Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қыз сыры) » ZHARAR © 2017 | мұқағали мақатаев қыздар туралы өлеңдері, мұқағали мақатаев Қыз сыры мукагали макатаев олен өлеңі стих, мукагали макатаев все стихи на казахском языке




  • »

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қыз сыры)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қыз сыры) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қыз сыры) на казахском языке

Көк белдерге шық тұнғанда,
Шықтым бір күн далаға.
Күнмен бірге шықтың алдан,
Шықтың алдан, жан-аға.

Қыр астынан шуақ шашып,
Келе жатты күн шығып.
Омырауға құлап шашым,
Қиылып ем қымсынып.

Әлдеқалай бір қарадың,
Мен отырған қыратқа,
Ат суардың жылғадағы
Жылтыраған суатқа.

Жасылменен бояғандай,
Көркем бояу жан-жақты.
Таңғы ұйқыдан ояна алмай,
Талықсыған тау жатты.

Тау суреті жанарымда,
Тамашалап, көп тұрдым.
Және де бір қарадың да,
Сен әріге бет бұрдың.

Жауқазындай ашылмаған,
Ашылмаған едім мен.
Бәрі өтті ғой...жасырма, аға,
Шошытайын дедің бе?

Дедің бе, әлде демедің бе?!
Мүмкін, назар салмадың.
...Енді қайтып көремін бе?!
Ең алғашқы арманым.

Арманымды білмедің ғой,
Білмедің ғой, момын жан.
Бірге едім ғой, білмедің ғой,
He келеді қолымнан?..

Қарай алмай ел бетіне,
Сенен ғана сыр бағып,
Қарапайым келбетіңе,
Қараушы едім ұрланып.

Солай, солай күн кешкен ем,
Сені сақтап санама.
Кездеспеген, тілдеспеген,
Хош, аман бол, жан-аға!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 1 536
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев қыздар туралы өлеңдері, мұқағали мақатаев Қыз сыры мукагали макатаев олен өлеңі стих, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы, , мұқағали мақатаев қыздар туралы өлеңдері, мұқағали мақатаев Қыз сыры мукагали макатаев олен өлеңі стих, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қыз сыры) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .