Қазақша өлең: Бауыржан Қарағызұлы (Жұбату) » ZHARAR © 2016 | бауыржан қарағызұлы өлеңдері, бауыржан карагызулы олендери, стихи на казахском языке бауыржан карагызулы, акын бауыржан карагызулы, Жұбату




  • »

Қазақша өлең: Бауыржан Қарағызұлы (Жұбату)

Қазақша өлең: Бауыржан Қарағызұлы (Жұбату) казакша Қазақша өлең: Бауыржан Қарағызұлы (Жұбату) на казахском языке

Өмір деген - өлу ғана, өлу ғана шын күліп,
Өмір деген - өлу ғана, өлу ғана шындығы...
P.S.
Аспан даусын естимін мен көздеріңнің ішінен,
Жаным, жаным жыламашы, түсінгенмін, түсінем.
Қуаныштың ар нұрында мұң бар десем сене ме ел?!
Күрсіністің ар сәтінде шаттық гүлге бөленер.
Діл үйіріп, тіл ұшынан ой желітіп, есіліп,
Саған және өзіме-өзім наз әуенін көшіріп,
Жаратқанға көктемдегі жапырақтай жалынып.
Өн бойымда қан жылайды, өкінішімнен Зар ығып.
О-о-о, түн іші дұға оқысам тағдырыма бұйырған,
Су ыңырсып, түн жөтеліп, жел шыңғырған миымда.
Бей уақытта шын сөйлемей өзін-өзі алдаған,
Менің құсам - Жұлдыз екеш жұлдыз құрлы болмаған.
Өксігіне айналдым да сол құсаны таныдым,
Жыламашы, жыламашы, жыламашы жарығым.
Көзіңдегі қоңыр мұңды тек мен ғана көрейін,
Жыламашы Ар сертімен Өлең жазып берейін.
Үзілгенді үнсіз өзім Жан демімен жалғайын,
Жыламашы, жыламашы ақ сөйлесін маңдайын.
Шын махаббат, шын махаббат Құдай үшін қайдасың?!
Сезім бізді тағы алдасын, ақыл тағы ойлансын.
Шын махаббат, мөлт-мөлт етіп мөлдір жас боп келе ме?!
Кірпігіңде бір періште жылап отыр о неге?!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 139
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .