Қазақша өлең: Жандарбек Бұлғақов (Валентин түні – қоштасу ар-ұятпенен) » ZHARAR © 2016 | жандарбек бұлғақов Валентин түні – қоштасу ар-ұятпенен өлең стихи на казахском языке жандарбек булгаков казакша олен, жандарбек бұлғақов өлеңдері сайты, стихи на казахском языке жандарбек булгаков, жандарбек булгаков казакша олендер, Валентин түні – қоштасу ар-ұятпенен




  • »

Қазақша өлең: Жандарбек Бұлғақов (Валентин түні – қоштасу ар-ұятпенен)

Қазақша өлең: Жандарбек Бұлғақов (Валентин түні – қоштасу ар-ұятпенен) казакша Қазақша өлең: Жандарбек Бұлғақов (Валентин түні – қоштасу ар-ұятпенен) на казахском языке

Албырт жастар дүкенге аптығып барып,
Валентин күнін тойлайды открытка алып.
Жатқанын-ай аузымен мұсылмандардың,
Бір дінсіздің есімі қатты ұлықталып.

Сүйем десе де басында бақ тұрмайтындар,
Ажырасу мен жанжалды жат қылмайтындар.
Валентинканың жәшігін нығыздап жатыр,
Садақаның жәшігін жақтырмайтындар.

Үйіп-төгіп 14-ші ақпан күнәні,
Шайтан малғұн жастарға қақпан құрады.
«Ғашықтар хаты қызыма көп келіпті» деп,
Ессіз ана ел-жұртқа мақтан қылады.

Төлі жоғалса қалайша бейғам қарасын,
Шарқ ұрып іздейді айуан баласын.
Кеш бата кеткен ұлына іздеу салмайтын,
Айуан құрлы жоқ әкеге қайран қаласың.

Валентин күні – достасу коньякпенен,
Валентин түні – қоштасу ар-ұятпенен.
Некесіз жүрмек түгілі ата-бабамыз,
Жарына деген сезімін жария етпеген.

14-ші ақпан! Қызың мен ұлыңа қара,
Некесіз туса немерең ірі бола ма?
Күнәға толы мейрамға тыйым салмасаң,
Мұсылмандықтың тиындай құны бола ма?


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 167
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .