» » » Өлең: Қалижан Бекқожин (Күте бер мені келер деп)

Өлең: Қалижан Бекқожин (Күте бер мені келер деп)

Өлең: Қалижан Бекқожин (Күте бер мені келер деп) казакша Өлең: Қалижан Бекқожин (Күте бер мені келер деп) на казахском языке
I
Күт мені, сәулем, ұзақ күт,
Қайтармын, сау келермін,
Көңіліңе сеуіп ой күңгірт,
Өтсе де күт, нелер күн.
Қар жауар мүмкін бұрқырап,
Өрті бар мүмкін кез келер,
Күте түр, сәулем, сен бірақ,
Ұмытса да өзгелер.
Хат келмей менен қажытар,
Кетер талай күн ұзап,
Ұмытса мейлі басқалар,
Күте бер мені өзің - ақ.

II
Күте бер, мен қайтамын,
Өзің боп күткен бір ғана.
Келмес деп жұрттың айтқанын
Көңіліңе алма, тыңдама.
Сенбе елді дегенге,
Ата-анам менің сенсе де.
Достарым да мен үшін,
Қайғыға мол енсе де.
Еске алып мені есіркеп,
Шарапты мүмкін көтерер,
Асықпа, оны сен ішпе,
Тірі деп мені күте бер.

III
Келем қайтып күте бер,
Ажалға мен көнбеймін.
Күтпегендер ұялсын,
Қасақана өлмеймін.
Білмейді олар сырымды,
Сен сағындық көп күттік,
Сағынды деп жан жарым,
Өлмей өрттен мен шықтым.
Қайтып аман келгенім —
Сенің ғана тілегің!
Сен күткен соң өлмедім,
Тартты сенің жүрегің

Автор: nurgul95 | 111 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, қалижан бекқожин Күте бер мені келер деп өлең стихи на казахском калижан беккожин олен казакша, қалижан бекқожин өлеңдері, калижан беккожин олендери, калижан беккожин стихи на казахском, Күте бер мені келер деп, қалижан бекқожин Күте бер мені келер деп өлең стихи на казахском калижан беккожин олен казакша қалижан бекқожин өлеңдері калижан беккожин олендери калижан беккожин стихи на казахском Күте бер мені келер деп, Өлең: Қалижан Бекқожин (Күте бер мені келер деп) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке