Қазақша өлең: Әбубәкір Қайран (Қоңыр қаз) » ZHARAR © 2017 | абубакир кайран Қоңыр қаз Әбубәкір Қайран өлең олен стихи на казахском , Әбубәкір Қайран өлең , олен стихи на казахском Әбубәкір Қайран өлең өлеңдер, абубакир кайран олен өлең стихи на казахском




  • »

Қазақша өлең: Әбубәкір Қайран (Қоңыр қаз)

Қазақша өлең: Әбубәкір Қайран (Қоңыр қаз) казакша Қазақша өлең: Әбубәкір Қайран (Қоңыр қаз) на казахском языке

Қоңыр қаз болып бір күні
Қаңқылдап ұшып мен кетем.
Таулардан асып өр шыңды
Бұлтпен бұйра кездесем.
Найзағаймен де жүздесем.
Оны да көзге ілместен
Ұзасам дүбір-дүрмектен.
Қоңыр қаз болып қаңқылдап
Жүргенім бақыт болмас па?!
Аспаннан күтер аңқылдап
Сағынса мені жолдас та.
Сағынса мені жан анам
Аспанға жаяр қолдарын
Ғашығым айтып ғазал-ән,
Аралар ойдың орманын.
Мен бірақ оны сағынтып;
Сарылтып ұзақ қоймаспын
Көмейден жырды ағылтып,
Түсермін көктен ойнап бір.
Ойламас бірақ ол мені
Қоңыр қаз болып кетті деп.
Тек қана оның көргені
Жас жігіт еді от жүрек.
Жатырқай қарап ол маған
Жаныма таяу келмес те,
Бір гүлді тістеп солмаған
Апарып оған бермес пе ем.
Қоңыр қаз болып қаңқылдап
Аспанда жүрсем мен солай,
Қыдырған қазбен жарқын бақ,
Тұра алмас мені аңсамай.
Аңсайды мені барлығы -­-
Тауым да тарғыл тасым да
Жерімнің суы, шалғыны,
Астыма мінген атым да.
Қоңыр қаз болып бір күні
Қаңқылдап ұшып мен кетсем.
Сәбидей мені тербеткен
Сырласар едім жер-көкпен.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 329
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .