Қазақша өлең: Жауабын айтасың ба ҰБТ-өмір?! » ZHARAR © 2017 | ұбт туралы өлең, ұбт туралы өлеңдер, ент туралы олен, стихи про ент на казахском, Жауабын айтасың ба ҰБТ-өмір, убт туралы олен




  • »

Қазақша өлең: Жауабын айтасың ба ҰБТ-өмір?!

Қазақша өлең: Жауабын айтасың ба ҰБТ-өмір?! казакша Қазақша өлең: Жауабын айтасың ба ҰБТ-өмір?! на казахском языке

Үш әріпке тіреліп бар тағдырым,
Мен ҰБТ тапсырғам дәл сол бір күн…
Құмалаққа жүгіріп қайран шешем..
Ала таңнан естігем дұғалы үнін

Дәл сол жылы оқу боп бар білгенім,
Түні бойы «тест» жаттап көз ілмедім…
Телміріп тілегенмен тегін оқу…
Сол жылы мені өзіңе теңсінбедің…!

Жетпіс үш бал жинағам, жарыта алмай,
Он жылғы орман ойды қорыта алмай..
Шешем байғұс ахылап-үхілеген…
Сары қызын «білімді» жұбата алмай

Дәл сол жылы қор болғам көөп адамнан,
Артта қалғам аз балмен нақ наданнан
Шаң қауып, шаңдақ жолда қалған сөйтіп…
Жорналшы болам деген бала арман.

Дәл бүгін…қанша түлек құлайды екен…
Қаншасын қатал тестпен сынайды екен?
Қаншасы дәл мен құсап еңіз-теңіз…
Жиырма күн үйден шықпай жылайды екен?

Қаншасын өкінтесің ғұмыр-ғұмыр?!
Сол жылы қатты қалған бала көңіл?!
Мен неге жорналшы емес, мұғаліммін,
Жауабын айтасың ба ҰБТ-өмір!?



Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 886
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .