Қазақша өлең: Иса Байзақов (Бауырым Ахметжан!) » ZHARAR © 2017 | иса байзаков Бауырым Ахметжан туралы олен иса байзақов өлең стихи на казахском языке иса байзаков, иса байзақовтың өлеңі, стихи на казахском языке иса байзаков, Бауырым Ахметжан




  • »

Қазақша өлең: Иса Байзақов (Бауырым Ахметжан!)

Қазақша өлең: Иса Байзақов (Бауырым Ахметжан!) казакша Қазақша өлең: Иса Байзақов (Бауырым Ахметжан!) на казахском языке

Бауырым, денің сау ма, Ахметжан!
Халқыңды жауынгерім мақтандырған.
Жарың жайнап, бауырлар гүлдей күліп,
Жас қырандай түледі алтын анаң.
Ту тігіп, туған жерің Баянаула,
Шаттанып ер ұлына, аспандауда.
Масатпен жігерленед қазақ халқы
Оғыңның үнін естіп атқан жауға.
Жауынан жасқанған жан ер бола ма,
Еріне сүйінбеген ел бола ма,
Отан үшін, келешек бақыт үшін,
Отты бол, ер жүрек бол, қорғалама!
Орденің Жұлдыз, айға шағылысқан,
Сәулесі келіп түсед - бізге алыстан.
Сендерді қамтамасыз ету үшін,
Еңбекті үдетеміз жалықпастан.
Ақындар қаламынан бал тамызып,
Айтысып, шаруа, өндіріс күшін жазып,
Тылда да, майданда да шабыт беріп,
Кербез ән, күй сайрауда жаныңа азық.
Көп сәлем достарыңа ақын жаннан,
Шертілді жүрек қылы қуанғаннан,
Ерлерім! Жауды құртып, сау қайтыңдар,
Баса бер сағат сайын алға таман.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 248
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .