Ұзатылып жатқан арудың шашбауын көтереді: Жалдамалы қыз жолдас болу жаңа мамандыққа айналуда

Ұзатылып жатқан арудың шашбауын көтереді: Жалдамалы қыз жолдас болу жаңа мамандыққа айналуда

Америкалық Джен Глантз - кәсіби қыз жолдас. Ол тұрмысқа шыққан бойжеткендердің тойында қыз жолдас болып, сол үшін ақша алады. Әлемде ерекше мамандықтар жетерлік. Соңғы уақытта шет мемлекеттерде ел естімеген кәсіптерге сұраныс артып келеді. 



Әлемде ерекше мамандықтар жетерлік. Бірі адамдарды топтастырып, өзгелерге ұқсамайтын өнер туындыларын бейнелесе, ендігісі тойыңызда қыз жолдас болуға дайын. Тек белгіленген ақысын төлесеңіз болғаны.

Мәселен, Йоханнес Стоттер есімді италиялық боди-арт өнерінің өкілі адамдардың денесін бояп, әртүрлі жануарлардың, құстардың, балықтардың, ағаштардың, жеміс-жидектердің т.б. жаратылыстардың бейнесіне келтіреді. Бұл іспен 21 жылдан бері шұғылданып келе жатқан Йоханнес 2012 жылы боди-арт бойынша әлем чемпионы болған. Ол әр еңбегі көпшіліктің көңілінен шығу үшін сағаттар бойы тыным таппай жұмыс істейді. Боди-арт өнері өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап қарқынды дамып келеді.


Америкалық Джен Глантз  - кәсіби қыз жолдас. Оның жұмысы - ұзатылып жатқан қыздың шашбауын көтеру. Дәлірек айтқанда, қалыңдық көйлегінің етегін көтеріп жүру, онымен бірге дәретханаға барып келу, билеу, суретке түсу, қысқасы, тойдың көңілді өтуіне атсалысу. Бұл кәсібін бастау үшін хабарландыру бергенде, екі апта ішінде Дженнің электронды поштасына әлемнің әр түкпіріндегі жүздеген қыздан өтініш түсіпті. Олардың кейбірі қыз жолдас болатын жақын құрбысы жоқ екенін айтса, кейбірі құрбылары бос емес екенін жазған. Дамыған елдерде кәсіби қыз жолдастар бір тойда 200-1000 доллар арасында, кейде тіпті одан да көп ақша табады екен.


Ұзын-сонар кезекте тұруға уақыты мен күш-қуатын сарп еткісі келмейтіндер үшін Ұлыбританияда арнайы қызмет түрі ұсынылады. Яғни, онда кәсіби кезекте тұрушылар бар. Тек сағатына 24 доллар төлесеңіз болғаны. Кәсіби кезекте тұрушы болу үшін сабыр мен аяқ талса да, сыр бермейтін төзімділік керек.


Сондай-ақ, жұрттың бәрі бірдей істей алмайтын жиіркенішті жұмыстар да бар. Мысалы, дезодарант шығаратын компаниялар терлеп тұрған адамдардың қолтығын иіскеп, өнімнің сапасын тексеретін мамандарды ұстайды. Мұндай қызметті атқаратын кісінің иіс сезу қабілеті өте жоғары болу тиіс. Табысы тым жақсы. Жұмыс тәжірибесіне байланысты жылына 19000 доллар мен 52000 доллар аралығында кіріс түсіреді.   


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу