ҰБТ...

 ҰБТ...

ҰБТ!
Тітіркентті жүректі!
ҰБТ!
Көңіл байғұс дір етті…
ҰБТ!
Келеді ойға қайдағы…
Кім жеңер?
Білімді, әлде білекті?

ҰБТ
Бәлкім жақсы зат болар?
ҰБТ
Мүмкін үміт ақталар?
ҰБТ
Алып алтын белгіні,
Қуанып, пәк көңілім шаттанар?
Автор: Әйгерім Кеулімжай

Сынақ емес, жұрт оны тұзақ санап
Сеніміне серпеу мен сызат салад.
Болашағын баланың білімі емес,
Шындығында шешеді 3-ақ сағат.

Жалауыңды құлатпа жылап, бала,
ҰБТ бір жасанды сынақ қана.
Бірақ әттең болжайтын болашақты
Қойылған 125 сұрақ қана.

Көңіліңді, ардақтым, аудар маған,
Сыбырына сайтанның алданбағын.
Жаттанды білімдінің бағын жағар,
Жасанды сынақ қана ол жалғандағы.

Кей тағдырлар еңкулі, еңіс келер,
Ал біреуі еңіссіз тегіс келер,
Бір ҰБТ өшірмес пешенеңді,
Күні-түні қашаған періштелер.

P/S
Елдің зарын елемей отырады,
Неге билік саңырау, соқыр әлі?
ҰБТ - бұл ұлтымның мақтаны емес,
Ұрпағының Бірыңғай Тоқырауы.
(с) Ернар Қыдырбаев

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?