Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Қайырым)

Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Қайырым)

Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Қайырым) казакша Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Қайырым) на казахском языке
Өзгерткің келсе де өзгерте алмайтын,
Бір жол бар, екі рет жүруге болмайтын,
Өзен бар, екі рет кешуге болмайтын,
Жұмбақ бар, екі рет шешуге болмайтын,
Есік бар, екі рет ашуға болмайтын,
Перне бар, екі рет басуға болмайтын,
Бір сыр бар, екі рет білуге болмайтын,
Өмір бар, екі рет сүруге болмайтын,
Қанат бар, екі рет кағуға болмайтын,
Шырақ бар, екі рет жағуға болмайтын,
Ол – қыздың жүрегі: жарық күн, қара түн,
Екі рет, екі рет кешіре алатын!


Ұйықтап жатып, жылап шықтың түнімен,
Сен күліп ең, мен де содан күліп ем.
Неге, неге, бейсанаға ендің сен,
Неге, неге, бейуақта жүріп ең?

Тұзың ба әлде, өзің де әлде жеңіл ме ең?
Жүректі ая жаралмаған темірден.
Тәңір саған бермегенді, ботам-ау,
Неге іздедің, неге іздейсің өмірден?!

Жүрекке ауыр – көңіліңнің кемсеңі,
Жүрекке ауыр – сеніміңнің өлшемі,
Жүрекке ауыр – жалғыздықтың көз жасы,
Қалай ғана қорғай алам мен сені?


Сезім серіден болғанда, ойым өрден,
Құсалы өткен күндердің қайыры елден.
Бұлтты күні не амал боздағаннан,
Көп адамға не абзал кейігеннен?!

Өзегімнен шымырлап шықты мұңым,
Айтшы соны қай кісі ұқты, күнім?
Саған мәлім, қалқатай, мен мұңайсам,
Айға ұлыған арманға күптілігім.

Сыртқы барды түгендеп, ішкі жоғын,
Тәңір жақты тұспалдап түсті жолым.
...Жүрегімнің басында қып-қызыл шоқ,
Аузымды ашсам ұрады ыстығы оның.


Мені көп сақтайды іштегі бір ұстам,
Өзгермес кенеттен, құбылмас оқыстан:
Солтүстік батыстан,
Оңтүстік шығыстан,
Солтүстік шығыстан,
Оңтүстік батыстан,
Жел соқты, жел соқты, қай тұстан, білмеймін,
Түстік пе, терістік?
Соғады-соқпайды,
Айтпаймын, ашпаймын, жыламан, күлмеймін,
Іштегі бір ұстам мені көп сақтайды.
Тауларым, көлдерім, орманым, жолдарым,
Желменен жіберді өңдерін-түстерін,
Жел соқты, жел соқты, жеткізді ол бәрін,
Мені көп сақтайды бір ұстам іштегі.
Жел соқты, жел соқты, сергітті соққан жел,
Ауырлау-жеңілдеу, азырақ-көбірек,
Сен келсең, сен келсең жел соқпас жақтан кел,
Іштегі бір ұстам сақтайды мені көп!..

Автор: Nurali Erubaev | 705 | 15.03.2016



Загрузка...

KZ / Қазақша Өлеңдер жинағы, ерлан жүніс Қайырым өлең стихи на казахском языке ерлан жунис казакша олен, ерлан жүніс өлеңдері, стихи на казахском языке ерлан жунис, ерлан жунис казакша олендер, Қайырым, Қайырым туралы өлең олен стих, ерлан жүніс Қайырым өлең стихи на казахском языке ерлан жунис казакша олен ерлан жүніс өлеңдері стихи на казахском языке ерлан жунис ерлан жунис казакша олендер Қайырым Қайырым туралы өлең олен стих, Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Қайырым) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке