Туған жер туралы өлеңдер


Кіндік қаным тамған жерім, туғаным,
Жезқазғаным сыйлаған бар думанын
Балалықтың куәгері өзіңсің,
Тек өзіңе арналады бұл әнім.

Сенсің мені бой жеткізіп түлеткен,
Ақыл берген, өнер берген, нәр берген
65 жыл тарихың бар тұңғиық,
Әр ғажабын бар ғаламға паш еткен.

Қаныш атам ашып кеткен мысты өлкем,
Табиғаты тамсандырар тым көркем.
Туған жерім өркендей бер, өсе бер,
Өзің жайлы мен әлемге сыр шертем.

Асыл арман жетелеген алдыға,
Жаңаруды мақсат тұтқан алдына
Елордасы жасампаздық жолында,
Күннен-күнге жадырай бер, жаңғыра.

Мекеніңе мықтыларды жинаған,
Жақсыларды басқа ешкімге қимаған.
Жеңістері жас толқынның дарынды,
Арнасына Есілдің де сыймаған.

Нұр-Сұлтанда қадамымды нық басып,
Тәлім алдым, біліммен қол қстасып
Бағындырар асулар көп әлі де,
Тарих жатса, тәрбиемен ұштасып.

Сенен туған асылдары елімнің,
Қасиеті көп кой менің жерімнің.
Мәңгілік ел - Елбасы айтқан ұраным,
Тірегісің Сарыарқадай белімнің.

Еуразия жүрегінде орналасқан,
Алаш рухын биік ұстап, мойындатқан.
Сендей жер жоқ, сендей ел жоқ шартарапта,
Атамекен, жер жәннаты - Қазақстан!

Аида Алмасханқызы


Бар жақсылық туған жерден таралған

Бар жақсылық туған жерден таралған,
Жер-Ананың құшағынан нәр алған.
Тарылтпайық табиғаттың тынысын,
Табиғат пен адам егіз саналған.

Туған жердей ғажапты сыйға тартқан,
Қойнауына байлықты ұялатқан.
Нәрі, суы, желегі бәрі де бар,
Бел-белесі, тауларын қиялатқан.

Көкте күні жарқырап нұрын шашқан,
Ақша бұлтпен қалықтап мөлдір аспан.
Түн-түнекте мөлдірей ай сығалап,
Мақпал түні қабарып жерді басқан.

Самал желі желпиді жыр желегін,
Асау толқын ұрады сыр кемерін.
Бақыты үшін жаралған адамзаттың,
Бәрін тосты алдына не керегін.

Ежелден адамзатты серік еткен,
Мирас болып атадан бізге жеткен.
Кей-кейде танытады қатыгездік,
Түзеймін деп кейбіреуді кері кеткен.

Адамзатқа дарытқан махаббатты,
Бойға құйып қуатты, шапағатты.
Мәңгілік бейнесіне бас идірген,
Мойындатып Адам деген ғажап атты.

Тамылжыған көркіне таң қалдырған,
Күміс көмей бұлбұлға ән салдырған.
Күмбір-күмбір күйлерді бебеулетіп,
Қаламынан төгілтіп жыр жаздырған.

Туған жер, қызығамын келбетіңе,
Әлдиіңе мүлгимін тербетіле.
Қадірлейтін, ардақтап қорғайтұғын,
Адам дейтін перзент бар жер бетінде.

Әлем бүгін бебеулеп дабыл қақты,
Бет бұрғызып Жер-Анаға адамзатты.
"Сыйға-сый","Сыраға бал" деген сөз бар,
Аяласаң, туған жер де жарылқапты.

"Түкірме құдығыңа","Көкті жұлма",
Жер-Ананы қорлама, қастық қылма.
Табиғатпен үндесіп, тілін түсін,
Мұңын мұңдап, ғажайып сырын тыңда.

Бүгінде биіктесін дара тұлғаң,
Мәңгілік нәр себеле қанатыңнан.
Табиғат, бір өзіңе қарыздармын,
Себебі табиғаттан жаратылғам!

 Фарида Ерланқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. JamesNor
    JamesNor 11.09.2024 02:50
    0 + 0 -
    Стильные советы по подбору необычных луков на каждый день.
    Статьи экспертов, новости, все коллекции и мероприятия.
    https://rftimes.ru/news/2024-09-05-sem-aktualnyh-lukov-2024-ot-brunello-cucinelli