Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Толған ай) » ZHARAR © 2016 | магжан жумабаев Толған ай өлең олен мағжан жұмабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих, казакша олен магжан жумабаев, магжан жумабаев стихи на казахском языке, Толған ай




  • »

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Толған ай)

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Толған ай) казакша Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Толған ай) на казахском языке

Тұрасың, мейірімді Ай, нұрың шашып,
Бұғып жүр қараңғылық бетін басып,
Толсаң да солсаң-дағы айрылмайтын
Жолдасың - жұлдызыңмен қол ұстасып.
Далада жолаушыға сен жолбасшы,
Егерде жазатайым жүрсе адасып.
Дөңгелек, жарасымды ақ келбетің,
Жүресің жылжып қана әсем басып.
Ажары ақ жамбыдай сұлулардың
Жалғанда тіпті кетпес көркі асып.
Сәулеңнің түскеніне әлдеқандай
Теңіздер жан теңгермес жатқан тасып.
Мәз-мейрам көкте қатар жүргеніне
Жұлдыздар иек қағып жымыңдасып.
Жалғыз-ақ іштен сені жек көреді
Екі жар қол ұстасқан сыбырласып.
«Жарықта қараңдап, бой көрінед!»- деп,
Бір-бірін сүйісе алмас мауқын басып.
Елжіреп көңілдері, құмар қанбай,
Айрылар біраздан соң амандасып.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 301
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .