Күз туралы тақпақтар жинағы

Күз туралы тақпақтар жинағы

Сап - сары маңай,
Сап - сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.

Алақай! Алақай!
Шаттанды балақай!
Күз түсті, дән пісті.
Айтамыз алғысты.

Қамба толды астыққа
Алғыс саған алтын күз.
Бір уыс дән шаштық та,
Қап - қап қауын алдық біз.

Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.

Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал, терек,
Жапырағын жұлғызып.

Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды,
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды.

Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,
Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын
Ағашта жапырақтар сылдырлайды,
Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.
Сары алтын батсайыдай дала мидай,
Үйілген мая-мая қызыл мидай
Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,
Жайнайды жаратылысберген сыйдай.

Сәкен Сейфуллин


Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.

Күз келді


Сарғайды тоғай,
Сап-сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.

Айнала жым-жырт,
Көк аспан сұрғылт.
Жер жыртқан тыңда
Трактор қырда.

Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.

(М. Әлімбаев)


Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып - теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз.

Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.

Көрініп еліме
Күндері мереке.
Келді ғой жеріме
Күз дейтін мереке.

Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді

Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

Күзде дала жаурайды,
Көкте бұлттар аунайды.
Бұтағынан үзіліп,
Жапырақтар саулайды.

Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатамын күзді мен.

1.Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.

2. Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр етеді.

3. Кун суытып
Жапырақтар түседі.
Астық - жеміс жиылды.
Қамбамызға құйылды.

4. Қуандырып біздерді
Кел жемісті алтын күз,
Өлкеізге күз келді
Кемелдеисін халқымыз.

5. Жеміс мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген

6. Берекесі сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді

7. Ақтарады мырза күз
Уылжыған жемісті
Күзге бізде ризамыз
Аянбаған ел үшін

8. Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан - алуан жапырақ
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жамырап

9. Көбейді құт береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.

Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық – ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық – ау

Сап - сары ғып даланы,
Бояпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.

Жайдары күз,жомарт күз,
Аяулы күз,алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр.

Алтын күз


Қоңыр салқын тарады
Қойнаулар мен сайлардан,
Қаздар қайтып барады,
Қайтқан елдей жайлаудан.

Соңғы шуақ төгіліп,
Жалқынданып тұр аймақ.
Ақ сәулеге шомылып,
Жапырақтар жүр ойнап.

Күз бен Біз
Көңіл шіркін күңіренген күзбенен,
Бірақ жаным содан жылу іздеген.
Ақ параққа қара сия төгілтіп,
Жазылады жүректегі ізгі өлең.

Еніп кеттім құшағыңа еріксіз,
Болсаң да сен жапырақсыз көріксіз,
Ақын жаны күңіренген өзіңдей,
Күз келбеті біз өзіңе серікпіз.

Жанға жара бір жапырақ үзілген,
Келем әлі сол баяғы ізіммен.
Уақыт-жүйрік ұстатпайды ешкімге,
Қош келіпсің қауышайын Күзіммен....

Күз келді


Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.

Жеміс-жидек пісті,
Қамбаға астық түсті.
Қызу жұмыс басталып,
Жинап алды жан салып.


Көктен көзін бір алмай,
Қызғылт тартты кәрі құз...
Жер қызығын қия алмай,
Маужырап тұр сары күз...

Ғабиден Қожахмет (Күз әуені)


Думан толы асқарлы
Күз мезгілі басталды.
Күз әуені кеп жетті,
Әнге бөлеп жастарды.

Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді,
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді.

Жұлдыз туып таң алды,
Әнге орап ғаламды,
Сазды әуен шаттыққа
Бөледі бар адамды.

Әуенге еріп сиқырлы,
Айтылды ән боп сыр қилы.
Күзгі әуен жастардың
Жүрегіне нұр құйды.

Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді,
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді.



Абай Құнанбаев (Күз)


Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.
Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.
Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,
Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.
Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.


Күз келді


№1 Балалар үйінің тәрбиеленушісі
5 сынып оқушысы: Ижбанов Диержан
Жетекшісі: ҚР-ның жас ақыны Гүлсана Тилеубекова Анарбекқызы


Күз келді, алақай!
Алтын келді далаға.
Дәні бітік бидайды,
Құйып жатыр қамбаға.

Молшылыққа бөлеген,
Күз айы неткен ырысты ең?
Біздерді қауыштыратын,
Ыстық ұя мектеппен.


Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы
Белқопа орта мектебінің
3 сынып оқушысы: Асан Қайсар Абзалұлы
Бастауыш класс мұғалімі: Сегизбаева Гульбадан Нурлановна


Шөп сарғайып,
Ағаш қурап,
Гүлдер де солады.
Жаңбыр жауып, жел соғады.
Бұзылады табиғат.

Іздеп көріңіз:
752 -429

Добавить комментарий

Комментариев 16

  1. Офлайн
    Акерке Kostanay
    Акерке Kostanay Вчера, 15:42
    0 + 0 -
    тақпақтар көөп
  2. Офлайн
    Каир
    Каир 23 ноября 2020 00:48
    2 + 0 -
    Күз тақпақ тары күшті
  3. Офлайн
    Аман
    Аман 12 октября 2020 11:27
    2 + 0 -
    Маған ұнады күз туралы өлеңдер мен тақпақтар
  4. Офлайн
    Ерасыл Камалов
    Ерасыл Камалов 16 сентября 2016 10:25
    0 + 2 -
    6 Шумақ тауып бере аласыздарма
  5. Офлайн
    Malika Ergalieva
    Malika Ergalieva 14 января 2016 18:51
    1 + 2 -
    Рахмет. Өте керемет сайт)
  6. Офлайн
    Айым Сейткали
    Айым Сейткали 25 сентября 2015 11:31
    0 + 1 -
    Рахмет
  7. Офлайн
    Амина Айнабек
    Амина Айнабек 3 декабря 2014 18:49
    0 + 1 -
    ????rahmet
  8. Офлайн
    Aноним
    Aноним 31 октября 2014 09:25
    0 + 1 -
    РАААААКККККММММЕЕЕЕЕТТТТТТ!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
  9. Офлайн
    Назерке Карукызы
    Назерке Карукызы 29 октября 2014 06:34
    0 + 0 -
    Спосибооооооооооооооо!!!!!!!!!!!!!!!!!! ????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????✌️✌️✌️✌️✌️✌️✌️✌️✌️✌️✌️✌️✌️✌️✌️????????????????????????????????????????????????????????✌️✌️✌️✌️✌️✌️✌️✌️✌️✌️✌️✌️✌️✌️✌️✌️✌️
  10. Офлайн
    Ghost Petrovich
    Ghost Petrovich 20 октября 2014 21:00
    0 + 0 -
    мен білмеймін
  11. Офлайн
    Жанель Сагындык
    Жанель Сагындык 13 октября 2014 18:10
    1 + 0 -
    жақсы екен !!!!!‼‼????
  12. Офлайн
    Нурсултан Байзаков
    Нурсултан Байзаков 9 октября 2014 00:59
    2 + 0 -
    Жаксы маганиунады
  13. Офлайн
    Жазина Абылгазыева
    Жазина Абылгазыева 7 октября 2014 09:36
    0 + 0 -
    Такпактар жақсы, дегенмен аз екен. Көбірек шыгарсандар екен. Жақында алтын күз каши болады. Балаларға жетпейди.
  14. Офлайн
    Айым Серикова
    Айым Серикова 2 октября 2014 19:50
    0 + 1 -
    ????????????
  15. Офлайн
    Колбай Аксункар
    Колбай Аксункар 26 октября 2020 19:37
    4 + 1 -
    Оте баксы кусты олени шумактары
  16. Офлайн
    ЗАРИНА ГУЛМАМЕДОВА
    ЗАРИНА ГУЛМАМЕДОВА 23 октября 2020 10:17
    5 + 5 -
    КУЗ СЕН МАГАН УКСАЙСЫН!
    КУЗ СЕН МАГАН УКСАЙСЫН
    БОЛМАЙТЫН АРМАНДАРДЫ КУМСАЙСЫН,,
    СЕН КАЛАГАН ЫСЫН БОЛМАГАН СОН,
    ОКСЫП ,ОКСЫП КАПА БОЛЫП КАЛАСЫН.
    КУЗ СЕН МАГАН УКСАЙСЫН
    ЖАНБЫРДЫ САГЫНЫП КАЛАЙСЫН
    СЕН КАЛАГАН ЖАНБЫР ЖАУСАГАН СОН
    СОНШАМА СУЫК БОЛЫП КАЛАСЫН
    КУЗ МЕН САГАН УКСАДЫМ
    АДАМДАРГА ЖАКСЫЛЫКТТЫ КАЛАДЫМ
    МЕН КАЛАГАН НЕРСЕ БОЛМАГАН СОН
    САГАН КОСЫЛЫП МЕНДЕ ЖЫЛАДЫМ
күз туралы тақпақ, күз туралы тақпақтар балаларға, алтын күз туралы тақпақ, куз мезгили туралы тақпақтар, күз туралы такпак, күз туралы такпактар, тақпақ күз балаларға казакша такпак куз детские стихи стихи для детей на казахском, өлең күз балаларға куз туралы өлеңдер, күз туралы такпак, күз туралы тақпақтар балаларға, күз туралы тақпақ, алтын күз туралы тақпақ, куз мезгили туралы тақпақтар, күз туралы такпактар, Күз келді, Күз келді тақпақ, куз келди такпак, стишки об осени на казахском языке, стихи об осени на казахском языке, тақпақ күз балаларға казакша такпак куз детские стихи стихи для детей на казахском, өлең күз балаларға казакша олен куз детские стихи стихи для детей на казахском, стихи для детей на казахском, детские стихи на казахском, казакша такпак балаларга такпактар, балаларға қазақша тақпақ тақпақтар, тақпақ балаларға казакша такпак детские стихи стихи для детей на казахском, казакша олен балаларга олендер, балаларға қазақша өлең өлеңдер, детские стихи стихи для детей на казахском, өлең балаларға казакша олен детские стихи стихи для детей на казахском, күз куз, детские стихи про осень на казахском языке