Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Әкені қызының құттықтауы) » ZHARAR © 2016 | ғабиден қожахмет Әкені қызының құттықтауы өлең олен стихи на казахском, габиден кожахмет өлең олен стихи на казахском, ғабиден қожахмет, габиден кожахмет олен, Әкені қызының құттықтауы, әке туралы құттықтау сөздер




  • »

Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Әкені қызының құттықтауы)

Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Әкені қызының құттықтауы) казакша Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Әкені қызының құттықтауы) на казахском языке

Таниды әр кез жан-жүрекпен кісіні ел,
Әке, сізді бүгін бәрі түсінер.
Құрдас десе сізді тұстастарыңыз,
Аға дейді сізді барлық кішілер.

Қалдыратын жақсы әсермен бүгін із,
Әке, сіздің шаттық толы күніңіз.
Сіз толғанда мерейтойлы бұл жасқа,
Құттықтайды бүгін сізді қызыңыз.

Әрқашан да аман-есен жүріңіз,
Қуанып тұр сіз үшін де гүліңіз.
Әзіліне құрбы менен құрдастың
Туған күнде қуаныңыз, күліңіз.

Сізден әр кез тәлім атты көрер із
Бәріміз де сізді жақсы көреміз.
Әкемізге, анамызға тең келер
Табу қиын мына өмірде теңеу із.

Шаңыраққа бақ-береке айналсын,
Туған күндер жылда осылай тойлансын.
Жылда осылай қуанышқа жетіңіз,
Шаттықпенен көңіліміз жайлансын!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 2 350
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .