» » » Өлең: Жұмағали Саин (Шын сүйікті партиясы Лениннің)

Өлең: Жұмағали Саин (Шын сүйікті партиясы Лениннің)

Өлең: Жұмағали Саин (Шын сүйікті партиясы Лениннің) казакша Өлең: Жұмағали Саин (Шын сүйікті партиясы Лениннің) на казахском языке
Дауыл еді, майданда едім қарысқан,
Жау қолының жағасына жабысқан,
Қырғын еді күндіз-түні шабысқан,
Минут сайын жан беріп, жан алысқан,
Бермеймін деп Отанымды, жерімді,
Қанды ұрыста сақтадым мен елімді.
Жүз мыңдаған ерлер сапта айқасты,
Жүрегінде ту ғып ұстап Ленинді.
Мыңдар өлді...мыңдар басты қатарды,
Болат жанды, қайтпас батыр атанды.
Кеудесімен жапты талай қыршындар
Пулеметтер құрып қойған апанды.
Тіл қатты ол,
құлағыңды сал деді,
Саған айтар аманатым бар деді.
Төс қалтамда жатыр менің бүктеулі,
Өз қолыммен жазып едім, ал,— деді.
Өлтір жауды, маған қарап тоқтама!
Армансызбын, жасың төгіп жоқтама!
Қанды ұрыста қырдым фашист залымды,
Отан үшін түстім жалын, отқа да.
Көзін жұмды... арасымен оқтардың
Қатарына кірдім алғы топтардың.
Саябырлап ұрыс тынды бір кезде,
Қалтамдағы қағазды мен ақтардым.
Қисық қыңыр әріптері сызылған
Кей жері өшіп, кейбір сөзі бұзылған.
Қандастың аманатын оқыдым,
Ұмытпастай жүрегіме тоқыдым.
Арызы екен, арманы екен, сыры екен,
Ұзақ жылдар таза сақтап жүр екен,
Жазған екен жауған оқтар астында,
Кір шалмаған Отанның бір гүлі екен.
«Мен ұлықпын кіршігі жоқ денемнің,
Сүйген сені, партиясы Лениннің.
Аз еңбегім болса - дағы көп сана,
Өлсем егер қатарында деп сана!»
Аманаты, арман, ойы арызы
Мойнымда еді сол бір солдат қарызы,
Бүгін, Мәскеу, саған әкеп тапсырдым,
Бүгін жырмен дүниеге паш қылдым.
Бұл ортақ сыр барлық қазақ халқына
Шын бойласақ, көз жіберсек парқына
Ұқсамай ма партияға арнаған
Махаббатты елдің берік антыңа,
Рас, солай! Халықтары елімнің
Шексіз сүйер партиясын Лениннің
Берік, нығыз, бар майданда сыналған
Тұтастығы отанымның, жерімнің.

nurgul95 | 28 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:
"Карантинге жатқызамын": Желіде дәрігердің көлік жүргізушісін "қорқытқан" сәті тарады
"Карантинге жатқызамын": Желіде дәрігердің көлік жүргізушісін "қорқытқан" сәті тарады
Автокөлік үстіне іш киіммен шыққан астаналық жауапқа тартылды (видео)
Автокөлік үстіне іш киіммен шыққан астаналық жауапқа тартылды (видео)
Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқыла ма?: ҚМДБ жауап берді (видео)
Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқыла ма?: ҚМДБ жауап берді (видео)
"Жеті бөлімнен тұрады": Тәуекел Мүсілім тойын осы жазда дүркіретіп атап өтпекші
"Жеті бөлімнен тұрады": Тәуекел Мүсілім тойын осы жазда дүркіретіп атап өтпекші
Өлең: Жұмағали Саин (Достық үні)
Өлең: Жұмағали Саин (Достық үні)
Өлең: Жұмағали Саин (Шың мен адам)
Өлең: Жұмағали Саин (Шың мен адам)
Өлең: Жұмағали Саин (Ленин атымен)
Өлең: Жұмағали Саин (Ленин атымен)
Өлең: Жұмағали Саин (Екі жалын бір жүректе маздаған)
Өлең: Жұмағали Саин (Екі жалын бір жүректе маздаған)
Өлең: Жұмағали Саин (Тракторшы)
Өлең: Жұмағали Саин (Тракторшы)
Өлең: Жұмағали Саин (Орыс халқына)
Өлең: Жұмағали Саин (Орыс халқына)
Өлең: Жұмағали Саин (Ленин)
Өлең: Жұмағали Саин (Ленин)
Өлең: Жұмағали Саин (Күздегі көріністер)
Өлең: Жұмағали Саин (Күздегі көріністер)
Өлең: Жұмағали Саин (Россия туралы сөз)
Өлең: Жұмағали Саин (Россия туралы сөз)
Өлең: Жұмағали Саин (Сығалады ай, көк жиегі сөгіліп)
Өлең: Жұмағали Саин (Сығалады ай, көк жиегі сөгіліп)
Өлең: Жұмағали Саин (Аттанарда)
Өлең: Жұмағали Саин (Аттанарда)
Өлең: Жұмағали Саин (Доспен сырласу)
Өлең: Жұмағали Саин (Доспен сырласу)
Өлең: Жұмағали Саин (Екі өзен)
Өлең: Жұмағали Саин (Екі өзен)
Өлең: Жұмағали Саин (Алло-алло)
Өлең: Жұмағали Саин (Алло-алло)
Өлең: Жұмағали Саин (Түн мен күн)
Өлең: Жұмағали Саин (Түн мен күн)
Қазақша өлең: Жұмағали Саин (Дауыс)
Қазақша өлең: Жұмағали Саин (Дауыс)

KZ / Өлеңдер жинағы, жұмағали саин сайын Шын сүйікті партиясы Лениннің өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Шын сүйікті партиясы Лениннің, жұмағали саин сайын Шын сүйікті партиясы Лениннің өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы жумагали саин стихи на казахском языке жумагали саин олендери шыгармашылыгы Шын сүйікті партиясы Ленин, Өлең: Жұмағали Саин (Шын сүйікті партиясы Лениннің) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке