Ілияс Жансүгіров (Көлге)

 Ілияс Жансүгіров (Көлге)

Көмкеруің көк көгал,
Күлмеңдеген күміс көл,
Көнерең кесте - құрақ, тал.
Кестеңді өртер күзгі жел.
Оранып ұлпа ойдымды,
Ойпанда жатып етгің наз,
Төсінде құстар той қылды,
Той бастады қу мен қаз.
Сүңгуір, сұқсыр сүмеңдеп,
Қасқалдағың қалтылдап,
Шүрегейің шүмеңдеп,
Шағалаң шулап шаңқылдап.
Шомылған сұлу суыңа,
Шапылдатып алақан.
Мықшиған мерген қуыңа,
Балалар қуып балапан.
Көк құндақты күміс көл,
Күбірлеме, жыр айтам.
Сал құлақты, көңіл бөл,
Болды сендей бір қалқам.
Ол да сендей сұлу ед,
Жасы да оның жас еді.
Жаз өмірімде туып ед,
Жазы да оның аз еді.
Бейне біткен қайыңдай,
Білегі мінсіз балғынның.
Ақша төсі айдындай,
Шашы сенің, шалғының.
Қасы сенің қабағың,
Лебі сенің лебіңдей.
Саусағы сенің шабағың,
Шынтағы шыбық өрімдей.
Оның да өмірі жартымсыз,
Болды, лажсыз күз жетгі.
Өмір күзі сұрқынсыз,
Екі он бестен жасы өтті.
Сен де сондай боларсың,
Жаздың жақын өтері.
Сен де сондай боларсың,
Бір боларсың екеуің.
Күлмеңдемес көзің көл,
Өлезір де тұнжырар.
Күй күйлетер күзгі жел,
Бақа-шаян шыңғырар.
Толқын бетіңді ажымдап,
Қартаярсың қалтырап.
Долы дауыл азынап,
Жалп-жалп ұшар жапырақ.
Қиқу салған құстарың,
Қош айтысар күн болар.
Құшағыңа құштардың
Қалмас бірі, жым болар.
Қарашалап қар жауса,
Қалармысың қартаймай?
Қамыс, қоғаң сарғайса,
Қартаярсың қалқамдай...

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Оқырман Айсулу
    Оқырман Айсулу 19.04.2021 17:55
    0 + 0 -
    мен сабаққа дайынмын деп аталады ғана үүүүүүүү мен сабаққа дайынмын деп аталады және ол келуге тиіс деп санайды екен тағы біреу жаратылып мен сабаққа дайынмын деп.
  2. Батырхан Абулхатин
    1 + 2 -
    керемет тема