Бернияз Күлеев (Жанталас)

 Бернияз Күлеев (Жанталас)

Шарқ ұрып жаным түсіп сергелдеңге,
Бірде ыстық, бірде салқын тартып дене.
Бұрқ етіп қайнап шыққан қызу қанмен,
Көзге жас тығылып тұр тамбай жерге.
Бұрқырап ыза толып жүрегіме,
Бөгеліп жол таппайды жүреріне.
Қан тасып, жүрек соғып, ыза өткендей,
Сондағы өр көңілімнің тілегі не?
Жар емес, жақын емес, күнім емес,
Жат, жау деп ырылдасқан емес егес.
Алтын тәж кию, алтын таққа міну,
Патшалық, байлық үшін уайым жемес.
Болдырып жүрек қиял, жігер сөніп
Таусылып таудай талап, үміт кеміп.
Тарайып тыныс, тамыр сорға соғып,
Төбемде қанат жайып ажал төніп.
Жасырынып жегідей жеп көңіл гүлін,
Булығып жан таласып шыққан бұл үн.
Адасып әурелікпен жолда қалып,
Барады босқа өтіп жас өмірім.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен