Анашым - Мұқағали Мақатаев

Анашым - Мұқағали Мақатаев

Анашым!
Асыл анам, есіл анам,
Елжіреп есіркеймін, есіме алам.
Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді
Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам.

Алыс жолда жүрсем де арып-ашып,
Ағат ойлап түсірмей жаныңа шық,
Оқытып кешеу барған хаттарымды
Отырмысың үрпиіп, жаның ашып?

Өткізіп талай жылды, ай, аптаны,
Оқуын ұлың жақсы аяқтады.
Анашым, білем сені, қарсы емессің
Кеттім мен тың даланы оятқалы.

Анашым!
Қайда жүрсем сен - күш, арым,
Сүйемін дидарыңды, мен құшамын.
Қайда барсам, өзіндей қарсы алады
Кең байтақ Отанымның кең құшағы.

Анашым!
Жаратылдың бағыма шын
Білемін көңілсізсің, сағынасың.
Қайда жүрсем, қамқоршым Отаным бар.
Қапа болма мен үшін, неғыласың...


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Қарап көріңіз:


Жаңалықтар:
» Оқулықтың электронды нұсқасы балаларды ауыр сөмкеден қашан құтқарады 15.05.2021, 0
» 2021 жылы айт намазы қашан оқылады ? 11.05.2021, 0
» “Бәрін шатастырды” - Алексей Цойға қандай ескерту айтылды? 07.05.2021, 1

Пікір жазу

Пікірлер 21

  1. Оқырман Дана
    Оқырман Дана 11.02.2021 16:59
    1 + 0 -
    Рахмет күшті
  2. Жорабай Ақторғын
    0 + 0 -
    👍👍👍
  3. Жорабвй Ақторғын
    1 + 0 -
    Ана жайлы күшті айтқан 👍👍👍😘
  4. Гүлүміт
    Гүлүміт 03.02.2021 21:38
    0 + 0 -
    Өлең өте керемет.
    1. Айназым Азаматқызы
      1 + 0 -
      Дұрыс айтасыз.Керемет
  5. Динар Аленова
    Динар Аленова 04.02.2016 12:18
    2 + 0 -
    Ана.Не деген ғажап жан
  6. Альбина Бапыева
    1 + 0 -
    Керемет
  7. Aноним
    Aноним 02.07.2015 22:01
    0 + 0 -
    Асқақ тұлға!
  8. Данияр Жолкобаев
    0 + 2 -
    мен ананы суйемин
  9. Асет Куаныш
    Асет Куаныш 03.03.2015 18:42
    0 + 0 -
    уауу керемет
  10. Асет Куаныш
    Асет Куаныш 03.03.2015 18:42
    0 + 0 -
    уауууууууу
  11. Бекасыл Тайшыков
    0 + 0 -
    Керемет
  12. Алдияр Жангали
    Алдияр Жангали 23.02.2015 15:28
    1 + 0 -
    керемет маган катты унады
  13. Elnar Muhamadiev
    Elnar Muhamadiev 10.02.2015 09:04
    0 + 0 -
    керемет
  14. Zhanel Tagaeva
    Zhanel Tagaeva 03.02.2015 21:57
    0 + 0 -
    Керемет!!! Макатаев атамыз ана туралы олен мен отан туралы оленди уйкастырып жазган!!!!!!
  15. Мадина Бердикулова
    0 + 0 -
    кушти
  16. Жаннур Бірлік
    Жаннур Бірлік 21.12.2014 16:10
    0 + 1 -
    өте керемет Ана деген мейрімді құдіретті ана деген периште журектегі аналардын бар ойы балада гой бала ушин согады журектери озим шигардым
  17. Талгат Маханов
    Талгат Маханов 11.12.2014 10:44
    0 + 1 -
    Әркім өз анасын неге жақсы көрмейді ,, әрине жақсы көреді . Ана өмір силады , Оған дүниедегі ең барып тұрған асыл зат "алтын" да түк емес .Ананың орны бөлек Серікбай Маханұлы
  18. Aноним
    Aноним 25.11.2014 13:15
    1 + 0 -
    Құндызбаева Гүлшат Аналардың аялы алақыны мен мәпелеп осы күнге жеткізгеніне еш теңеу жете қоймас. Мұқағалидың өлеңдері адамның жан дүниесіне құш қайрат беретін қуат.
  19. Aноним
    Aноним 25.11.2014 13:10
    2 + 0 -
    Күшті, керемет деген сөздер жайғана сөздер. Мұқағалидің өлеңдеріне ешқандай сын жетпейді. Анашым жатқан жерің жайлы болсын!!!!!!!!!!!!!!!! Алла тағалам жатқан жеріңді жарық қылсын!!!!!!!!!!!!!!!!
  20. nazgum
    nazgum 21.10.2020 12:51
    0 + 0 -
    əдемы өлең


Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы