Матай Сансызбайұлы (Ұлу жылғы ұлдарға сәлем)

 Матай Сансызбайұлы (Ұлу жылғы ұлдарға сәлем)

Отырсам деп ем
Өзіңмен ұзақ сырласып
Осыған орай келмей-ақ қойды құрдасым
Тірліктің қамын тұзағын ілген бір басың
Қайтерсің енді қисынын таппай тұрғасын

Тынымдап бір сәт отыра қалсам жайланып
Қиянға кетем
Қиялға еріп қайдағы
Мен жүрмін мұнда арқандаулы аттай айналып
Жүрсің бе ? сенде тірлікке жіпсіз байланып

Болмады қанша аш құрсақ тірлік “ешкі арық”
Ештемеденде жатқамыз жоқ қой кеш қалып
Балалық шаққа
Сәтіне бес кеп бас барып
Отырсақ еді-ау оралмас кезді еске алып

Біз ұмытсақ та
Ұмыта қоймас жыл-есеп
Білесің біздер бір жылдың енші үлесі ек
Ілгері басқан игі ісімізге ілесіп
Нұр болар еді ұрпаққа бақыт тілесек

Ескірмек емес естелік сонау шақтағы
Мәуе боп кетті
Біз еккен шыбық бақтағы
Құрбы мен бірге “ақ түйе” қарынын ақтарып
Жүруде бақыт жетістігіне мақтанып

Өзгерді орта
Өтті көп жылдар арада
Өзіңе көз сал
Өскен ұрпақтарға қарада
Кейіндеп қалған уақыттарды саралап
Өз нарқын сосон бағалау керек әр адам

Байқаған кім бар бағдарсыз мынау жол ұшын
Келеді қуып
Кейінгі толқын толысып
Мына пәниге адам боп келдік
Сол үшін
Адам боп өтсек бұлдағы пенде борышы

Дәстүрмен салты біз бала болған кездердің
Бәрі де бөтен
Бәріде бүгін өзгерді
Тірлігін мақтап
Тілдерін баптап өзге елдің
Өзіңді соған тілімсек етер кез келді

Уақыт сірә тоқтаған емес тағат қып
Аяңдай берер тіліне еріп сағаттың
Керғорлыққа келгенмен қанша оқ атқан
Жоқ емес білем
Өзімізден де ағаттық

Аллаға шүкір Хобданың жүрміз төрінде
Даңқымыз қандай шыңнанда биік көрінген
Бабадан қалған мирастан шеттеп жерінбей
Бір тұтас болса жақсы еді сірә бөлінбей

Мақсаты біреу болса ғой ердің ойы анық
Жан-жаққа тартып сан түске жүрміз боянып
Келіссіз тағлым, кетпей тұрып бой алып
Ештен кеш жақсы ойыны енді қоялық

Деп шақыратын азамат қайда бірлікке
Берекелессе жетпейтін не бар тірлікте
Аластап мынау
Алапес кезді дүрліккен
Бірігу керек
Ішінде жатпай бір бүкпен

Осылай досым
Шыбырлап дәптер парағын
Ойымды көпке жеткізе алсам жарадым
Атадан қалған асылдың бәрін адам қып
Шынында біздер қай жаққа кетіп барамыз ?

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі