Қазақша өлең: Дулат Бабатайұлы (О, Кеңесбай мырза, тыңда, сөз) » ZHARAR © 2017 | дулат бабатайұлы О Кеңесбай мырза тыңда сөз өлең олен дулат бабатайулы стихи на казахском, дулат бабатайұлы өлеңдері, дулат бабатайұлы өлеңдері әдеби әлем, дулат бабатайұлы өлеңдер жинағы , дулат бабатайулы на казахском языке стихи, скачать дулат бабатайулы на казахском языке стихи




  • »

Қазақша өлең: Дулат Бабатайұлы (О, Кеңесбай мырза, тыңда, сөз)

Қазақша өлең: Дулат Бабатайұлы (О, Кеңесбай мырза, тыңда, сөз) казакша Қазақша өлең: Дулат Бабатайұлы (О, Кеңесбай мырза, тыңда, сөз) на казахском языке

О, Кеңесбай мырза, тыңда, сөз,
Айтатұғын келді кез,
Кекіреттеніп паңданбай,
Сыртын көріп таңданбай,
Менің сөзім құйылса,
Кеудеңе шырақ жанғандай.
Арғы атаң сенің - Нарынбай,
Кең қолтық ұзын қарымдай,
Елдіңжүгін көтерген
Ақ өңеш шеңгел нарындай.
Көкейіңе қондыра
Сөйлесін жаршың сарындай,
Қу дауысты Құттыбай
Қазақ туын көтерді,
Даналықпен айырды
Келер менен кетерді.
Өтірік деші қанеки,
Мен айтпаймын бекерді.
Тұлпар мініп, ту ұстап,
Олжа салды еліне.
Тояттаған сұңқардай,
Құйылып еді жеміне.
Қазықтай жерге қадады,
Дұшпанын деген «сеніме».
Тізе қосып теңесті,
Текпісі тең теңіне.
Ой, ол кездегі өткен күн
Түсім бе едің, өңім бе?
Байқара атаң байболды,
Төрт түлігі сай болды,
Қайыры елге мол болды,
Анық әділ сол болды,
Серкештеп жылқы айдалды,
Көшкенде жұртта тай қалды.
Алдына келген дау болса,
Әділетпен жайғалды.
Дәулетіне ел кенелді,
Жетім - жесір теңелді,
Опасыз мына жалғаннан
Демі біткен күнінде
О да көшіп жөнелді.
Өз әкеңді айтайын,
Қара тіл ділмәр Ақтайлақ.
Топта жалғыз сөйлеген
Асыл сөзді тақтайлап.
Тұқымың дегдарболғанмен,
Кеңесбай азғын туғансың,
Тістеуік айғыр секілді
Үйіріңді сұйылтып,
Тай - құнанды қуғансын.
Ел білерлік ісің жоқ,
Дегдар емес, будансың,
Будан дейтін себебім,
Айналаңды торисың ,
Түзден тоят тілемей,
Өлексені қорисың.
Алдыңа келсе жүгініс,
Терісті оң деп жорисың.
Қол бала құс секілді
Биялайға қарайсың.
Не тұлғама тұтқа боп,
Ішің аяз ақ қырау,
Сырты сұлу сарайсың.
Ыдысысыңпараның,
Қотара құйса толмайтын.
Ашылған әбден араның,
Түйені жұтсаң түгімен,
Биені жұтсаң бүгімен,
Қақалмай бір - ақ толғайтын.
Айтты десең, Кеңесбай,
Бергеніңді санап ал,
Тоқылдап елді тұжырып,
Осы елде жалғыз өзің қал.
Тінейдің сары құсындай
Өзіне - өзің шеңгел сал.
Ел тереңге сүңгіді,
Қарамайтұғын қалмай тал.
Серпілер күн болар ма,
Елге түскен ауыр хал
Көз жасында болмады,
Қара қазан, сарбала,
Жетім - жесір, кемпір - шал.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 3 039
Рейтинг:
(голосов: 7)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .