» » » Өлең: Қадыр Мырза Али (Александр дюма және астархан алабы)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Александр дюма және астархан алабы)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Александр дюма және астархан алабы) казакша Өлең: Қадыр Мырза Али (Александр дюма және астархан алабы) на казахском языке
Бір сәт шықпай ойынан
Бұйра толқын, Ақ жазық,
Атыраудың бойынан
Отыр Дюма хат жазып:
"Кітап болып ермегі,
Қанша білім игерсін,
Бірақ Дала көрмеген
Түк көрмедім дей берсін!
Армансыз бір демалып,
Аунау қандай жаз құмда.
Бақасындай Сенаның
Бықып жүрген қаз мұнда!
Салты бөлек басқа үйдің
Ерте тұрар,
Кеш жатып.
Жағасында Каспийдің
Салдық көбін қаусатып!
Киіз үйден жасаулы
Көз сүзеді үміттер.
Шалма тастап асауға,
Шіренеді жігіттер.
Жас балалар жарысар
Жайдақ мініп атыңа.
Алып келген алыстан
Қызығады затыңа...
Жүрек шіркін шерменде,
Жаттап сезім дәрісін.
Желігесің Көргенде
Желмаялар жарысын.
Түстім ұзақ, асықпай,
Басқұншақтың тұзына.
Көз жүгірттім
Асықпай
Қалмақтардың қызына.
Жатырқағыш қарағым,
Жат мінезден азатпын.
Қиылып-ақ қарадым
Қыздарына қазақтың!
Қалай қонақ сыйлайды
Сахараның сүйрігі!
Қос табаққа сыймайды
Қазақы қой құйрығы!
Ақсүйектер баяғы
Ас еместі ас депті.
Дәмін татқан жаяның
Жемес еді басқа етті!
Күн қызарып батады
Қызғылт нұрын шұбатып.
Жапан қалғып жатады
Жұтып алып шұбатын!
Көргенің жөн көзіңмен
Қолыңның бір босында.
Қырдың халқы сезінген
Қызық тірлік осында!
Кітап болып ермегі
Қанша білім игерсін,
Бірақ Дала көрмеген
Түк көрмедім дей берсін!"

Автор: nurgul95 | 108 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, қадыр мырза али Александр дюма және астархан алабы өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Александр дюма және астархан алабы, қадыр мырза али Александр дюма және астархан алабы өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша қадыр мырза али өлеңдері кадыр мырза али олендери кадыр мырза али стихи на казахском Александр дюма және астархан алабы, Өлең: Қадыр Мырза Али (Александр дюма және астархан алабы) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке