» » » Өлең: Қалижан Бекқожин (Дала комиссары)

Өлең: Қалижан Бекқожин (Дала комиссары)

Өлең: Қалижан Бекқожин (Дала комиссары) казакша Өлең: Қалижан Бекқожин (Дала комиссары) на казахском языке
Жайғанда Алатауға күн қанатын,
Жыр аңсап, әдетім бар толғанатын.
Басынан қарлы құздың қыран көрсе,
Солай бір саятшы да тан, қалатын.
Көргенде күмбездерді мұз құрсаулы,
Осы бір кек аршалы құж-құж тауды,
Сүйсінем шыңдарынан жыр ұшқандай,
Қанатын сермегендей гүл атаулы.
Айбынды Алатауым, аға тауым,
Арқаңа ақын тіккен ақ отауын.
Есіме түсті сонау ақ басты қарт,
Ағытып ұмыт қалған жыр матауын.
Болса да сонда сырқат ауыр күйде,
Бас болып, бауыр басқан ауыл үйге.
Отырды ойға батып ата Жамбыл,
Шерткізіп әңгімесін Әлібиге.
Салты жоқ өз даңқына еліккенде
Әсілі тасымайтын керіп кеуде, —
Әлекең тербелді бір, жырау қарап,
Отырдым сол сырына еріп мен де.
Түнектен тебірентіп өткен күнін,
Сөйлейді қалай жапа шеккендігін.
Албырт жас қиял құсқа мініп бір кез,
Қиялға кезіп алыс кеткендігін.
Жыр болды жорықтарын өткен бұрын,
Ойына Ленин дана төккен нұрын.
Қырандай көк дауылда түйілгенін,
Көтеріп азаттықтың көкке туын.
Атой сап Аманкелді батыры да,
Қырда жау ойран болған ақырында.
Түнекті туды жарып Республика,
Қызыл гүл жайнап дала тақырында.
Сол күндер елес қағып алыстағы,
Тізілді толқындай көп таныс шағы.
Өнеге айтып отыр бұл қауымға,
Лениннің ту көтерген комиссары.
Әлі де сол бір сурет тұр есімде:
Ақ орда Алатаудың іргесінде,
Жар салды Октябрьдің өрені сол,
Отанға шапқан жаумен күресуге.
Қайран ер майдан десе мәңгі таймас,
Сол бір шақ ағарыпты аққудай бас.
Отырды тарлан боздай елегізіп,
Жатқандай дабыл қағып жақын айқас.
— Халқыңа қадірлісің, батыр інім,
Қалайша жаңғырмасын атың бүгін?
Өзім бір жырлар едім, қарттық жеңді,
Қайдасың арыны бар ақын ұлым? —
Деп солай ата жырау қалды қарап,
Түйілді қауырсын қас, қалың қабақ.
Тап маған қадалғандай қыран көзі,
Сол жырын қарияның алдым қалап.
Сертімнен содан бері айрылмастан,
Мойныма мінді менің қарыз — дастан.
Көз жұмып кетті есіл Әлекең де,
Қарт жырау жатыр үнсіз қабір басқан.
Оқушым кешігіппін, кінәлімін,
Шын тарих шертілмесе, кінә бүгін.
Қалайша толғамадық қосыла бір,
Халықтың тағдырына куә жырын?
Тек өзің ашқандай бак дүниесін,
Уа ,жігіт, несіне сен шениесің?
Алысып Әлібилер еккен баққа,
Бұл күнде алшаңдаған сен иесің.
Хақың бар, болса қала, мұра тасын,
Соқ соған өшпес белгі мұнарасын!
Көрейік Ленин нұсқап тұрған жақтан,
Комиссар, Қызыл тулы қыр баласын.
Ерлігін мәрмәр сөзбен ақын сызып,
Тарихшы шежіресін жатыр тізіп,
Мүсінші болсам мүсін соғар едім,
Астына граниттен ат мінгізіп...
Сол ердің өз аузынан білдім өзім,
Ғажайып өткендерін, сыр мінезін,
Сүйікті Республикам, келдім сақтап,
Ашайын саған осы жыр күмбезін

Автор: nurgul95 | 105 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, қалижан бекқожин Дала комиссары өлең стихи на казахском калижан беккожин олен казакша, қалижан бекқожин өлеңдері, калижан беккожин олендери, калижан беккожин стихи на казахском, Дала комиссары, қалижан бекқожин Дала комиссары өлең стихи на казахском калижан беккожин олен казакша қалижан бекқожин өлеңдері калижан беккожин олендери калижан беккожин стихи на казахском Дала комиссары, Өлең: Қалижан Бекқожин (Дала комиссары) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке