Қызғанамын!

Шабытпен көңілімнен жырақтаған,
Мен әлі өзің жайлы жыр ақтарам.
Сезімің сен сыйлаған сөнер емес,
Мұң болып жүрегіме тұрақтаған.
Сені ойлап жас боп ақты көзден өлең,
Мен мұндай махаббатты көздемеп ем.
Сенімен бақыт таңын көрмесем де,
Жете алам ол бақытқа өзгеменен.
Сені ойлап серік қылдым құса-мұңды,
Білмедім мұң көгінде ұшарымды.
Өзің деп мол қасірет шексем де мен,
Ашар ем, сен оралсаң кұшағымды.
Сүйсініп суретіңе жүз қарадым,
Сезбейсің жүрегімнің сыздағанын.
Жарқыным, мәңгі мендік болмасаң да,
Мен сені өзгелерден ҚЫЗҒАНАМЫН!
Мен әлі өзің жайлы жыр ақтарам.
Сезімің сен сыйлаған сөнер емес,
Мұң болып жүрегіме тұрақтаған.
Сені ойлап жас боп ақты көзден өлең,
Мен мұндай махаббатты көздемеп ем.
Сенімен бақыт таңын көрмесем де,
Жете алам ол бақытқа өзгеменен.
Сені ойлап серік қылдым құса-мұңды,
Білмедім мұң көгінде ұшарымды.
Өзің деп мол қасірет шексем де мен,
Ашар ем, сен оралсаң кұшағымды.
Сүйсініп суретіңе жүз қарадым,
Сезбейсің жүрегімнің сыздағанын.
Жарқыным, мәңгі мендік болмасаң да,
Мен сені өзгелерден ҚЫЗҒАНАМЫН!
(с) Алтынбек Әділбек
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Ұқсас мақалалар:
» Фариза Оңғарсынова (Мен сені қызғанамын)
» Мұқағали Мақатаев (Мен сені сағынғанда)
» Мерген Тоқсанбай (Еркетай)
» Медеу Демеу Медеуұлы (Сүйгенің сатып кетсе егер)
» Медеу Демеу Медеуұлы (Қиын екен...)
» Медеу Демеу Медеуұлы (Сүймесем сені егер мен)
» Ақберен Елгезек (Құдыреттену)
Іздеп көріңіз:
Жаңалықтар:
» 2021 жылы пітір садақа мөлшері 420 теңге болып белгіленді (фото) 04.04.2021, 0
» Алматыда жоқ көлік үшін алдын-ала төлем алған жігіт ұсталды 02.04.2021, 0
» "Дәл мені ұстағысы келді ме": Мейрамханада ұсталған Қайрат Нұртас оқиғаға пікір білдірді 26.03.2021, 2
Ілмектер: қызғаныш туралы өлеңдер, қызғаныш туралы өлең, махаббат туралы өлеңдер, махаббат туралы өлең, махаббат туралы өлеңдер қыздарға, махаббат туралы өлеңдер қызға, қыздарға арналған өлең жолдары, қыздарға өлең жолдары, кызганыш туралы