» » » Өлең: Қалижан Бекқожин (Эпилог)

Өлең: Қалижан Бекқожин (Эпилог)

Өлең: Қалижан Бекқожин (Эпилог) казакша Өлең: Қалижан Бекқожин (Эпилог) на казахском языке
Бұл жырым әлі ұласар,
Майданда шыққан шерумен.
Әлі талай бел асар
Мылтықты сол керуен.
Комиссар жортар жол ұзақ,
Ізінде жосып жыр қалар.
Куә ме жырым жалғыз-ақ,
Кітап қой сонау қырқалар,
Оқушым, өзің ашып көр,
Тарихтың тарғыл беттерін.
Осынау біздің асыл ер
Көрсетер өмір дәптерін.
Сұстанар, сүйер, қуанар,
Жорыққа талай бастар да,
Замандай ұзақ сыр олар,
Сыя ма бір дастанға?
Соңы да емес, жырымның,
Емес те шығар дәл басы.
Әдейі шұғыл бұрылдым,
Әрине, бар жалғасы.
Аңыз болар хақы бар,
Өмірі оның ғажайып.
Үн қосыңдар, ақындар,
Жарыса бір жазайық.
Жазармын тағы жырларын
Бұрқанған сол дауылда,
Түнектің қалай тынғанын,
Түнекті біздің ауылда,
Толқындар қырда тоғысар,
Шалқардан тасқын атылар
Атой берер Комиссар,
Ашуын қайта шақырар,
Тыңдарсың да дауысын,
Тебірене түскен Торғайдан,
Өшпені бітпес дау үшін,
Өртін шашар сол майдан,
Бұқпада қайрап қанжарын
Кезенер бір кез Мәдияр.
Аманкелді тарланын
Ажалға қайтіп ел қияр?
Қабірсіз, қанды төбеде,
Түнеріп кім отырған?
Әлдебір күбір келе ме?
Аманкелді батырдан
Қапыда қанға батырып,
Асырды жау арманын.
Комиссар соған аһ ұрып,
Тістейді бір кез бармағын.
«Кешікті, әттең, кешікті-ау,
Қиыр жол болды бөгесін.
Қанатымды кестің жау,
Кешікпей сен де өлесің!—
Қылышын солай суырар,
Шақ бүркеген қынаптан.
Солай да жұмбақ сыры бар,
Батырды сол кім атқан?
Торғай құмын шаңдатып,
Аңдар қайта ұлысар,
Ауылды Қапар қандатып,
Талай боздақ құм құшар.
Рақым жоқ елдің жауына,
Ереуілдеп ергенге,
Жортып жүр қарсы дауылға,
Кәдімгі Мерке мерген де...
Қорада жатса өрт жанып,
Бәрі бір аяқ баса ма?
Әлихандар оқталып,
Тұрған шығар тасада.
Комиссар соған ашынар,
Жарқылдатып қылышын.
Кенет бір шұғыл асығар,
Республика туы үшін!
Қуанар қазақ, тегінде,
Бақыты бар ел екен,
Жөнейді сонда Ленинге,
Комиссар біздің Әлекең.
Желпілдер сол күн түндіктер,
Қызыл ту тігер шаңырақ,
Жалындар еркін жігіттер,
Өр дауыстар саңғырап.
Жарлы қазақ жалауы,
Көтерілер аспанға.
Жаңғыртып күллі даланы,
Қосамын соны дастанға,
Жоқ, Комиссар, асығыс,
Жырымды сәл үземін.
Алдымызда — ғасыр іс,
Асықпай бәрін тіземін.
Республика ұлымын,
Туғандаймын екі рет.
Ұмытылмас ұлы күн,
Жазылар бүгін декрет.
Уа, сүйікті Октябрь,
Мәңгі бізге тойлы бол.
Республикам сапқа тұр,
Ұлы Ленин қойды қол!
Ал, поезым, зымыра,
Жұлдыздай үш, жар тарат,
Республика сырына,
Бөленеді шартарап.
Қабылдар қазір Кремль,
Комиссар біздің елшіні.
Кең Россия — кең өмір,
Ініге берер еншіні.
Басталар содан сыр жаңа,
Басталар ұлы заманым.
Құлпырды содан нұрлана,
Гүлдері біздің даланың,
Ес қуаныш, елімде
Еркіндіктің гүлін ек —
Алғыс айтып Ленинге,
Комиссар түр күлімдеп

Автор: nurgul95 | 93 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, қалижан бекқожин Эпилог өлең стихи на казахском калижан беккожин олен казакша, қалижан бекқожин өлеңдері, калижан беккожин олендери, калижан беккожин стихи на казахском, Эпилог, қалижан бекқожин Эпилог өлең стихи на казахском калижан беккожин олен казакша қалижан бекқожин өлеңдері калижан беккожин олендери калижан беккожин стихи на казахском Эпилог, Өлең: Қалижан Бекқожин (Эпилог) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке