Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Солдат)

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Солдат) казакша Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Солдат) на казахском языке

Майданда сонау жыл
Бізбенен бір жүрді.
Ер жүрек солдат бір
Мінезі күлдіргі.
Сөйлеп шын қызғанда
Сөзді тым тапқыш-ақ,
Қол боста қыздарға
Жазатын хат құшақ.
Ойнайтын еркіндеп,
Гармоньға қолы епті.
Полктың көркі боп,
Ол талай жол өтті.
...От орап даланы
Басталды қатты ұрыс.
Жауынгер жаралы
Болыпты қапылыс...
Қазір ол қай маңда
Білмейміз, хат үздік.
Болады майданда
Кейде ондай сәтсіздік.

Аспан жер қабысып,
Шарлады көк түтін.
Оқпенен жарысып,
Зымырап өтті күн.
Елімнің көрінді
Биіктеп иығы.
Зулады Берлинге
Соғыстың. құйыны.
Хат алдық бір күні
Дәл оның өзінен.
Жазыпты күлкілі
Қуақы сөзімен:
«Болса кім шын солдат
Соғыста өлер ме?!
Барамын сым жалғап
Волгадан Одерге».
Жолдастар жабылып,
Оқыдық сол хатты.
Қалыппыз сағынып
Әзілкеш солдатты.
Беттер:
<< 1 2 >>




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, сырбай мауленов Солдат өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мауленов олендери, сырбай мауленов стихи казахском языке, сырбай мәуленов олендер жинагы, Солдат, солдат туралы тақпақ, солдат туралы өлеңдер, стихи на казахском языке солдат, сырбай мауленов Солдат өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мауленов олендери, сырбай мауленов стихи казахском языке, сырбай мәуленов олендер жинагы, Солдат, солдат туралы тақпа, Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Солдат), Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Солдат) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

  • Анализ сайта www.zharar.com