Әй, Сергей! Сергей, Сергей, Сергей, Сергей! Түстім-ау сергелдеңге мен де сендей. Аулаққа, тым аулаққа кеттім білем, Жаны ашып, ақыл берген елге сенбей. Мен-дағы сол жақтанмын, .....
Бөтен елде бар болса Ежеттесің, сыйласың, Сыбырлас, сырлас көп болған, Көптен тату қимасың. Басыңа жұмыс түскен күн Татулықты бұрынғы Не қылып ол ойласын? Ашып берер жауыңа Өзі көрген қоймасын. Желіккен жауың кез болса, Араздығы сөз болса, «Бәрекелді батыр» деп, «Мықты боп бара жатыр» деп, Мақтап-мақтап қоздырар. .....
Ақиқатты айқындап жариялар, Бара жатыр азайып қариялар. Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын, Бара жатыр сарқылып дариялар… Неменеге жетістің, бала батыр? Қариялар азайып бара жатыр. Бірі мініп келместің....