Иса Байзақов (Құралай сұлу)
Ойласаң өткен күнді айтады жыр,
Тыңдасаң естіледі бір терең сыр,
Ой өліп, өмір сөніп, көп соғылған,
Суреті өткендердің алдымда тұр.
Толқыны бұл өмірдің талайды ұрған,
Көп жанды алдап соғып, зарландырған.
Аяған дертті өмірдің пендесі жоқ,
Жас демей, кәрі демей торын құрған.
Біреудің күшін алып, үмітін кескен,
Біреудің жүрегін жеп, қанын ішкен.
Жете алмай талай асық мұратына
Қара күн қан жамылып, басқа түскен.
Естісем сондайлардың мұң мен зарын,
Менін де қозғалады қапаларым.
Ортақпын қайғылының қайғысына,
Үн қосып күңірену, болған барым...
Тыңдасаң естіледі бір терең сыр,
Ой өліп, өмір сөніп, көп соғылған,
Суреті өткендердің алдымда тұр.
Толқыны бұл өмірдің талайды ұрған,
Көп жанды алдап соғып, зарландырған.
Аяған дертті өмірдің пендесі жоқ,
Жас демей, кәрі демей торын құрған.
Біреудің күшін алып, үмітін кескен,
Біреудің жүрегін жеп, қанын ішкен.
Жете алмай талай асық мұратына
Қара күн қан жамылып, басқа түскен.
Естісем сондайлардың мұң мен зарын,
Менін де қозғалады қапаларым.
Ортақпын қайғылының қайғысына,
Үн қосып күңірену, болған барым...
Қазақтың Есім ханы болған кезде,
Жау жорық жапан түзге толған кезде,
Болыпты Монтай атты бір әділ би
Руы Ойбас Қыпшақ, Орта жүзде.
Ол кезде Шудың бойын қазақ алған,
Неше жыл сол алапты мекен қылған.
Оңтүстік Қамсақтының жағасында,
Қалыпты Монтекеңнің аулы болған.
Монтайды елі қадір қылады екен,
Айтқанын өнеге деп ұғады екен,
Ер өліп, ел күйзелген іс болса да,
Монтекем жөндесін деп тұрады екен.
Ер құнын екі-ақ ауыз сөзбен айтып,
Монтекең іс жүйесін табады екен.
Сырт елмен тартысқанда табан аумай,
Теңдігін әділ сабаз алады екен.
Әр елдің Монтекеңдей ағасы жоқ,
Болса да ондай үздік бағасы жоқ,
Жалғыз-ақ ел мен ердің ойлайтыны,
өзі өлсе Монтекеңнің баласы жоқ.
Сол күнде жетпіс төртте бидің жасы,
Қуантып етек тартар жоқ баласы.
Пұшпағы қанамаған бәйбішенің,
Қайғысыз күн өткізер жоқ шарасы.
Тоқалдан жалғыз туған Қайыргелді,
Би түгіл қуантып ед, барлық елді.
Бір тойда диуананың тілі тиіп,
Күнінде құлыншақтай о дағы өлді.
Монтекең сол өлгелі сөзден қалды,
Ортақ боп бұл қайғыға ел сандалды,
Жиылып «жақсылары» ел-жұртының,
Ас беріп, бата оқысып аза салды.
Ер үшін ел қайғыда содан былай,
Жұбатуға Монтекеңді сөз таба алмай.
Шешенін ортаға алып отырды жұрт,
Ешбірі қолай тауып үндей алмай.
Жау жорық жапан түзге толған кезде,
Болыпты Монтай атты бір әділ би
Руы Ойбас Қыпшақ, Орта жүзде.
Ол кезде Шудың бойын қазақ алған,
Неше жыл сол алапты мекен қылған.
Оңтүстік Қамсақтының жағасында,
Қалыпты Монтекеңнің аулы болған.
Монтайды елі қадір қылады екен,
Айтқанын өнеге деп ұғады екен,
Ер өліп, ел күйзелген іс болса да,
Монтекем жөндесін деп тұрады екен.
Ер құнын екі-ақ ауыз сөзбен айтып,
Монтекең іс жүйесін табады екен.
Сырт елмен тартысқанда табан аумай,
Теңдігін әділ сабаз алады екен.
Әр елдің Монтекеңдей ағасы жоқ,
Болса да ондай үздік бағасы жоқ,
Жалғыз-ақ ел мен ердің ойлайтыны,
өзі өлсе Монтекеңнің баласы жоқ.
Сол күнде жетпіс төртте бидің жасы,
Қуантып етек тартар жоқ баласы.
Пұшпағы қанамаған бәйбішенің,
Қайғысыз күн өткізер жоқ шарасы.
Тоқалдан жалғыз туған Қайыргелді,
Би түгіл қуантып ед, барлық елді.
Бір тойда диуананың тілі тиіп,
Күнінде құлыншақтай о дағы өлді.
Монтекең сол өлгелі сөзден қалды,
Ортақ боп бұл қайғыға ел сандалды,
Жиылып «жақсылары» ел-жұртының,
Ас беріп, бата оқысып аза салды.
Ер үшін ел қайғыда содан былай,
Жұбатуға Монтекеңді сөз таба алмай.
Шешенін ортаға алып отырды жұрт,
Ешбірі қолай тауып үндей алмай.
Қабақты қараторы, ұзын бойлы,
Кірпікті, бурыл сақал, терең ойлы...
Бұрылып үлкен мұрын, ойлы түспен,
Халқына бір жағалап қарап қойды.
Әрі-бері ойға кетіп отырды жәй,
Жұрт күтті не дейді деп қимылдамай,
Күрсініп жерден басын алды дағы,
Сөйледі жұртқа қарап содан былай:
«Уа, жұртым, қайғырмайық бір жас ұшін,
Жазымыштың сөгеміз бе еткен ісін?
Ер туса, елден тумақ, елді тіле,
Елсізден ер тумақ па, білмеймісің?...
Ер туып, жоқ елді бар қыла алмайды,
Ел болса, ер туғызбай тұра алмайды,
Тұсында әр заманның бір сұрқылтай,
Ұқсаңдар ата сөзі жай қалмайды...
Үйірінен бөлінсе,
Құланның күйі болар ма,
өз тобынан бөлінсе,
Батырдың бағы жанар ма,
Қара басын қайғырса,
Биде әділдік болар ма?
Бәйек болып халқына,
Ел қорғаған жастардың
Бәрін де ұлым демей ме,
Мейлің мырза, мейлің құл,
Бұқарасы болған соң,
Бәрінің қамын жемей ме?!
Жақсы туса халқымнан,
Бар ма менің арманым,
Айрылмасам салтымнан,
О да менің оңғаным.
Қартайғанда басқан ой,
Қара бастың қамы емес,
Көңілді серпіп ашпас ой,
Мұндана беру сән емес.
Қамсыз қайғы қапалық,
О да ақылдың заңы емес.
Армансыз адам көрмедім
Осы жасқа келгенше,
Мұңсыз ешкім көрмедім
Қартайып отым сөнгенше,
Арманы жоқ ер көрсем,
Арымастай болар ем,
Азбайтын тату ел көрсем
Тұғырға қайта қонар ем...»
Монтекең осыны айтып қалды тоқтап,
Күрсініп қатты деммен күнін жоқтап,
Бір жігіт босағадан түрегеліп,
Сөйледі биге қарап сөзді нықтап:
«Қажытпау жұртыңызды тілегіңіз.
Шын сүйген ұлтыңызды жүрегіңіз,
Көлдегі көгілдірдей Қақажанға,
Қамығып жас кеткен соң, жүдедік біз.
Тағдырдың жазмышына көнгеннен соң,
Сіздің мауық басылуын тіледік біз...
Армансыз адам көрдім бұл дүниеде,
Айтайын соның жайын іздесеңіз...
Бір бай бар Шудың бойын мекен қылған,
Дермиянды тілекте көңілі толған,
Армансыз Келден бай деп аталады.
Он сегіз ұлы он сегіз ауыл болған».
Биекең жігіт сөзін естіп болды.
Отырған көпшілік те көңілі толды.
Бір кезде іздемектей ойға түсіп,
Монтекең сұрап қойды, жолдағы елді.
Кірпікті, бурыл сақал, терең ойлы...
Бұрылып үлкен мұрын, ойлы түспен,
Халқына бір жағалап қарап қойды.
Әрі-бері ойға кетіп отырды жәй,
Жұрт күтті не дейді деп қимылдамай,
Күрсініп жерден басын алды дағы,
Сөйледі жұртқа қарап содан былай:
«Уа, жұртым, қайғырмайық бір жас ұшін,
Жазымыштың сөгеміз бе еткен ісін?
Ер туса, елден тумақ, елді тіле,
Елсізден ер тумақ па, білмеймісің?...
Ер туып, жоқ елді бар қыла алмайды,
Ел болса, ер туғызбай тұра алмайды,
Тұсында әр заманның бір сұрқылтай,
Ұқсаңдар ата сөзі жай қалмайды...
Үйірінен бөлінсе,
Құланның күйі болар ма,
өз тобынан бөлінсе,
Батырдың бағы жанар ма,
Қара басын қайғырса,
Биде әділдік болар ма?
Бәйек болып халқына,
Ел қорғаған жастардың
Бәрін де ұлым демей ме,
Мейлің мырза, мейлің құл,
Бұқарасы болған соң,
Бәрінің қамын жемей ме?!
Жақсы туса халқымнан,
Бар ма менің арманым,
Айрылмасам салтымнан,
О да менің оңғаным.
Қартайғанда басқан ой,
Қара бастың қамы емес,
Көңілді серпіп ашпас ой,
Мұндана беру сән емес.
Қамсыз қайғы қапалық,
О да ақылдың заңы емес.
Армансыз адам көрмедім
Осы жасқа келгенше,
Мұңсыз ешкім көрмедім
Қартайып отым сөнгенше,
Арманы жоқ ер көрсем,
Арымастай болар ем,
Азбайтын тату ел көрсем
Тұғырға қайта қонар ем...»
Монтекең осыны айтып қалды тоқтап,
Күрсініп қатты деммен күнін жоқтап,
Бір жігіт босағадан түрегеліп,
Сөйледі биге қарап сөзді нықтап:
«Қажытпау жұртыңызды тілегіңіз.
Шын сүйген ұлтыңызды жүрегіңіз,
Көлдегі көгілдірдей Қақажанға,
Қамығып жас кеткен соң, жүдедік біз.
Тағдырдың жазмышына көнгеннен соң,
Сіздің мауық басылуын тіледік біз...
Армансыз адам көрдім бұл дүниеде,
Айтайын соның жайын іздесеңіз...
Бір бай бар Шудың бойын мекен қылған,
Дермиянды тілекте көңілі толған,
Армансыз Келден бай деп аталады.
Он сегіз ұлы он сегіз ауыл болған».
Биекең жігіт сөзін естіп болды.
Отырған көпшілік те көңілі толды.
Бір кезде іздемектей ойға түсіп,
Монтекең сұрап қойды, жолдағы елді.
Келден бай сол өлкеден таңдап алған,
«Көк мұрын той» өзенін мекен қылған.
Ол өзен Шудан аққан бойыменен,
Батысқа өлкені өрлеп кетеді әрман.
өзеннің екі жағы қамысты көл,
Жайылып екі тарап болады сел,
Шашты қыз, тарақты алсын, шөп өседі,
Ат шаптырым алабында жайлаған ел.
Шаңқанда шағалалы құстар ұшып,
Шуылдап сұқсыр қонған суға түсіп.
Қызғыш - қызық, шәукілдек жағын безеп,
Аққу, қаз сұңқылдайды үнін қосып.
Алыстан көрсеткенде сұлу сағым,
Күлдіреп көтеріп тұр, көлдің бағын,
Жан-жағы көктеменің көкмайсасы,
Толтырып жаңа жарған жапырағын.
Қара құрт, қаптаған мал сонау дала,
Бықырлап ақтылы қой толған сала,
Шұбырып көлден жылқы шығып барад,
Қиқулап жылқышылар беткейді ала.
Көктілі, көкалалы төске толған,
Сары қарын биелері мама болған.
Бұлтылдап жұтқыншақтың жұмырындай,
Жарысып құлын мен тай ойын салған.
өзеннің алқапты асар қабағында,
Тізілген қалың елдің бер жағында,
Қардай ақ алты-жеті ақ орда тұр,
Малы жоқ қотан салған бер жағында.
Сыртқы елде көген шешіп,қозы маңырап,
Қыз-қатын, бала-шаға улап-шулап,
Күңіренген кешкі әуезбен үн қосылып,
өлкенің кетіп жатыр бойын қулап.
Ортада үлкен ақ үй сегіз қанат
Түзелген кемшіліксіз сән, салтанат.
Оюмен әлеміштеп отауларды,
Торлаған туырлығын неше қабат.
Екі үйдің арасында тартқаң белдеу,
Кермеде байлаулы тұр үш-төрт бедеу.
Тұғырда томағалы бүркіт отыр,
Қақшытып жем беріп тұр, оған біреу.
Тақалған үлкен үйге ақ отаудан,
Сызылып дауыс шығад, ән шырқаған,
Жуырда келіншегін алып еді,
Кенжесі Келден байдың ерке Байжан.
Күмістей ақ сақалды, қартқа басқан,
Жас мөлшері сексеннен еркін асқан,
Жамылған торғын тоны сүйретіліп,
Келден тұр үй сыртында қозғалмастан.
Сүйеніп таяғын шырқ айналып,
Алысқа жағалатып көзін салып,
Бұлдырап кәрі көзді кеш ұялтып,
Қарайды маңдайына қолын алып.
Батуға шеті ілінген алтын арай,
Жер астан, аспан үстен қарай-қарай.
Қоңыр түс ойға түсіп, қабақ жауып,
Тынышталып келе жатыр, дүние солай.
От шашып қызыл жібек маңайына,
Нұр төгіп көкжиектің маңдайына,
Түсіріп шымылдығын бір заманда,
Күн сұлу кіріп кетті сарайына.
Батыс пен солтүстіктің арасынан,
Келеді салт жолаушы бір-екі адам.
Жөн сұрап, бір адамнан қарсы жүрді,
Келдекең көз жіберіп тұрған соған.
Оқ бойы жерге келіп сәлем берді,
Қосшыға атын тастап қарсы жүрді,
Қол беріп Келден байға амандасты,
Көретін күн болды-ау деп сіздей ерді.
- Уа, шырағым, қай ұлсың? - деді Келден,
Түрлерің жат көрінед, шеттен келген.
Иә, баба, руым - Қыпшақ, атым - Монтай,
Көруге сізді әдейі іздеп келгем.
- Сен бе едің Қыпшақтағы әділ Монтай
Сыртыңнан тілеуші едім бір көре алмай,
Ендеше көріселік, кел, қарағым!
Жыласып, құшақтасты содан былай.
Кедден мен Монтай бірге аяқ басты,
Шұбыртып соңдарына ылғи жасты,
Кіргенде ақ ордаға сәлем беріп,
Монтекең бәйбішеге амандасты.
Терісін ақбөкеннің бөстек қылған,
Ақ киіз оюлатып сырмақ салған.
Арқаларын бумалы жүкке сүйеп,
Отырды екі мейман барып соған.
Кеңеспен бірсыпыра уақыт өтті,
Жататын ауыл, үйлер мезгіл жетті.
Бірі сөйлеп, мақұлдап, бірі тыңдап,
Бірталай қариялар сөзге кетті.
«Көк мұрын той» өзенін мекен қылған.
Ол өзен Шудан аққан бойыменен,
Батысқа өлкені өрлеп кетеді әрман.
өзеннің екі жағы қамысты көл,
Жайылып екі тарап болады сел,
Шашты қыз, тарақты алсын, шөп өседі,
Ат шаптырым алабында жайлаған ел.
Шаңқанда шағалалы құстар ұшып,
Шуылдап сұқсыр қонған суға түсіп.
Қызғыш - қызық, шәукілдек жағын безеп,
Аққу, қаз сұңқылдайды үнін қосып.
Алыстан көрсеткенде сұлу сағым,
Күлдіреп көтеріп тұр, көлдің бағын,
Жан-жағы көктеменің көкмайсасы,
Толтырып жаңа жарған жапырағын.
Қара құрт, қаптаған мал сонау дала,
Бықырлап ақтылы қой толған сала,
Шұбырып көлден жылқы шығып барад,
Қиқулап жылқышылар беткейді ала.
Көктілі, көкалалы төске толған,
Сары қарын биелері мама болған.
Бұлтылдап жұтқыншақтың жұмырындай,
Жарысып құлын мен тай ойын салған.
өзеннің алқапты асар қабағында,
Тізілген қалың елдің бер жағында,
Қардай ақ алты-жеті ақ орда тұр,
Малы жоқ қотан салған бер жағында.
Сыртқы елде көген шешіп,қозы маңырап,
Қыз-қатын, бала-шаға улап-шулап,
Күңіренген кешкі әуезбен үн қосылып,
өлкенің кетіп жатыр бойын қулап.
Ортада үлкен ақ үй сегіз қанат
Түзелген кемшіліксіз сән, салтанат.
Оюмен әлеміштеп отауларды,
Торлаған туырлығын неше қабат.
Екі үйдің арасында тартқаң белдеу,
Кермеде байлаулы тұр үш-төрт бедеу.
Тұғырда томағалы бүркіт отыр,
Қақшытып жем беріп тұр, оған біреу.
Тақалған үлкен үйге ақ отаудан,
Сызылып дауыс шығад, ән шырқаған,
Жуырда келіншегін алып еді,
Кенжесі Келден байдың ерке Байжан.
Күмістей ақ сақалды, қартқа басқан,
Жас мөлшері сексеннен еркін асқан,
Жамылған торғын тоны сүйретіліп,
Келден тұр үй сыртында қозғалмастан.
Сүйеніп таяғын шырқ айналып,
Алысқа жағалатып көзін салып,
Бұлдырап кәрі көзді кеш ұялтып,
Қарайды маңдайына қолын алып.
Батуға шеті ілінген алтын арай,
Жер астан, аспан үстен қарай-қарай.
Қоңыр түс ойға түсіп, қабақ жауып,
Тынышталып келе жатыр, дүние солай.
От шашып қызыл жібек маңайына,
Нұр төгіп көкжиектің маңдайына,
Түсіріп шымылдығын бір заманда,
Күн сұлу кіріп кетті сарайына.
Батыс пен солтүстіктің арасынан,
Келеді салт жолаушы бір-екі адам.
Жөн сұрап, бір адамнан қарсы жүрді,
Келдекең көз жіберіп тұрған соған.
Оқ бойы жерге келіп сәлем берді,
Қосшыға атын тастап қарсы жүрді,
Қол беріп Келден байға амандасты,
Көретін күн болды-ау деп сіздей ерді.
- Уа, шырағым, қай ұлсың? - деді Келден,
Түрлерің жат көрінед, шеттен келген.
Иә, баба, руым - Қыпшақ, атым - Монтай,
Көруге сізді әдейі іздеп келгем.
- Сен бе едің Қыпшақтағы әділ Монтай
Сыртыңнан тілеуші едім бір көре алмай,
Ендеше көріселік, кел, қарағым!
Жыласып, құшақтасты содан былай.
Кедден мен Монтай бірге аяқ басты,
Шұбыртып соңдарына ылғи жасты,
Кіргенде ақ ордаға сәлем беріп,
Монтекең бәйбішеге амандасты.
Терісін ақбөкеннің бөстек қылған,
Ақ киіз оюлатып сырмақ салған.
Арқаларын бумалы жүкке сүйеп,
Отырды екі мейман барып соған.
Кеңеспен бірсыпыра уақыт өтті,
Жататын ауыл, үйлер мезгіл жетті.
Бірі сөйлеп, мақұлдап, бірі тыңдап,
Бірталай қариялар сөзге кетті.
Бір сөздің кезеңімен жанастырып,
Монтекең байға бір сөз басып өтті.
-Бақ мынау, бала мынау, дәулет еркің,
Келдеке, сізде де арман бар ма? - депті.
Келдекең аз бөгеліп ойға кетіп,
Монтайға жауап берді сөзін күтіп:
- Армансыз бұл дүниеде жан бола ма,
Жеткізген кімді «тәңірі» түгел етіп.
- Таңданам, сіздің арман қандай екен,
Жасаған жанды, бақты әрін берген.
Естіп ем сыртыңыздан армансыз деп,
Бірінші себебім сол іздеп келген.
Тындарлық оқиға екен арманыңыз,
Шер болып жас жеткенше есте жүрген,
Елден де ер арманы күшті деген,
Байланған шеріңіз бар қандай жерден?
- Ешкімге айтпаушы едім бұл арманды,
Қайғымен күйдірсем де шыбын жанды.
Адам емес, алла емес, мен кінәлі,
өлтірттім жазасы жоқ бір жас жанды.
Дүниеден күлмей өттім, күлмес хандай,
Ойласам өкінішін тау басқандай.
Кеудемнен арсыз жаным шықпаған соң,
Тірі жүрмін өмірмен ұнасқандай.
Есімнен қалмай жүрген сол өкініш,
Күңіренем де, жылаймын ертеңді-кеш.
Күрсініп дертті леппен демін үрлеп,
Басын шайқап - еттім деді еңбегін еш.
Монтайым, мейманымсың, шын құрметті,
Саған айтпай, кімге айтам қайғы-дертті.
Сақалын сипап ескі балуан қолмен,
Ертек қып өткендерін бастап кетті:
- Дариға-ай, жалын сөнді, кәрілік жетті,
Дәуренім өң мен түстей өтті, кетті!
Куарып тән қартайып, жан жүдер деп
Жастықта көңіл мұны қашан күтті.
өмірдің алды жарық, соңы қара,
Талайға түсірді ғой бітпес жара.
Келденнің арманына ой жіберіп,
Менің де жас жүрегім пәре-пәре.
- Еліміз тым жауынгер күшті ел еді,
Жорықта талайға жол бермеп еді.
Басшы еді бір тайпа елге ағаларым,
Ешкімнен туып тосу көрмеп еді.
Бір туған үш үл, бір қыз төртеу едік,
Әкеміз ол уақытта өліп еді.
Мен едім үшеуінің ең кенжесі,
Он үшке менің жасым келіп еді.
Қалмақтың жортушысын андимыз деп,
Жас қалмай, барлығы атқа мініп еді.
Тамыздың аяқ кезі жаңылмасам,
Ел көшіп Қаратауға қонып еді.
Кемпір-шал, қатын-қалаш елде қалдық,
Күзетке күндегідей даярландық.
Түн болды, малды иірдік орталыққа,
Бір-бір ат бәріміз де ұстап алдық.
Еркекше әйелдер де киіп алған,
Түнімен аттан түспей ел айналған.
Қосылып екеу-екеу әрқайсысы,
Үзілтіп неше түрлі әнге салған.
Жым-жырт түнде сызылған сұлу дауыс,
Жаңғыртып ұйықтап жатқан тауға барған.
Жыр толғап, қысқа танды әнмен алдық,
Ол күнде әдет пе еді қажып-талған.
Оянды таста ұйықтаған таудың құсы,
Сәулемен араласқан жат дыбысы,
Шырлады бозторғайы ақ көденің,
Сарғайтып түрілген соң таңның түсі.
Албасты жерді басқан қараңғылық,
Білінбей бара жатыр ептеп жылып,
Түрленіп өң мен түстің арасындай,
Таң туып келе жатыр сан құбылып.
Бұлдырап Қаратаудың айналасы,
Бұқпа үнгір, бұғы қашқан қара тасы,
Құшып-сүйіп, құшақтасып жарыменен,
Әлі тұр табиғаттың бұлт баласы...
Аттарын жіберісті жүрттың бәрі,
Тарасты үйді-үйіне ұйықтағалы.
Түйе мініп, кәрілер жылқы өргізіп,
Қаратаудың бауырынан ұзады әрі.
Сүйткенше «жау шапты» деп айқай шықты,
Дүбірі жер жарғандай тауға соқты.
Зырылдауық тартылды кідірместен,
Кенеттен күтіп пе едік, ойда жоқты.
Жалаңаяқ, жалаң бас кетті халық,
Біреуі бақан, біреуі сырық алып.
Қатын-қалаш қалмады тайлы-таяқ,
Ел сеңдей соғылысты аттан салып.
Біреу жылап, біреулер құлап жатыр,
Ел басына түскен соң заманақыр,
өгіз, түйе мінгендер борсаңдатып,
Жаяудан да оза алмай бара жатыр.
Шүу деп айқай шыққанда, жалаң аяқ
Жүгірдім шыбын жанды аямай-ақ.
Жау да айдады, жылқыға мен де жеттім,
Шетінен ұстап қалдым сұр бикешті-ақ.
Сұр бикеш бедеу еді, арқар соққан,
Құстай ұшып шығатын талай топтан.
Басқа қылар қайратым бола алмады,
Қарусыз тұрып қалдым сонша топтан!
Қалың жау тасырлатып кетті қуып,
Алабын Қаратаудың шаңмен жуып,
Оңайлыққа түсетін көрінбейді,
Байқадым жаудың беті сондай суық.
Айналып ауылыма қайта келдім,
Бөгелмей сұр бикешті ерттеп міндім.
Ағамның қаруынан қару алып,
Бұл жауды не де болса қуам дедім.
Жалынды жалғыз апам, шешем менен,
«Айрылып қаламыз» деп тағы сенен.
Алдадым, ізін біліп қалайын деп,
Қорлығы өтіп барад өңменімнен.
Белімде зырылдауық байлап алған,
Көк найза тақымымда қысып салған.
Айбалта, отыз оқпен садақты алдым,
Ағамнан артық болып үйде қалған.
Жөнелдім жауды қуып сонан былай,
Ел қалды жаяу-жалпы, шулай-шулай.
Бұлдырап таңның соңғы сәулесімен,
Ұшырттым жан талқыда тулай-тулай.
Күн шықты нұрын шашты әрберден соң,
Күлдіріп дүниені жас баладай.
Көміліп бу мен бұлтқа Қаратауым,
Артымда қала берді қарай-қарай.
Жарыстым сардаланың сағымымен,
Адырдан асып шаптым қара қурай.
Көрініп алдым ылди шапқан сайын,
Ізімді тозаң қалды болжай алмай.
Сұр бикеш жымырылтып қос құлағын,
Шақырды шапқан сайын аруағын,
Тер шығып тебінгіден алғаннан соң,
Түсірді бір-ақ жерге төрт аяғын.
Екпінді алдымнан жел, артымнан шаң,
Шабысы жануардың қалдырды таң.
Көзімнен жас шығарды қызған сайын,
Құс жетпес қоса шауып тоқтатпасаң.
Көрінді жаудың шаңы будақ-будақ,
Аралас бұлтты тозаң, шу мен шумақ.
Жылқыны тас қып айдап, тобын жазбай,
Масатпен кетіп барад мыңдай қалмақ!
Ағыздым алдын орай тез жетем деп,
Жалғызды елемейді кісі екен деп,
Алдына еркін шығып алған кезде,
Қатайтып зырылдауықты алдым жөндеп.
Жылқыға қарсы ұмтылдым тоқтай алмай,
Қиқулап зырылдатып салдым айқай.
Кейін шауып жөнелді үріккен жылқы,
Қалмақтың қайырғанын елең қылмай.
Жылқыға араласып кеттім кіріп,
Қуып жүр қалмақтар да қайтара алмай.
Шаң жұтып, шомылдырдым шаңға өзімді,
Қызумен өлім барын еске де алмай.
Лап қойды маған қарай барлық қалмақ,
Қамалып қуып жетіп ұстап алмақ.
Жалындай жалтырады, жел үрлеген,
Сұр бикеш жеткізбеді оған бірақ.
Айқаймен шаң жарысып көтерілген,
Қауіп жоқ, қуса да әлі маған келген.
Ойнап қуып жүргендей қалмақ, сірә,
Қызығыма қуанам жеткізбеген.
Бұлтылдап шортан қуған шабаққа ұсап,
Талайынан құтылдым едіреңдеген,
Жөнелдім бір алаңмен шыға қашып,
Ойым жоқ жауға еркімді берем деген.
Қарақасқа атты, қалбағайлы қара қалмақ,
Көлденең тұра қалды маған қарап,
Жантайып садағымен тартайын деп,
Енді атқалы шіреніп тұр сығалап.
Дене шошып, жан қорқып тітіреп кетті,
Балдырған жас үмітке қауіп жетті.
Жалғыз апам жылаған өлесің деп,
Шешемнің сөзі де еске түсіп кетті.
Жалын құша жалтардым үлгірмедім,
Бедеудің сағағынан оқ сарт етті.
Омақата жығылды жерге барып,
Жазмыш қылыш ойнатты, жұмыс бітті.
Үш домалап анадай барып түстім,
Шаң үстімде қуанып бұрқ-бұрқ етті.
Тұра сала садақпен екі-үш тарттым,
Тобына толғауы жоқ оғым жетті.
Жығылды бір-екеуі қалбаң ойнап,
Қалғаны қаптап кетті, дулап қайнап.
Енді қару қылуға келмей қалды,
Түсе-түсе жүгіріп адды байлап!
Теңге таңып, еліне алып кетті,
Он бір күнде еліне барып жетті.
Жылқының жарымына мені қосып,
Олжа деп хандарына тарту етті.
Монтекең байға бір сөз басып өтті.
-Бақ мынау, бала мынау, дәулет еркің,
Келдеке, сізде де арман бар ма? - депті.
Келдекең аз бөгеліп ойға кетіп,
Монтайға жауап берді сөзін күтіп:
- Армансыз бұл дүниеде жан бола ма,
Жеткізген кімді «тәңірі» түгел етіп.
- Таңданам, сіздің арман қандай екен,
Жасаған жанды, бақты әрін берген.
Естіп ем сыртыңыздан армансыз деп,
Бірінші себебім сол іздеп келген.
Тындарлық оқиға екен арманыңыз,
Шер болып жас жеткенше есте жүрген,
Елден де ер арманы күшті деген,
Байланған шеріңіз бар қандай жерден?
- Ешкімге айтпаушы едім бұл арманды,
Қайғымен күйдірсем де шыбын жанды.
Адам емес, алла емес, мен кінәлі,
өлтірттім жазасы жоқ бір жас жанды.
Дүниеден күлмей өттім, күлмес хандай,
Ойласам өкінішін тау басқандай.
Кеудемнен арсыз жаным шықпаған соң,
Тірі жүрмін өмірмен ұнасқандай.
Есімнен қалмай жүрген сол өкініш,
Күңіренем де, жылаймын ертеңді-кеш.
Күрсініп дертті леппен демін үрлеп,
Басын шайқап - еттім деді еңбегін еш.
Монтайым, мейманымсың, шын құрметті,
Саған айтпай, кімге айтам қайғы-дертті.
Сақалын сипап ескі балуан қолмен,
Ертек қып өткендерін бастап кетті:
- Дариға-ай, жалын сөнді, кәрілік жетті,
Дәуренім өң мен түстей өтті, кетті!
Куарып тән қартайып, жан жүдер деп
Жастықта көңіл мұны қашан күтті.
өмірдің алды жарық, соңы қара,
Талайға түсірді ғой бітпес жара.
Келденнің арманына ой жіберіп,
Менің де жас жүрегім пәре-пәре.
- Еліміз тым жауынгер күшті ел еді,
Жорықта талайға жол бермеп еді.
Басшы еді бір тайпа елге ағаларым,
Ешкімнен туып тосу көрмеп еді.
Бір туған үш үл, бір қыз төртеу едік,
Әкеміз ол уақытта өліп еді.
Мен едім үшеуінің ең кенжесі,
Он үшке менің жасым келіп еді.
Қалмақтың жортушысын андимыз деп,
Жас қалмай, барлығы атқа мініп еді.
Тамыздың аяқ кезі жаңылмасам,
Ел көшіп Қаратауға қонып еді.
Кемпір-шал, қатын-қалаш елде қалдық,
Күзетке күндегідей даярландық.
Түн болды, малды иірдік орталыққа,
Бір-бір ат бәріміз де ұстап алдық.
Еркекше әйелдер де киіп алған,
Түнімен аттан түспей ел айналған.
Қосылып екеу-екеу әрқайсысы,
Үзілтіп неше түрлі әнге салған.
Жым-жырт түнде сызылған сұлу дауыс,
Жаңғыртып ұйықтап жатқан тауға барған.
Жыр толғап, қысқа танды әнмен алдық,
Ол күнде әдет пе еді қажып-талған.
Оянды таста ұйықтаған таудың құсы,
Сәулемен араласқан жат дыбысы,
Шырлады бозторғайы ақ көденің,
Сарғайтып түрілген соң таңның түсі.
Албасты жерді басқан қараңғылық,
Білінбей бара жатыр ептеп жылып,
Түрленіп өң мен түстің арасындай,
Таң туып келе жатыр сан құбылып.
Бұлдырап Қаратаудың айналасы,
Бұқпа үнгір, бұғы қашқан қара тасы,
Құшып-сүйіп, құшақтасып жарыменен,
Әлі тұр табиғаттың бұлт баласы...
Аттарын жіберісті жүрттың бәрі,
Тарасты үйді-үйіне ұйықтағалы.
Түйе мініп, кәрілер жылқы өргізіп,
Қаратаудың бауырынан ұзады әрі.
Сүйткенше «жау шапты» деп айқай шықты,
Дүбірі жер жарғандай тауға соқты.
Зырылдауық тартылды кідірместен,
Кенеттен күтіп пе едік, ойда жоқты.
Жалаңаяқ, жалаң бас кетті халық,
Біреуі бақан, біреуі сырық алып.
Қатын-қалаш қалмады тайлы-таяқ,
Ел сеңдей соғылысты аттан салып.
Біреу жылап, біреулер құлап жатыр,
Ел басына түскен соң заманақыр,
өгіз, түйе мінгендер борсаңдатып,
Жаяудан да оза алмай бара жатыр.
Шүу деп айқай шыққанда, жалаң аяқ
Жүгірдім шыбын жанды аямай-ақ.
Жау да айдады, жылқыға мен де жеттім,
Шетінен ұстап қалдым сұр бикешті-ақ.
Сұр бикеш бедеу еді, арқар соққан,
Құстай ұшып шығатын талай топтан.
Басқа қылар қайратым бола алмады,
Қарусыз тұрып қалдым сонша топтан!
Қалың жау тасырлатып кетті қуып,
Алабын Қаратаудың шаңмен жуып,
Оңайлыққа түсетін көрінбейді,
Байқадым жаудың беті сондай суық.
Айналып ауылыма қайта келдім,
Бөгелмей сұр бикешті ерттеп міндім.
Ағамның қаруынан қару алып,
Бұл жауды не де болса қуам дедім.
Жалынды жалғыз апам, шешем менен,
«Айрылып қаламыз» деп тағы сенен.
Алдадым, ізін біліп қалайын деп,
Қорлығы өтіп барад өңменімнен.
Белімде зырылдауық байлап алған,
Көк найза тақымымда қысып салған.
Айбалта, отыз оқпен садақты алдым,
Ағамнан артық болып үйде қалған.
Жөнелдім жауды қуып сонан былай,
Ел қалды жаяу-жалпы, шулай-шулай.
Бұлдырап таңның соңғы сәулесімен,
Ұшырттым жан талқыда тулай-тулай.
Күн шықты нұрын шашты әрберден соң,
Күлдіріп дүниені жас баладай.
Көміліп бу мен бұлтқа Қаратауым,
Артымда қала берді қарай-қарай.
Жарыстым сардаланың сағымымен,
Адырдан асып шаптым қара қурай.
Көрініп алдым ылди шапқан сайын,
Ізімді тозаң қалды болжай алмай.
Сұр бикеш жымырылтып қос құлағын,
Шақырды шапқан сайын аруағын,
Тер шығып тебінгіден алғаннан соң,
Түсірді бір-ақ жерге төрт аяғын.
Екпінді алдымнан жел, артымнан шаң,
Шабысы жануардың қалдырды таң.
Көзімнен жас шығарды қызған сайын,
Құс жетпес қоса шауып тоқтатпасаң.
Көрінді жаудың шаңы будақ-будақ,
Аралас бұлтты тозаң, шу мен шумақ.
Жылқыны тас қып айдап, тобын жазбай,
Масатпен кетіп барад мыңдай қалмақ!
Ағыздым алдын орай тез жетем деп,
Жалғызды елемейді кісі екен деп,
Алдына еркін шығып алған кезде,
Қатайтып зырылдауықты алдым жөндеп.
Жылқыға қарсы ұмтылдым тоқтай алмай,
Қиқулап зырылдатып салдым айқай.
Кейін шауып жөнелді үріккен жылқы,
Қалмақтың қайырғанын елең қылмай.
Жылқыға араласып кеттім кіріп,
Қуып жүр қалмақтар да қайтара алмай.
Шаң жұтып, шомылдырдым шаңға өзімді,
Қызумен өлім барын еске де алмай.
Лап қойды маған қарай барлық қалмақ,
Қамалып қуып жетіп ұстап алмақ.
Жалындай жалтырады, жел үрлеген,
Сұр бикеш жеткізбеді оған бірақ.
Айқаймен шаң жарысып көтерілген,
Қауіп жоқ, қуса да әлі маған келген.
Ойнап қуып жүргендей қалмақ, сірә,
Қызығыма қуанам жеткізбеген.
Бұлтылдап шортан қуған шабаққа ұсап,
Талайынан құтылдым едіреңдеген,
Жөнелдім бір алаңмен шыға қашып,
Ойым жоқ жауға еркімді берем деген.
Қарақасқа атты, қалбағайлы қара қалмақ,
Көлденең тұра қалды маған қарап,
Жантайып садағымен тартайын деп,
Енді атқалы шіреніп тұр сығалап.
Дене шошып, жан қорқып тітіреп кетті,
Балдырған жас үмітке қауіп жетті.
Жалғыз апам жылаған өлесің деп,
Шешемнің сөзі де еске түсіп кетті.
Жалын құша жалтардым үлгірмедім,
Бедеудің сағағынан оқ сарт етті.
Омақата жығылды жерге барып,
Жазмыш қылыш ойнатты, жұмыс бітті.
Үш домалап анадай барып түстім,
Шаң үстімде қуанып бұрқ-бұрқ етті.
Тұра сала садақпен екі-үш тарттым,
Тобына толғауы жоқ оғым жетті.
Жығылды бір-екеуі қалбаң ойнап,
Қалғаны қаптап кетті, дулап қайнап.
Енді қару қылуға келмей қалды,
Түсе-түсе жүгіріп адды байлап!
Теңге таңып, еліне алып кетті,
Он бір күнде еліне барып жетті.
Жылқының жарымына мені қосып,
Олжа деп хандарына тарту етті.
Сейқынның ақыр көндім мазағына,
Жегілдім неше түрлі азабына.
Тұтқынның басқасынан маған қатаң,
Арқаның хандары қас қазағына.
Орыным босағада тері тұлып,
Сыптай қылып тастаған, тар ғып тігіп,
Құлдары қоршылықпен ас береді,
Тұрады қүр қылтиып басым шығып.
Қапаста қоршылықпен күнім өтті,
Елден хабар болмады, мезгіл жетті.
Қазақтың батыры деп құл мен құтан,
Бетіме күйе жағып мазақ етті.
Көшкенде салбыратып, нарға теңдеп,
Тірі өліктей қор қылып сан сүйретті.
Ажалсыз жан кеудемнен шықпай жүріп,
Сол қорлықпен тұтқында бес жыл өтті.
Ол кезде Тарбағатай қалмақ жері,
Асқан жоқ көпке шейін онан бері.
Арқалық, Тянь-Шань тауын тағы жайлап,
Кей жылдар Маңыраққа да көшеді елі.
Құс ұшып, аң бармайтын қиялары,
Жалғыз-ақ сүйген нудың қоңыр желі,
Жамылған түрлі желең тау сұлуы,
Көктемде көк алқа өскен жидемелі.
Бұлт жамылып, киінген сағымменен,
Әлемге мақтанғандай, көр деп мені.
Күліп түсіп, көлемін күн құшады,
Менен басқа ұқпас деп адам сені.
Баладай өмірге ерке сұлу туып,
Ерлері жайдай ойнап, үміт қуып,
Талай жас, талай шешен, талай көсем -
Кіндік кескен осы алапта кірін жуып!
Құбылған бриллианттай жерін сырлап,
Бұлбұлы, бозторғайы және жырлап.
Көшкенде керуен өмір еске түсіп,
Кейде жас төгуші едім, көз бұлдырап.
Жегілдім неше түрлі азабына.
Тұтқынның басқасынан маған қатаң,
Арқаның хандары қас қазағына.
Орыным босағада тері тұлып,
Сыптай қылып тастаған, тар ғып тігіп,
Құлдары қоршылықпен ас береді,
Тұрады қүр қылтиып басым шығып.
Қапаста қоршылықпен күнім өтті,
Елден хабар болмады, мезгіл жетті.
Қазақтың батыры деп құл мен құтан,
Бетіме күйе жағып мазақ етті.
Көшкенде салбыратып, нарға теңдеп,
Тірі өліктей қор қылып сан сүйретті.
Ажалсыз жан кеудемнен шықпай жүріп,
Сол қорлықпен тұтқында бес жыл өтті.
Ол кезде Тарбағатай қалмақ жері,
Асқан жоқ көпке шейін онан бері.
Арқалық, Тянь-Шань тауын тағы жайлап,
Кей жылдар Маңыраққа да көшеді елі.
Құс ұшып, аң бармайтын қиялары,
Жалғыз-ақ сүйген нудың қоңыр желі,
Жамылған түрлі желең тау сұлуы,
Көктемде көк алқа өскен жидемелі.
Бұлт жамылып, киінген сағымменен,
Әлемге мақтанғандай, көр деп мені.
Күліп түсіп, көлемін күн құшады,
Менен басқа ұқпас деп адам сені.
Баладай өмірге ерке сұлу туып,
Ерлері жайдай ойнап, үміт қуып,
Талай жас, талай шешен, талай көсем -
Кіндік кескен осы алапта кірін жуып!
Құбылған бриллианттай жерін сырлап,
Бұлбұлы, бозторғайы және жырлап.
Көшкенде керуен өмір еске түсіп,
Кейде жас төгуші едім, көз бұлдырап.
Ханы еді қалмақтардың Сейқын деген,
Он мыңдай нөкері бар соңына ерген.
өзі бай, өзі мықты заманында,
Ешкімге Сейқын тұрып дес бермеген.
Мың басы бектері бар алты-жеті,
өзінен басқанікін жөн көрмеген.
Ұлдары өр көкірек, батырсымақ,
Басқаға менменсініп жол бермеген.
Сейқынның бір қызы бар жаннан асқан,
Жерде туып, көкте күнмен нұрын қосқан,
Хан түгіл, халқы сүйіп Құралайды,
Әрдайым, әйелсінбей ақылдасқан.
Талма түстің шағындай бой нұсқасы,
Түйген жібек секілді түйме басы.
Кәмшат бөрік шашақты және үкілі,
Төгілген қара мақпал, құндыз шашы.
Кең маңдайлы, қыр мұрын, бота көзді,
Түрімен ұқтырғандай, айтпақ сөзді.
Құлқында жан тартарлық терең сыр бар,
Тани ма дегендей-ақ өмір бізді.
Екі бет уылжып тұр қаны тамып,
Ақ жүзінде өмірдің шамы жанып.
Жас баланың аузындай кішкене аузын
Қызыл ерні сүйіп тұр құмарланып.
Жұп-жұмыр үлбіреген алма мойын,
Ақылдан орнатқандай өлшеу алып,
Білегі аппақ арай, ақ жамбыдай,
Сұлулық есі кетіп, тұр таң қалып.
Үстінде қызыл торғын, жеңді шапан,
Шырмауыт жиегіне кесте салған.
Көк көйлек, омырауында алтын алқа,
Ол күнгі қалмақ, қазақ салты болған.
өкшесін көкпен ойған қызыл кебіс
Орнатып қима тақа, батқы солған.
Арқаның ақ бұлтынан еш күткендей,
Қарайды ойлы көзбен кешке таман.
Қоңыр жел күліп келіп бетін сүйед,
Лебінен сүйген сайын жалын тиед.
Кей кезде жұмбақ бір ел еске түсіп,
өз жанын өзі ұға алмай от боп күйед.
Шіркін-ай, шыдамайды-ау, жаны құрғыр,
Елестеп өткенді айтсаң бір терең сыр!
өткенге ой бөлмей-ақ қояр едім,
Жанымды жеңетұғын осындай жыр.
Бір күні ханның үлкен тойы болды,
Жинады аймағынан барлық елді.
Босатып тұтқындарын басқа жұрттың,
Ақырында жалғыз қазақ маған келді.
өзгедей босатпады мені тегін,
Жіберсең жоқтайды деп, ескі кегін.
Алдына Сейқын ханның алып келіп,
Жұмсады ант сұрауға екі бегін.
- «Қалмаққа жау болмайсың бұдан былай
Ханымыз жарлық қылды саған солай,
Ант беріп, уәде бер, осы сөзге,
Әйтпесе босатпаймыз біз сені жай!»
Ар көрдім ант беруді дұспаныма,
Долданып қарлық іске қосқанына,
Кетіппін ызаланып, қаным қайнап,
Қалмақтың ант берер деп тосқанына.
-Саған жау, Сейқын сұмырай, мендей қазақ
Болмаймын бас алсаң да үйтіп мазақ
өлсем де елім үшін өкінбеймін,
Еркіңде, көрсете бер қандай азап.
Қайтсе де қосылмайды саған қаным,
Жаралғаннан жұртымды сүйген жаным.
Бүгін шешіп босатсаң, ертең жаумын,
Сендей жауды жапыру ойлағаным.
Апарып орныма тағы қойды,
Қараңғы үңгір езді еңсе, бойды,
Бұрынғыдай далаға шығармайды,
У қылып жұта бердім талай ойды.
Талып ұйықтап кетіппін тұрып сонда,
Асулы тастан салған босағада.
Біреу келіп еппенен оятты да,
Кепті жерге түсірді бір заманда.
Таныдым ханның қызы Құралайды,
Көргендей бұлттан шыққан жарық айды.
Бұрын талай өткенде қарамайтын,
Келеді деп, хан қызын кім ойлайды.
Үндеспей екі ойлы көз қалдық қатып,
Жұмбақты сыр денені тұнжыратып,
Күрсініп, сұлу бүрын көз тайғызды,
Асықтық әлсіретті лебі тартып.
- Сіз бе? - деді - кешегі көнбей кеткен
Қаймықпай ханға қарсы айбат еткен.
Сіздің қазақ екеніңіз білінген соң,
Мен сізді іздеп келдім бір себеппен.
- Қандайын мұңың болып келдің маған?
Айтайын арызым сол, батыр, саған:
Тен болмағыр Сейқынға пенде емеспін,
Не жәрдемің тиеді айтсам оған?
- Айт, - дедім, - шын мәнісін түсіндіріп,
Бастады сөзін сұлу жылап тұрып.
- Әкем Сейқын, шешем менің қазақ қызы,
Қайғымен өліп кетті шерлі жүріп!
Әкеміз біз жорықта қазақты алған,
Аз болып елі қарсы тұра алмаған.
Сол күнде он бесте екен менің анам,
Жас науша сорлы болып қолда қалған.
Қызығып артық сұлу болғандықтан,
Анамды қаны қара Сейқын алған.
Көнбесіне еркі жоқ жылай-жылай,
Сөйтіп осы Сейқынға пенде болған.
Басқалардың шешесі қалмақ қызы,
Сорлы анамның мен-ақпын жалғыз көзі,
өлерінде «құлыным» деп, жаным анам,
Бар еді өсиет қып айтқан сөзі.
Анама ешбір жанды тең көрмеуші ем,
Әке деп Сейқынға да өң бермеуші ем.
Аналық жүрегінде шын махаббат,
Мені ғана сүйгенін құп білуші ем.
«Жауыңа пенде болма» деген анам,
Қайғымен елін ойлап өлген анам.
«Жұртыма көзің көрсе сәлем айт» деп,
Қайғысын өлерінде берген анам.
Сол елі сорлы анамның сен боларсың,
Айтулы арманына тең боларсың,
Құтылмақ зор міндетім аманаттан,
Дертіме, Келден батыр, не табасың!?
Сол үшін келіп тұрмын, міне, сізге,
Түсіндім кеше ғана сіздің сөзге,
Құтқарам, мейлің тірі ал, мейлің өлтір,
Ерлік жоқ мен істейтін одан өзге.
Соны айтып мөлтілдетіп төкті жасын,
Меруерттей жаспен жуып қайғы-ызасын,
Мен де бірге егілдім ерлік жетпей,
Көрген соң күнәсі жоқ жас жарасын.
өкінтіп өшпес қайғы уын берді,
Дариға-ай, ұмытпаймын сондай жерді,
Жасты жаспен ағызып жуа бердім,
Шыдатар әйел күйі қандай ерді.
- Жолыңа мен тасаттық*, сен қалайсың?
«Мен сендік, ар айғақ» деп қолын берді.
Жас ойда жасырынған жанның сыры,
Шығарды сұлу жүзден суық терді.
Қолының қолды қысқан ыстық лебі,
Жасырын күйді шертті денедегі,
Асықтық екі жасты кетті билеп,
Сынасып бөгелуге жетпейді ебі.
Он мыңдай нөкері бар соңына ерген.
өзі бай, өзі мықты заманында,
Ешкімге Сейқын тұрып дес бермеген.
Мың басы бектері бар алты-жеті,
өзінен басқанікін жөн көрмеген.
Ұлдары өр көкірек, батырсымақ,
Басқаға менменсініп жол бермеген.
Сейқынның бір қызы бар жаннан асқан,
Жерде туып, көкте күнмен нұрын қосқан,
Хан түгіл, халқы сүйіп Құралайды,
Әрдайым, әйелсінбей ақылдасқан.
Талма түстің шағындай бой нұсқасы,
Түйген жібек секілді түйме басы.
Кәмшат бөрік шашақты және үкілі,
Төгілген қара мақпал, құндыз шашы.
Кең маңдайлы, қыр мұрын, бота көзді,
Түрімен ұқтырғандай, айтпақ сөзді.
Құлқында жан тартарлық терең сыр бар,
Тани ма дегендей-ақ өмір бізді.
Екі бет уылжып тұр қаны тамып,
Ақ жүзінде өмірдің шамы жанып.
Жас баланың аузындай кішкене аузын
Қызыл ерні сүйіп тұр құмарланып.
Жұп-жұмыр үлбіреген алма мойын,
Ақылдан орнатқандай өлшеу алып,
Білегі аппақ арай, ақ жамбыдай,
Сұлулық есі кетіп, тұр таң қалып.
Үстінде қызыл торғын, жеңді шапан,
Шырмауыт жиегіне кесте салған.
Көк көйлек, омырауында алтын алқа,
Ол күнгі қалмақ, қазақ салты болған.
өкшесін көкпен ойған қызыл кебіс
Орнатып қима тақа, батқы солған.
Арқаның ақ бұлтынан еш күткендей,
Қарайды ойлы көзбен кешке таман.
Қоңыр жел күліп келіп бетін сүйед,
Лебінен сүйген сайын жалын тиед.
Кей кезде жұмбақ бір ел еске түсіп,
өз жанын өзі ұға алмай от боп күйед.
Шіркін-ай, шыдамайды-ау, жаны құрғыр,
Елестеп өткенді айтсаң бір терең сыр!
өткенге ой бөлмей-ақ қояр едім,
Жанымды жеңетұғын осындай жыр.
Бір күні ханның үлкен тойы болды,
Жинады аймағынан барлық елді.
Босатып тұтқындарын басқа жұрттың,
Ақырында жалғыз қазақ маған келді.
өзгедей босатпады мені тегін,
Жіберсең жоқтайды деп, ескі кегін.
Алдына Сейқын ханның алып келіп,
Жұмсады ант сұрауға екі бегін.
- «Қалмаққа жау болмайсың бұдан былай
Ханымыз жарлық қылды саған солай,
Ант беріп, уәде бер, осы сөзге,
Әйтпесе босатпаймыз біз сені жай!»
Ар көрдім ант беруді дұспаныма,
Долданып қарлық іске қосқанына,
Кетіппін ызаланып, қаным қайнап,
Қалмақтың ант берер деп тосқанына.
-Саған жау, Сейқын сұмырай, мендей қазақ
Болмаймын бас алсаң да үйтіп мазақ
өлсем де елім үшін өкінбеймін,
Еркіңде, көрсете бер қандай азап.
Қайтсе де қосылмайды саған қаным,
Жаралғаннан жұртымды сүйген жаным.
Бүгін шешіп босатсаң, ертең жаумын,
Сендей жауды жапыру ойлағаным.
Апарып орныма тағы қойды,
Қараңғы үңгір езді еңсе, бойды,
Бұрынғыдай далаға шығармайды,
У қылып жұта бердім талай ойды.
Талып ұйықтап кетіппін тұрып сонда,
Асулы тастан салған босағада.
Біреу келіп еппенен оятты да,
Кепті жерге түсірді бір заманда.
Таныдым ханның қызы Құралайды,
Көргендей бұлттан шыққан жарық айды.
Бұрын талай өткенде қарамайтын,
Келеді деп, хан қызын кім ойлайды.
Үндеспей екі ойлы көз қалдық қатып,
Жұмбақты сыр денені тұнжыратып,
Күрсініп, сұлу бүрын көз тайғызды,
Асықтық әлсіретті лебі тартып.
- Сіз бе? - деді - кешегі көнбей кеткен
Қаймықпай ханға қарсы айбат еткен.
Сіздің қазақ екеніңіз білінген соң,
Мен сізді іздеп келдім бір себеппен.
- Қандайын мұңың болып келдің маған?
Айтайын арызым сол, батыр, саған:
Тен болмағыр Сейқынға пенде емеспін,
Не жәрдемің тиеді айтсам оған?
- Айт, - дедім, - шын мәнісін түсіндіріп,
Бастады сөзін сұлу жылап тұрып.
- Әкем Сейқын, шешем менің қазақ қызы,
Қайғымен өліп кетті шерлі жүріп!
Әкеміз біз жорықта қазақты алған,
Аз болып елі қарсы тұра алмаған.
Сол күнде он бесте екен менің анам,
Жас науша сорлы болып қолда қалған.
Қызығып артық сұлу болғандықтан,
Анамды қаны қара Сейқын алған.
Көнбесіне еркі жоқ жылай-жылай,
Сөйтіп осы Сейқынға пенде болған.
Басқалардың шешесі қалмақ қызы,
Сорлы анамның мен-ақпын жалғыз көзі,
өлерінде «құлыным» деп, жаным анам,
Бар еді өсиет қып айтқан сөзі.
Анама ешбір жанды тең көрмеуші ем,
Әке деп Сейқынға да өң бермеуші ем.
Аналық жүрегінде шын махаббат,
Мені ғана сүйгенін құп білуші ем.
«Жауыңа пенде болма» деген анам,
Қайғымен елін ойлап өлген анам.
«Жұртыма көзің көрсе сәлем айт» деп,
Қайғысын өлерінде берген анам.
Сол елі сорлы анамның сен боларсың,
Айтулы арманына тең боларсың,
Құтылмақ зор міндетім аманаттан,
Дертіме, Келден батыр, не табасың!?
Сол үшін келіп тұрмын, міне, сізге,
Түсіндім кеше ғана сіздің сөзге,
Құтқарам, мейлің тірі ал, мейлің өлтір,
Ерлік жоқ мен істейтін одан өзге.
Соны айтып мөлтілдетіп төкті жасын,
Меруерттей жаспен жуып қайғы-ызасын,
Мен де бірге егілдім ерлік жетпей,
Көрген соң күнәсі жоқ жас жарасын.
өкінтіп өшпес қайғы уын берді,
Дариға-ай, ұмытпаймын сондай жерді,
Жасты жаспен ағызып жуа бердім,
Шыдатар әйел күйі қандай ерді.
- Жолыңа мен тасаттық*, сен қалайсың?
«Мен сендік, ар айғақ» деп қолын берді.
Жас ойда жасырынған жанның сыры,
Шығарды сұлу жүзден суық терді.
Қолының қолды қысқан ыстық лебі,
Жасырын күйді шертті денедегі,
Асықтық екі жасты кетті билеп,
Сынасып бөгелуге жетпейді ебі.
Келер түн ың-шың дыбыс тағы да өлді,
Ұйқысыз біз күзеттік қалың елді.
Жәйшағыр деген ханның тұлпарымен,
Торғайкөкті Құралай алып келді.
Тасалап түн қолтығын кеттік жүріп,
Арқаның жөні осы деп желі құрып.
Жансыз түнде тұлпардың дүбірімен,
Тас құлағын салғандай бұғып тұрып.
Екі жастың тілегін тілегендей,
Жер үстіне қараңғы тұр жығылып.
Аңқау дала аңырап айналадан,
Таулар да бас иеді тәжім қылып.
Сылдыраған бұлақтың даусы да өшіп,
Дүбірдің екпініне тұр тығылып.
Қатты жүрген жүйріктің екпінімен,
Бетті сүйіп желпіп түр жел де күліп.
Үміт қуған жүректің тиышы кетіп,
Дем ала алмай келеді жан тұншығып.
Талай алқап қарсыдан өрлеп асып,
Талай биік таулардан кеттік шығып.
«Таң сызылып пердесі көтерілді,
Сәулемен қараңғылық итерілді,
өлкеден қараңғылық үн шығарып,
Түрлі күй, мың дыбыспен жан тірілді.
Жас кетті киіктей ат атылдырған,
Жұпарлы далаға бой жатылдырған.
Жарқырап күн де шықты, жарық жетті,
Патшасы бар әлемнің әділ тұрған.
Анасы махаббаттың жер құлпырды,
Нұр төгіп жер-жаһанға күн құлпырды,
Теңбіл аспан тесіле қарағандай,
Далада тағыға еріп кім құлпырды?
Жұмбағын сол күндердін жұтып өткен,
Құлдары махаббаттың жас құлпырды.
Адам деп соны да мен ойлармын ба,
Түсініп тыңдамаса мұндай сырды...
Жәйшағыр қане жүр деп елең етед,
Торғайкөк шұлғып тастап,сып-сып етед.
Киінген асыл киім жас Құралай,
Қадаған бриллианттаи жалт-жұлт етед.
Мөлдіреп екі көзі қарақаттай.
Нұрланған екі беті жарқ-жүрқ етед.
Тұлпардың жалы су-су, тақым ду-ду,
Сүйріктей сұлу қолын ербендетед.
Арудың аппақ тәні қажыды-ау деп,
Менің де айтқан сайын мазам кетед.
Сардала сағым ойнап сақ-сақ күлді,
Таулар да көк садағын мойнына ілді.
Басына бір биіктің шыққан кезде,
Құралай қуғыншыны қарап білді.
Алыстан шұбатылып ұшқан тозаң,
Кешікпей жақындасып бізге келді.
Сейқыннан басқалардың көбі түгел,
Есебі жүзден аса көзге ілінді.
Жөнелттім Торғайкөкпен Құралайды,
Бұл жаудан енді аяну жарамайды.
Сейқынның үлкен ұлы Дауыл батыр,
Көлденең мені жан деп қарамайды.
«Әуелі сол сайтанды шаншайын» деп,
Жөнелді қуып Дауыл Құралайды.
Жәйшағыр астымдағы құстай ұшты,
Ұмтылдым төтесінен біліп жайды.
Шашағы найзасының желк-желк етіп,
Айбалта, қылыш, қанжар жарқ-жұрқ етіп,
Тістеніп көзі жайнап о да ұмтылды,
Айқасып найза салдым, қуып жетіп.
Қырандай көз айырмай Дауыл қақты,
Көк найзам күл-күл болды күміс сапты,
Ол салды айбалтамен, мен сермедім,
Сынығын найзасының аспанға атты.
Суытпай қорамсақтан салып өттім,
Арам тән аударылып сеспей қатты.
Баяғы қарақасқа атты қара қалмақ,
Тез жетіп, менен бұрын ұстады атты.
Шапқанша садағыммен тартып кеттім,
Төбедей төңкеріліп о да жатты.
Тайсалды кейінгілер бір-бірлеуге,
Жан шіркін жаман итке қандай тәтті.
Садақпен суылдатып оқ жаудырдым,
Ажалдың айғағы боп қандар ақты.
Жанымның жаралары жазылғандай,
Аз да болса айызым тыным тапты.
Ажалдың күйін шертіп содан былай,
Шу мен шаң өлкені алды қулай-қулай,
Жаралы жан, жансыз тән даланы алып,
Он сан адам қырылды өлімге улай.
Қиянатшыл өмірдің таласы үшін,
Сорлы адамзат қырылды-ау талай-талай.
Ер ашынса еңбегі еш бола ма,
Бір өзім көпке тұрдым жан аямай.
Басшыдан қырық шақтысын құлатқан соң
Қалғаны тоз-тоз болды шыдай алмай.
Тізе қосып бірлесіп шаппаған соң,
Қасқырға сыртын тосқан болды қойдай.
Быт-шыт боп жеңілгені тұра қашты,
Ыңырсыған өліктер қалды солай.
Қанымда кешілместей кегім қалған,
Тапқандай, тыныс алдым көңілім жай.
Бір тауда қарауылдап құт дегенмін,
Іздедім серігімді содан былай...
Бағана жау жеткенде жас Құралай,
Атылған алдындағы тауға қарай.
Келденнің бекін деген шатқалында,
Соғыстың соңын күтті жылай-жылай.
Құйындай ығы-жығы жауды көріп,
Тілейді, сақтай көр деп, жасаған-ай!
өңіне үміт үзген қауіп кіріп,
Атынан жерге түсті шыдай алмай.
- Не болмақ, менің күнім Келден өлсе,
Мәңгілік тағдыр ойнап уын берсе,
Хандардың енді бетін қайтіп көрем,
Мені де күң қылатын кезек келсе.
Тұтқынға жастай түскен алтын анам,
Қайтпекпін маған соның жолын берсе,
Анамның аманатын іске асырмай
Арыма не демекпін әсіресе.
Сүйгенім көптен жалғыз арманда өліп,
Алмақ па ханның қолы мені жеңіп...
Қуарып екі беттің қаны қашып,
Жығылды тасты қүшып жылап келіп.
Тұлпар тұр, тас қойнында жатты сұлу,
Үмітсіз түнғиыққа батты сұлу.
Үмітін ақыл қалып, сезім билеп,
Бір оңай істің жөнін тапты сұлу.
Тез тұрып алмас қанжар қолына алды,
Аяр жан сорлы жаста қанша қалды.
Алмастың суық жүзі ой түсіріп,
Кідіріп бір минутке сынға салды.
Мен өлем, Келден қайтед тірі қалса,
өлтірмей қалмақ ұстап байлап алса,
өлмейін сүйгенімнің ісін білмей,
Кім білед, бағым жанар тірі қалса.
Соны ойлап шықты сұлу тасқа өрмелеп,
Ажалға ашық күші болды себеп.
Жау қашқан, Келден тосқан жерге қарай,
Дірілдеп көз жіберді сұлу жүдеп.
Жау жеңіліп майданда Келден қалған,
Жәйшағыр ор қояндай ойнақ салған.
Керек-керек қаруды жиып алып,
Жүгіртіп келеді екен тауға таман.
Кенеттен өңі кірді жас баладай,
Жүгірді түсе сала атқа қарай.
Қарсы шауып шатқалдан шыға келіп,
Жолықты Келденімен жас Құралай...
Мақтанып қуандырдым қысып, сүйіп,
Қатарласып бетіме беті тиіп,
Сылқылдап жетім сұлу сүйдіргенде,
Жаны қүрғыр жай таппай кетті күйіп.
Ұйқысыз біз күзеттік қалың елді.
Жәйшағыр деген ханның тұлпарымен,
Торғайкөкті Құралай алып келді.
Тасалап түн қолтығын кеттік жүріп,
Арқаның жөні осы деп желі құрып.
Жансыз түнде тұлпардың дүбірімен,
Тас құлағын салғандай бұғып тұрып.
Екі жастың тілегін тілегендей,
Жер үстіне қараңғы тұр жығылып.
Аңқау дала аңырап айналадан,
Таулар да бас иеді тәжім қылып.
Сылдыраған бұлақтың даусы да өшіп,
Дүбірдің екпініне тұр тығылып.
Қатты жүрген жүйріктің екпінімен,
Бетті сүйіп желпіп түр жел де күліп.
Үміт қуған жүректің тиышы кетіп,
Дем ала алмай келеді жан тұншығып.
Талай алқап қарсыдан өрлеп асып,
Талай биік таулардан кеттік шығып.
«Таң сызылып пердесі көтерілді,
Сәулемен қараңғылық итерілді,
өлкеден қараңғылық үн шығарып,
Түрлі күй, мың дыбыспен жан тірілді.
Жас кетті киіктей ат атылдырған,
Жұпарлы далаға бой жатылдырған.
Жарқырап күн де шықты, жарық жетті,
Патшасы бар әлемнің әділ тұрған.
Анасы махаббаттың жер құлпырды,
Нұр төгіп жер-жаһанға күн құлпырды,
Теңбіл аспан тесіле қарағандай,
Далада тағыға еріп кім құлпырды?
Жұмбағын сол күндердін жұтып өткен,
Құлдары махаббаттың жас құлпырды.
Адам деп соны да мен ойлармын ба,
Түсініп тыңдамаса мұндай сырды...
Жәйшағыр қане жүр деп елең етед,
Торғайкөк шұлғып тастап,сып-сып етед.
Киінген асыл киім жас Құралай,
Қадаған бриллианттаи жалт-жұлт етед.
Мөлдіреп екі көзі қарақаттай.
Нұрланған екі беті жарқ-жүрқ етед.
Тұлпардың жалы су-су, тақым ду-ду,
Сүйріктей сұлу қолын ербендетед.
Арудың аппақ тәні қажыды-ау деп,
Менің де айтқан сайын мазам кетед.
Сардала сағым ойнап сақ-сақ күлді,
Таулар да көк садағын мойнына ілді.
Басына бір биіктің шыққан кезде,
Құралай қуғыншыны қарап білді.
Алыстан шұбатылып ұшқан тозаң,
Кешікпей жақындасып бізге келді.
Сейқыннан басқалардың көбі түгел,
Есебі жүзден аса көзге ілінді.
Жөнелттім Торғайкөкпен Құралайды,
Бұл жаудан енді аяну жарамайды.
Сейқынның үлкен ұлы Дауыл батыр,
Көлденең мені жан деп қарамайды.
«Әуелі сол сайтанды шаншайын» деп,
Жөнелді қуып Дауыл Құралайды.
Жәйшағыр астымдағы құстай ұшты,
Ұмтылдым төтесінен біліп жайды.
Шашағы найзасының желк-желк етіп,
Айбалта, қылыш, қанжар жарқ-жұрқ етіп,
Тістеніп көзі жайнап о да ұмтылды,
Айқасып найза салдым, қуып жетіп.
Қырандай көз айырмай Дауыл қақты,
Көк найзам күл-күл болды күміс сапты,
Ол салды айбалтамен, мен сермедім,
Сынығын найзасының аспанға атты.
Суытпай қорамсақтан салып өттім,
Арам тән аударылып сеспей қатты.
Баяғы қарақасқа атты қара қалмақ,
Тез жетіп, менен бұрын ұстады атты.
Шапқанша садағыммен тартып кеттім,
Төбедей төңкеріліп о да жатты.
Тайсалды кейінгілер бір-бірлеуге,
Жан шіркін жаман итке қандай тәтті.
Садақпен суылдатып оқ жаудырдым,
Ажалдың айғағы боп қандар ақты.
Жанымның жаралары жазылғандай,
Аз да болса айызым тыным тапты.
Ажалдың күйін шертіп содан былай,
Шу мен шаң өлкені алды қулай-қулай,
Жаралы жан, жансыз тән даланы алып,
Он сан адам қырылды өлімге улай.
Қиянатшыл өмірдің таласы үшін,
Сорлы адамзат қырылды-ау талай-талай.
Ер ашынса еңбегі еш бола ма,
Бір өзім көпке тұрдым жан аямай.
Басшыдан қырық шақтысын құлатқан соң
Қалғаны тоз-тоз болды шыдай алмай.
Тізе қосып бірлесіп шаппаған соң,
Қасқырға сыртын тосқан болды қойдай.
Быт-шыт боп жеңілгені тұра қашты,
Ыңырсыған өліктер қалды солай.
Қанымда кешілместей кегім қалған,
Тапқандай, тыныс алдым көңілім жай.
Бір тауда қарауылдап құт дегенмін,
Іздедім серігімді содан былай...
Бағана жау жеткенде жас Құралай,
Атылған алдындағы тауға қарай.
Келденнің бекін деген шатқалында,
Соғыстың соңын күтті жылай-жылай.
Құйындай ығы-жығы жауды көріп,
Тілейді, сақтай көр деп, жасаған-ай!
өңіне үміт үзген қауіп кіріп,
Атынан жерге түсті шыдай алмай.
- Не болмақ, менің күнім Келден өлсе,
Мәңгілік тағдыр ойнап уын берсе,
Хандардың енді бетін қайтіп көрем,
Мені де күң қылатын кезек келсе.
Тұтқынға жастай түскен алтын анам,
Қайтпекпін маған соның жолын берсе,
Анамның аманатын іске асырмай
Арыма не демекпін әсіресе.
Сүйгенім көптен жалғыз арманда өліп,
Алмақ па ханның қолы мені жеңіп...
Қуарып екі беттің қаны қашып,
Жығылды тасты қүшып жылап келіп.
Тұлпар тұр, тас қойнында жатты сұлу,
Үмітсіз түнғиыққа батты сұлу.
Үмітін ақыл қалып, сезім билеп,
Бір оңай істің жөнін тапты сұлу.
Тез тұрып алмас қанжар қолына алды,
Аяр жан сорлы жаста қанша қалды.
Алмастың суық жүзі ой түсіріп,
Кідіріп бір минутке сынға салды.
Мен өлем, Келден қайтед тірі қалса,
өлтірмей қалмақ ұстап байлап алса,
өлмейін сүйгенімнің ісін білмей,
Кім білед, бағым жанар тірі қалса.
Соны ойлап шықты сұлу тасқа өрмелеп,
Ажалға ашық күші болды себеп.
Жау қашқан, Келден тосқан жерге қарай,
Дірілдеп көз жіберді сұлу жүдеп.
Жау жеңіліп майданда Келден қалған,
Жәйшағыр ор қояндай ойнақ салған.
Керек-керек қаруды жиып алып,
Жүгіртіп келеді екен тауға таман.
Кенеттен өңі кірді жас баладай,
Жүгірді түсе сала атқа қарай.
Қарсы шауып шатқалдан шыға келіп,
Жолықты Келденімен жас Құралай...
Мақтанып қуандырдым қысып, сүйіп,
Қатарласып бетіме беті тиіп,
Сылқылдап жетім сұлу сүйдіргенде,
Жаны қүрғыр жай таппай кетті күйіп.
Күні-түні Бетпақтың шөлін басып,
Алабынан адастық арман асып.
Кез болдық қалың қамыс бір қопаға,
Шаңқай түстің кезінде қалжырасып.
Мен айттым тынығуды ат шалдырып,
Құралай ұнатпады түйсін кіріп.
- Ұры-қары, зияны бар жер шығар,
Түспе деп, безектеді тілек қылып.
Көнбедім, дем алсын деп тілегіне,
Түсінбей түйсін кірген жүрегіне.
Күлместей күлмей өткен сорлымын ғой,
Арманда әлі өкінем керегі не?
Аунатып тұлпарлардың ерін алдық,
Тамақ ішіп, жайланып тынышталдық.
Әуе жерге түскендей ыстық күшті,
Салқындап шомылуға көлге бардық.
Бір суда жас Құралай жалғыз қалды,
Қалжырадық, ыстықтан бас айналды,
Құралай ұялам деп шешінуге,
Шомыл деп менен бөлек тілей қалды.
Тілегін бермейтұғын шамам бар ма,
Жас жүрек құл емес пе сүйген жарға.
Түспе деді, қопаға мен түспедім,
Ылғи ғана мен жеңсем жөн бола ма?
Иіліп ой ойлаған қамыс, қоға,
Сыбдырсыз мұңайғандай төмен бұға.
Аспанның тақталаңған бұлттары
Суретін түсіріп тұр мөлдір суға.
Жалаңаш сұлу тұрды күмән алып,
Қанды көл, қопа басты шыр айналып,
Күмістей аппақ тәнге күн шағылды,
Білек, балтыр қояндай жұмырланып.
Астында қара шаштың көз жаудырап,
Еркелейді, өзіне-өзі құмарланып.
Екі алма аналықта алдиярлап,
Күліп тұр жас балаша, шамдай жанып.
Жамбыдай тән үстіне әліп тартып,
Мықынсыз сұлу суға кетті батып.
Қанатымен қағынған аққуға ұсап,
Шомылды сумен ойнап шапылдатып.
Астында шам, үстінде құндыз жүзіп,
Ақ қайрандай денесін қимылдатып.
Шошытты Құралайды суда ойнаған,
Әлде не жан, қамысты сылдыратып.
Кешікпей қайтып келіп тұрағыма,
Қарадым, жарымды іздеп жан-жағыма.
Бұл неге кешікті деп іздегенше,
Шыңғырған дауыс келді құлағыма.
Тұла бойым шымырлап мұздап кетті,
Не пәле ұшырады деп қарағыма.
Жүгірдім өзім тастап кеткен жерге,
Оғын сала әзірлеп садағыма.
Дамылсыз дыбыс күттім демім санап,
Әлсіздеу ішін тартты тағы жылап,
Қоян алған бүркіттей шөге түсіп,
Құралайды жолбарыс жатыр талап.
Тұра ұмтылдым, садақпен қалдым тартып,
Жолбарыс та жығылды сеспей қатып.
Қуанышым, қуатым, жан серігім,
Сұм ажалға кез болды түзде жатып.
Қайғы басты қараңғылық қамағандай,
Қоштасып копа бірге жылағандай,
Жаралы тәнін құшып Құралайдың,
Сорлы жан, мен күнірендім содан былай.
Айрылдым өмірімнің жарығынан,
Алып келіп, қопаға тілін алмай.
Жасымнан көргенімнің бәрі қайғы,
Жас жанды аямаған жасаған-ай!..
Несіне сенен қалып тірі жүрем,
Мені де алсын сенімен, тірі қоймай.
өлейін деп қолға алдым қанжарымды,
Құралай ыңырсыды қозғала алмай.
Жібек шаштың астында қанданған бет,
Жарадан қан саулады, дірілдеп ет.
Күңіреніп басында Келден отыр,
Құралай көзін ашты екі-үш рет.
Сөйледі жүзіне өлім нұры кіріп,
- Құшағын жайып тұр ғой анам келіп,
Қиянатпен тууыма себеп болған,
Жауыз Сейқын жоқ болды бір көрініп...
- Жан анам, барайын ба? Барайын деп,
Риза бол балаңа деп, қойды күліп.
Аздан соң Келденіне арыз айтып,
Есіл қыршын жан беріп, кетті үзіліп...
Құралай бұл сөзді айтқан сонда маған,
- Сүйіктім тілегіңе жетпей қалған,
Мен өлсем де мақсатқа жетіп өлдім,
Анам сөзін орындадым мойныма алған.
Сен де жет тілегіңе әуелдегі,
Шерін жаз жүрегіңнің жараланған,
Мен өлді деп сен өлме, өмір тіле,
Дұспаныңнан кегіңді ал назаланған.
Басында қабыл болды біздің тілек,
өлсем де сол ісімді қылам тірек.
өмір сүріп, өркендеп, ұрпақ өсір,
Соны сенен тілейді сүйген жүрек.
Жас шығармай мөлдіреп екі көзі,
Осы еді Құралайдың айтқан сөзі.
Уәде деп зарланып серт айтқанда
Куә болып үн қосқан жердің жүзі.
Сұлудың Құралайдай сол болды ісі,
Жеткендей ұмытуға кімнің күші,
Монтайым, қартайғанша қасіретім сол,
Арман ба, емес пе арман, маған осы?
Осыны айтып кеңкілдеп Келден жылап,
Алдын жуды сақалдан жас домалап,
Бұл арман Монтекемнің күйін шертіп,
Мұндасты екі кәрі бірдей жылап.
- Дариға-ай, талай жаудан кегімді алдым,
Соғысты бұл алапта талай салдым.
Үш-ақ күн өмір сүрдім үш мың жылдық,
Не керек жазылмайтын дертте қалдым,
Деп Келден тамам қылды барлық сөзін,
Қартайтқан бұл қайғымен бейшара өзін.
Жазалы кім, жазасызды күйдірген кім?
Тексерші өткендердің әрбір ізін.
Алабынан адастық арман асып.
Кез болдық қалың қамыс бір қопаға,
Шаңқай түстің кезінде қалжырасып.
Мен айттым тынығуды ат шалдырып,
Құралай ұнатпады түйсін кіріп.
- Ұры-қары, зияны бар жер шығар,
Түспе деп, безектеді тілек қылып.
Көнбедім, дем алсын деп тілегіне,
Түсінбей түйсін кірген жүрегіне.
Күлместей күлмей өткен сорлымын ғой,
Арманда әлі өкінем керегі не?
Аунатып тұлпарлардың ерін алдық,
Тамақ ішіп, жайланып тынышталдық.
Әуе жерге түскендей ыстық күшті,
Салқындап шомылуға көлге бардық.
Бір суда жас Құралай жалғыз қалды,
Қалжырадық, ыстықтан бас айналды,
Құралай ұялам деп шешінуге,
Шомыл деп менен бөлек тілей қалды.
Тілегін бермейтұғын шамам бар ма,
Жас жүрек құл емес пе сүйген жарға.
Түспе деді, қопаға мен түспедім,
Ылғи ғана мен жеңсем жөн бола ма?
Иіліп ой ойлаған қамыс, қоға,
Сыбдырсыз мұңайғандай төмен бұға.
Аспанның тақталаңған бұлттары
Суретін түсіріп тұр мөлдір суға.
Жалаңаш сұлу тұрды күмән алып,
Қанды көл, қопа басты шыр айналып,
Күмістей аппақ тәнге күн шағылды,
Білек, балтыр қояндай жұмырланып.
Астында қара шаштың көз жаудырап,
Еркелейді, өзіне-өзі құмарланып.
Екі алма аналықта алдиярлап,
Күліп тұр жас балаша, шамдай жанып.
Жамбыдай тән үстіне әліп тартып,
Мықынсыз сұлу суға кетті батып.
Қанатымен қағынған аққуға ұсап,
Шомылды сумен ойнап шапылдатып.
Астында шам, үстінде құндыз жүзіп,
Ақ қайрандай денесін қимылдатып.
Шошытты Құралайды суда ойнаған,
Әлде не жан, қамысты сылдыратып.
Кешікпей қайтып келіп тұрағыма,
Қарадым, жарымды іздеп жан-жағыма.
Бұл неге кешікті деп іздегенше,
Шыңғырған дауыс келді құлағыма.
Тұла бойым шымырлап мұздап кетті,
Не пәле ұшырады деп қарағыма.
Жүгірдім өзім тастап кеткен жерге,
Оғын сала әзірлеп садағыма.
Дамылсыз дыбыс күттім демім санап,
Әлсіздеу ішін тартты тағы жылап,
Қоян алған бүркіттей шөге түсіп,
Құралайды жолбарыс жатыр талап.
Тұра ұмтылдым, садақпен қалдым тартып,
Жолбарыс та жығылды сеспей қатып.
Қуанышым, қуатым, жан серігім,
Сұм ажалға кез болды түзде жатып.
Қайғы басты қараңғылық қамағандай,
Қоштасып копа бірге жылағандай,
Жаралы тәнін құшып Құралайдың,
Сорлы жан, мен күнірендім содан былай.
Айрылдым өмірімнің жарығынан,
Алып келіп, қопаға тілін алмай.
Жасымнан көргенімнің бәрі қайғы,
Жас жанды аямаған жасаған-ай!..
Несіне сенен қалып тірі жүрем,
Мені де алсын сенімен, тірі қоймай.
өлейін деп қолға алдым қанжарымды,
Құралай ыңырсыды қозғала алмай.
Жібек шаштың астында қанданған бет,
Жарадан қан саулады, дірілдеп ет.
Күңіреніп басында Келден отыр,
Құралай көзін ашты екі-үш рет.
Сөйледі жүзіне өлім нұры кіріп,
- Құшағын жайып тұр ғой анам келіп,
Қиянатпен тууыма себеп болған,
Жауыз Сейқын жоқ болды бір көрініп...
- Жан анам, барайын ба? Барайын деп,
Риза бол балаңа деп, қойды күліп.
Аздан соң Келденіне арыз айтып,
Есіл қыршын жан беріп, кетті үзіліп...
Құралай бұл сөзді айтқан сонда маған,
- Сүйіктім тілегіңе жетпей қалған,
Мен өлсем де мақсатқа жетіп өлдім,
Анам сөзін орындадым мойныма алған.
Сен де жет тілегіңе әуелдегі,
Шерін жаз жүрегіңнің жараланған,
Мен өлді деп сен өлме, өмір тіле,
Дұспаныңнан кегіңді ал назаланған.
Басында қабыл болды біздің тілек,
өлсем де сол ісімді қылам тірек.
өмір сүріп, өркендеп, ұрпақ өсір,
Соны сенен тілейді сүйген жүрек.
Жас шығармай мөлдіреп екі көзі,
Осы еді Құралайдың айтқан сөзі.
Уәде деп зарланып серт айтқанда
Куә болып үн қосқан жердің жүзі.
Сұлудың Құралайдай сол болды ісі,
Жеткендей ұмытуға кімнің күші,
Монтайым, қартайғанша қасіретім сол,
Арман ба, емес пе арман, маған осы?
Осыны айтып кеңкілдеп Келден жылап,
Алдын жуды сақалдан жас домалап,
Бұл арман Монтекемнің күйін шертіп,
Мұндасты екі кәрі бірдей жылап.
- Дариға-ай, талай жаудан кегімді алдым,
Соғысты бұл алапта талай салдым.
Үш-ақ күн өмір сүрдім үш мың жылдық,
Не керек жазылмайтын дертте қалдым,
Деп Келден тамам қылды барлық сөзін,
Қартайтқан бұл қайғымен бейшара өзін.
Жазалы кім, жазасызды күйдірген кім?
Тексерші өткендердің әрбір ізін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?