1 Қыркүйек - Білім күні (Алғашқы қоңырау)

 1 Қыркүйек - Білім күні (Алғашқы қоңырау)

Киімі де, сөмкесі де көркем-ді,
Білім жолда арманы асқақ желкен-ді.
Мектебіне бара жатыр ұлтыңның
Әлиханы, Ахметі ертеңгі.

Бір-бір үйдің қызы - айы, ұлы - күн,
Бола берсін, еркелеу ме бірі тым.
Мектебіне барады олар ұлтының
Арқалап ап үкілеген үмітін.

Өткен дәуір көрсең де өмір бұрқағын,
Талай мәрте жеңіс жырын шырқадың.
Білім жолға бет түзеді, міне, енді
Санасы да, ойы да азат ұрпағың.

Ұл-қызым деп ана ұйқысы сан қашты,
Бесік тербеп, күн мен түні алмасты.
Солар үшін алдағы үлкен өмірдің
Соғылады қоңырауы алғашқы.

Бөбегінің оятса ана талғамын,
Тілейді енді жақсы шәкірт болғанын.
Сол бөбектер алып бара жатқандай
Өз ұлтының жалау етіп арманын.

Бесігінен асыққандай бүгінге,
Ұстазына ол ұмытпайды гүлін де.
Ұға жүріп заманының үнін де,
Сөйлейді олар бабасының тілінде.

Басталғанда білім жолдың асқары,
Қадамдарын үлкендер де қостады.
Олар үшін соғылса алғаш қоңырау,
Сол қоңырау - келешектің бастауы.

Маңызын да, мәнін де ұғып бұл күннің,
Міне, тағы биіктерге ұмтылдың.
Бара жатыр көшелермен мектепке
Бала шағы, болашағы ұлтыңның.

(c) Ғабиден Қожахмет

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу

Ілмектер: ғабиден қожахмет Алғашқы қоңырау өлең олен стихи на казахском габиден кожахмет, габиден кожахмет өлең олен стихи на казахском, габиден кожахмет олендери, ғабиден қожахмет өлеңдері, 1 қыркүйек тақпақ, 1 қыркүйек білім күні тақпақ, 1 қыркүйек білім күні өлең, такпак 1 кыркуйек қазақша такпактар балаларга, Қазақша тақпақ: Бірінші 1 Қыркүйек - Білім күні (Алғашқы қоңырау), Қазақша тақпақ, Бірінші 1 Қыркүйек - Білім күні (Алғашқы қоңырау), Қазақша тақпақ: Бірінші 1 Қыркүйек, Білім күні (Алғашқы қоңырау), Казакша такпак 1 кыркуйек сентябрь билим куни на казахском, 1 сентября день знаний стихи на казахском языке, 1 сентября день знаний такпак на казахском, алгашкы конырау андер, алгашкы конырау олендер, алғашқы қоңырау өлең, алғашқы қоңырау туралы өлең, алғашқы қоңырау өлеңдері, 1 қыркүйек білім күніне арналған өлеңдер, 1 кыркуйек билим куни олен олендер