Қазақша өлең: Тұрмағанбет Кенжебаев (Бүгiнгi Алматы) » ZHARAR © 2017 | Тұрмағанбет Кенжебаев Бүгiнгi Алматы өлең турмагамбет кенжебаев стих олен, турмагамбет кенжебаев олендери стихи на казахском языке, турмагамбет кенжебаев олендери казакша, Бүгiнгi Алматы, алматы туралы өлең олен стих, тұрмағанбет кенжебаев өлеңдері




  • »

Қазақша өлең: Тұрмағанбет Кенжебаев (Бүгiнгi Алматы)

Қазақша өлең: Тұрмағанбет Кенжебаев (Бүгiнгi Алматы) казакша Қазақша өлең: Тұрмағанбет Кенжебаев (Бүгiнгi Алматы) на казахском языке

...Арман болған талайдан мұңдас қала,
Аты Алматы демесең бұл да астана!
Әр орыстың мұндағы он үйi бар –
Он қазақтың басында бiр баспана!

Күштi менен әлдiнiң сөзi жүрген,
Өңшең түлкi айналаң көзi күлген.
Ит пен құсты есiртiп, желiктiрген
Барлығы тек, қайтейiн, өзiмiзден!

Таусылмайтын, бiтпейтiн бастамасы,
Жатырынан қағынған жас баласы.
Қаптаған қалың жынның ордасындай
Қазағымның бүгiнгi бас қаласы...

Көзiне iлмей рухы қашқан елдi,
Ашып қойды ұры мен жатқа жолды.
Жабыла кеп мақтаған нарықтың да –
Бар қызығын бiз емес, басқа көрдi...

Ел болған соң болады ондайлары,
Жамандықты тiзбейiк қай-қайдағы.
Арам асқа тойынып, семiрген соң
Сыртқа қашу бүгiнде сәнге айналды...

Қара нардай қайыспас ерсiң дедi,
Тәуелсiзсiң, еркiнсiң, теңсiң дедi,
Кеңдiгiңдi бар әлем көрсiн дедi –
Барлығын көтеретiн сенсiң дедi...

Арман болған талайдан мұңдас қала,
Мұңдас қала, жаныма сырлас қала.
Әр орыстың мұндағы он үйi бар –
Он қазақтың басында бiр баспана...


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 253
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .