» » » Қазақша өлең: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Түнгі күзет)

Қазақша өлең: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Түнгі күзет)

Қазақша өлең: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Түнгі күзет) казакша Қазақша өлең: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Түнгі күзет) на казахском языке
Не деп саған жазайын,.. қой қоздаған,
Тау мөңіреп, аспанда Ай боздаған.
Жұлдыздар да түрткілеп түйсігімді,..
түсініксіз діріл бар бойда аздаған.

Не деп саған жазайын,.. төбет үрген...
Сандырақтап Түз жатыр көне тілде.
Аш байғыздар пәлекет шақырады,
осы түнде қырылып өлетіндей.

Не деп саған жазайын,.. көк өспеген.
Өмір сүріп жатырмыз елеспенен.
Тірі тышқан көрмеген тарғыл мысық
даңғырлатып ойнайды тегешпенен.

Сұқ саусағы әр қойын санап бағар
Қойшы қойды қораға қаматпаған.
Түн қылауын қидалап құлағымен,
осқырынып қояды торы ат маған.

Сабыр сақтар адаммын, есір емен,
күйіп-пісе беремін несіне мен?!
Мың ашылып ауызы, мың қисайып,
жапан түзде жалғыз үй есінеген.

Өз басынан өткермей сенген бе өзге,
ертек сынды бәрі де көрген көзге.
Дем алармын, желіні сыздап Таңның,
қозы-бұлттар жамырап емген кезде.

Автор: ZHARAR | 4 329 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ойладым бір сөз жазайын да)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ойладым бір сөз жазайын да)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Көктем)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Көктем)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Несіне өмір сүргенсің)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Несіне өмір сүргенсің)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жаман өлең)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жаман өлең)
Қазақша өлең: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Жекеқоңыр)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Жекеқоңыр)
Қазақша өлең: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Боран алдында)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Боран алдында)
Қазақша өлең: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Мерей)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Мерей)
Қазақша өлең: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Түсжорыған)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Түсжорыған)
Қазақша өлең: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Шексіздіктен сен де бірде оралдың....)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Шексіздіктен сен де бірде оралдың....)
Қазақша өлең: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы
Қазақша өлең: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Аномалия)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Аномалия)
Қазақша өлең: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Хат жазбайсың)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Хат жазбайсың)
Қазақша өлең: Асқар Тоқмағамбетов (Мысық пен төбет)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Асқар Тоқмағамбетов (Мысық пен төбет)
Қазақша өлең: Ерболат Қарақойшиев (Көпірі көп,келбеті де керемет....)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ерболат Қарақойшиев (Көпірі көп,келбеті де керемет....)
Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Түнгі құлазу)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Түнгі құлазу)
Қазақша Анекдот: Жауыз жанкүйер
Анекдоттар мен әзілдер жинағы
Қазақша Анекдот: Жауыз жанкүйер

KZ / Өлеңдер жинағы, Тыныштықбек Әбдікәкімұлы Түнгі күзет өлең олен Тыныштыкбек абдикакимов стихи на казахском, стихи на казахском языке, казакша олендер, қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно, Тыныштықбек Әбдікәкімұлы Түнгі күзет өлең олен Тыныштыкбек абдикакимов стихи на казахском стихи на казахском языке казакша олендер қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно, Қазақша өлең: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Түнгі күзет) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке