленеді

Графикалық мәліметтерді кодтау. ЭЕМ-дағы кез-келген басқа ақпарат секілді графикалық бейнелерді сақтауға, өңдеуге және екілік жүйеде кодталған түрінде байланыс жолдармен жіберіледі. Графикалық байланыс жолдармен жұмыс жасайтын әр түрлі программалар саны жеткілікті. Мұнда графикалық кодтау әдістері әр түрлі графиктік форматтар қолданылады.

Бейне сақталған файлдың кеңеймесі мұнда қандай формат қолданғанын білдіреді, яғни қандай программаның көмегімен қарауға, өңдеуге және баспаға шығаруға болатынын аңғаруға болады. Осындай әр түрлі мүмкіншіліктеріне қарамастан бейнені кодтаудың негізінде растрлық және векторлық графика деген әр түрлі екі тәсілі бар. 

Растрлық графиканы қолданғанда бейненің әрбір кішкене элементінің түсі санаулы биттің көмегімен кодталады. Бейне пиксель деп аталатын ұсақ нүктелердің жиынын құрайды. Тастар немесе әйнектердің жиынтығынан құралған мозайка немесе вираж секілді түрлі-түсті нүктелердің көмегімен сурет салынады. ЭЕМ-де растрлық әдісті қолданғанда әр пиксель үшін биттік қалыңдық(глубина) деп аталатын санаулы биттер саны бөлінеді. Әр түске белгілі бір екілік код сәйкес келеді. Мысалы, егер биттік қалыңдық 1-ге тең болса, онда 0-қара, 1-ақ түске сәйкес келеді де, ал бейне тек қара-ақ түсті болады. Егер биттік қалыңдық 2-ге тең болса, яғни әр пикселге 2 бит бөлінсе, онда 00-ге қара, 01–ге қызыл, 10-ға көк, 11–ге ақ сәйкес келеді де, төрт түсті пайдалануға болады.

1) Бит дегеніміз не?

A) ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі

B) ақпараттың ең үлкен өлшем бірлігі.

C) 256 түрлі символ жиыны

D) мәліметтерді олардың алдын ала тағайындаған кодтық комбинацияларымен бейнелеу

E) мәліметтерді кодтау

2) 8 биттің комбинациясы қалай аталады?

A)Мбайт

B)Кбайт

C)байт

D)Гбайт

E)бит

3) ASCII коды қай мемлекетте жасап шығарылды?

A)Ресей

B)АҚШ

C)Англия

D)Франция

E)Германия

4) Есептеу техникасының кодтау жүйесі

A)Төрттік

B)Он алтылық

C)Сегіздік

D)Ондық

E)Екілік

5) ASCII коды қанша символдан тұрады?

A)258

B)400

C)300

D)256

E)257

6) Ақпаратты қабылдаудың және өңдеудің неше түрі бар?

A)4

B)3

C)2

D)5

E)6

7) Кодтық таңба дегенміз не?

A) берілген кодта пайдаланылатын алфавит таңбасы

B) кодтык комбинациялардың кейбір бөлігі пайдаланылмай қалатын кодтың қасиеті

C) перфокартадағы кодтық тесу

D) объектілерді кодтармен бейнелеу ережелерінің жиыны

E) кодтау ережесі мен символдар жиынтығы

8) Кодтық саңылау дегенміз не?

A) берілген кодта пайдаланылатын алфавит таңбасы

B) кодтык комбинациялардың кейбір бөлігі пайдаланылмай қалатын кодтың қасиеті

C) объектілерді кодтармен бейнелеу ережелерінің жиыны

D) кодтау ережесі мен символдар жиынтығы

E) перфокартадағы кодтық тесу

9) Кодтың артықтығы дегенміз не?

A) объектілерді кодтармен бейнелеу ережелерінің жиыны

B) кодтау ережесі мен символдар жиынтығы

C) кодтык комбинациялардың кейбір бөлігі пайдаланылмай қалатын кодтың қасиеті

D) перфокартадағы кодтық тесу

E) берілген кодта пайдаланылатын алфавит таңбасы

10) Кодтау жүйесі дегеніміз не?

A) объектілерді кодтармен бейнелеу ережелерінің жиыны

B) компьютерге мәліметтер енгізу-шығару үшін пайдаланылатын 256 түрлі символ жиыны

C) кодтык комбинациялардың кейбір бөлігі пайдаланылмай қалатын кодтың қасиеті

D) перфокартадағы кодтық тесу

E) берілген кодта пайдаланылатын алфавит таңбасы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу