Қазақша өлең: Міржақып Дулатұлы (Жұт) » ZHARAR © 2017 | міржақып дулатов Жұт өлеңі олен стихи миржакып дулатов, міржақып дулатұлы өлеңдері, миржакып дулатов олени, мыржакып дулатов стихи на казахском языке, мыржакып дулатов стихи, на казахском языке мыржакып дулатов стихи на казахском языке, стихи мыржакыпа дулатова на казахском языке, міржақып дулатов өлеңдер жинағы, міржақып дулатовтың өлеңдер жинағы




  • »

Қазақша өлең: Міржақып Дулатұлы (Жұт)

Қазақша өлең: Міржақып Дулатұлы (Жұт) казакша Қазақша өлең: Міржақып Дулатұлы (Жұт) на казахском языке

Кетер ме көпке шейін Доңыз естен,
Былтырғы қатты боран қыстайғы ескен?
Жетпіс пен сексендегі қариялар:
«Көрмедік сұрапылды мұндай», - дескен.
Үскірік, аяз, боран араласқан,
Екі үйдің арасында жан адасқан.
Қабағын түйіп келген қаһарлы жұт
Салды ойнақ сахараға уытын шашқан.
Мұндайда касқыр қарап қалсын неге?
Қашаннан тісін қайрап жүрген неме.
Көп берді жұтқа көмек бір жағынан
Демеді: «Қызғаныш қып жұтта жеме!»
Қырылды қосты жылқы сорға түсіп,
Омбы қар, терең сай мен орға түсіп,
Хал кеткен қайыруға жылқышылар.
Жанымен «қош» айтысты олар да үсіп.
Үстінде ұзын жолдың қалашылар,
(Күн бар ма кедей сордың бағы ашылар).
Тоқтаусыз күні-түні соққан боран,
Біразын қалған басып қазасы бар.
Балалар боқша арқалап барын киген,
Сабаққа бармақшы боп шыққан үйден,
Жеткенше аяқ-қолын домбықтырып,
Бетінен тызылдатып аяз сүйген.
Суатқа мал суғара барған малай,
Келеді құлақ-мұрнын о да уқалай.
Кенеттен бір мезгілде боран соғып,
Лағып құба жонға кеткен талай.
Жылқыны Доңыз солай қырып кетті,
Жұмысын бітірді де жүріп кетті.
Сан байлар жүген ұстап қала беріп,
Сабасын керегеге іліп кетті.
Қайран ел, қандай едің заманында
Күн бұрын сақтанбадың аманында.
Алдына жау мен жұттын айдап салып,
Сөйтетін қор болып жұрт каларында.
Жаз туса бейғам едің қыс жетпестей,
Қызық күн бастан, сірә, еш өтпестей.
«Жаратқан құдай артық халықпыз» деп,
Қолынан, төрт түлік мал бір кетпестей.
Көрді ме енді көзің кеткендігін,
Замана өз жұмысын еткендігін.
Сақтанбай салақ өскен жалқау жұртты,
Көндіріп кедейлікке жеткендігін?
Ақылын жанашырдың алмаушы едің,
Сөзіне, сірә, құлақ салмаушы едің.
Қымызға шекең қызып, тойсаң етке -
Пайдасыз құрғақ дауға талмаушы едің.
Жаз жимай қыс азығын жатушы едің,
Арзанға қымбатыңды сатушы едің.
Еңбекпен табар пайдаң болмаған соң,
Борышқа щаш етектен батушы едің.
Балаңды оқыт десе қашушы едің,
Малыңды «партияға» шашушы едің.
Алдында дұрыстықтың көзді жұмып,
Аңқылдап теріс іске басушы едің.
Кең қоныс, ата мекен еткен жоқ па?
Орнына «хахол» сұмырай жеткен жоқ па?
Мал болса бар сенгенің о да азайып,
Заманы көші-қонның өткен жоқ па?
Кәсіпсіз киын жұрттың күн көруі,
Шаруаның осы кезде кетті түрі.
Жүз жылқы қарға салған қазақтардан,
Хахол бай пар өгізді...жазғытұры.
Қара жер анамыз ғой бізді тапқан,
Өлгенде тағы қайта қойнын ашқан.
Қол үзіп, сол анадан айрылмасақ,
Өлтірер бізді тіпті қалай аштан?..


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 1 180
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы, міржақып дулатов Жұт өлеңі олен стихи миржакып дулатов, міржақып дулатұлы өлеңдері, миржакып дулатов олени, мыржакып дулатов стихи на казахском языке, мыржакып дулатов стихи, на казахском языке мыржакып дулатов стихи на казахском языке, стихи мыржакыпа дулатова на казахском языке, міржақып дулатов өлеңдер жинағы, міржақып дулатовтың өлеңдер жинағы, міржақып дулатов Жұт өлеңі олен стихи миржакып дулатов, міржақып дулатұлы өлеңдері, миржакып дулатов олени, мыржакып дулатов стихи на казахском языке, мыржакып дулатов стихи, на казахском языке мыржакып дулатов стихи на казахском языке, стихи мыржакыпа д, Қазақша өлең: Міржақып Дулатұлы (Жұт) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .