Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Көңілім) » ZHARAR © 2016 | сәбит мұқанов өлең Көңілім олен сабит муканов стихи на казахском ,сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңі , сәбит мұқановтың өлеңдері , сәбит мұқанов өлеңдері , сәбит мұқанов өлеңдер жинағы , …




  • »

Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Көңілім)

Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Көңілім) казакша Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Көңілім) на казахском языке

Көңілім, мұнша қамықтың,
Әр нәрсені ойға сап.
Не нәрседен тарықтың?
Осыншама ойда қап.
Бірақ саған кіна жоқ,
Неге бүйттің деуге де,
Есеп жетпес тіпті көп
Қасірет-қайғы кеудеде.
Мақсатыңды іздеген,
Таба алмадың, жетпедің,
Қылышын алып кезенген
Кедейліктен өтпедің.
Нашарлық байлап қолыңды,
Жібермеді отыр, деп,
Оппа қар ғып жолыңды,
Ниеті жоқ кетірмек.
Енді қайда барасың,
Босатпаса нашарлық.
Білімді қайдан аласың,
Әлемге үлгі шашарлық.
Қой, сен бүйтіп қамықпа,
Ілгері ұмтыл, талап ет,
Шығуға айдай жарыққа,
Қайраттанып, бол өжет!..


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 7 593
Рейтинг:
(голосов: 12)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .