» » » Өлең: Мұхтар Шаханов (Мәңгүрттенбеу марсельезасы)

Өлең: Мұхтар Шаханов (Мәңгүрттенбеу марсельезасы)

Өлең: Мұхтар Шаханов (Мәңгүрттенбеу марсельезасы) казакша Өлең: Мұхтар Шаханов (Мәңгүрттенбеу марсельезасы) на казахском языке
Қазақ ұлты, мың сүрініп, мың жығылып, мың тұрған,
Даңқыңды ешкім бүркей алмас ізгілікке ұмтылған.
Жомарттығың сорға айналып, туып өскен жеріңде,
Ана тілің шетте қалды, орын жетпей төріңде.
Қайырмасы: Өмір, өмір, өмір, өмір, өмір-ай...
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Шарлап ел мен елді,
Жаһандану келді.
Ұлтсыздық өрлеп,
Рухсыздық жеңді, заман-ай.
Ұқсатқанмен бүгін,
Қазаққа тек түрін.
Қаншама адам әлі
Менсінбей жүр тілін, заман-ай.
Есіңе ұста, бала,
Ұлтқа ұлы ана,
Ұлтты сақтар дана
Туған тілің ғана!
Өз тілінде сөйлей алмай қазақтың тең жарымы,
Амалсыздан басқа ананы «өз анам» деп таныды.
Талай басшы жүргеннен соң ұлтсыздыққа қорған боп,
Қазақ тілі әлі күнге тәуелсіздік алған жоқ.
Эфирден дауыс:
Тарихың тұр санаңа өткел тастап
Өз тіліңде ойлау, сөйлеу тоқталған сәттен бастап,
Бүкіл баба рухымен
Ұлттық, гендік-ақпараттық байланысың кесілер.
Тағдырыңнан ата мұра шамын солай өшірер...
Өз тіліңді жерсінбеудің,
Өз анаңды менсінбеудің
Арсыздығы қай дәуірде болып еді тапқырлық?
Oл - рухи мүгедектік әрі ұлттық сатқындық!
Мәңгүрттенген құлдық сезім неге қолдау табады,
Мұны бізге кешіре ме келер ұрпақ саналы?
Өз анасын сүйе алмаудың қасіреті болады,
Тілің кетсе, ұлтың өліп, қарның ғана қалады

Автор: nurgul95 | 456 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, мұхтар шаханов Мәңгүрттенбеу марсельезасы өлең стихи на казахском мухтар шаханов олен казакша, мұхтар шаханов өлеңдері, мухтар шаханов олендери, мухтар шаханов стихи на казахском, Мәңгүрттенбеу марсельезасы, мұхтар шаханов Мәңгүрттенбеу марсельезасы өлең стихи на казахском мухтар шаханов олен казакша мұхтар шаханов өлеңдері мухтар шаханов олендери мухтар шаханов стихи на казахском Мәңгүрттенбеу марсельезасы, Өлең: Мұхтар Шаханов (Мәңгүрттенбеу марсельезасы) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке