» » » Өлең: Күләш Ахметова (Өң мен түс)

Өлең: Күләш Ахметова (Өң мен түс)

Өлең: Күләш Ахметова (Өң мен түс) казакша Өлең: Күләш Ахметова (Өң мен түс) на казахском языке
Қызыл бидай, ақкүріш,
Қырман боп үйдің ішінде,
Төгіліп тастап жатты ырыс
Түнімен менің түсімде.
Патшаның өзі кенеттен
Алғандай бізді еске елеп,
Май артылып шелектен,
Бал құйылып бөшкелеп.
Нан жауады ауадан,
Сүт айналып бұлаққа,
Алтындатқан науадан
Ағылады шұбат та.
Таратамын шөміштеп,
Таратамын кеселеп,
Қолдаған соң періште,
Тола береді еселеп.
Берекелі күйімде
Жатыр екем шалқиып.
Ояна кетсем,
үйімде
Бір бейне жүр қалқиып.
Жас ақын екен. Ертелеп
Келмеген болар, шырақ құр.
"Ұлды болдым!" деп еркелеп,
Сүйіншісін сұрап тұр.
Ұяттан бордай үгілдім,
Басып асүй жаққа адым...
Олай да былай жүгірдім,
Орайлы нәрсе таппадым.
Ақындар жүдеу екен-ау,
Жүр ғой демесе елде есен,
Не берсем екен, көкем-ау,
Көрген түсімді бермесем?..
* * *
Аспанда тұрмас мәңгі Ай да,
Күн шықса, кетер шалғайға.
Шамыңды өзің жақпасаң,
Жағатын басқа жан қайда?
Дүние мынау тұрса аман,
Туылар әлі мың-сан ән.
Өзіңді сыйлай білмесең,
Құрметпен қарар кім саған?
Жол шығар кейде оңыңнан,
Жол шығар кейде солыңнан.
Бір туған бауыр болса да,
Жетелеп жүрмес қолыңнан.
Аруана жылар ботасыз,
Болашақ болмас батасыз.
Жыраулар айтқан қалпында
Дүние деген опасыз.
Ауысар жолда түс талай,
Жаз болса, ертең қыс та оңай.
Қолбасшылар да кеткен ғой
Қолына түк те ұстамай.
Көңіліңе алмай жамандық,
Жас інім, мынау заманды ұқ.
Адамның досы, тіреуі —
Әділетті іс пен адалдық

Автор: nurgul95 | 99 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, күлаш ахметова Өң мен түс өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша, күлаш ахметова өлеңдері, кулаш ахметова олендери, кулаш ахметова стихи на казахском, Өң мен түс, күлаш ахметова Өң мен түс өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша күлаш ахметова өлеңдері кулаш ахметова олендери кулаш ахметова стихи на казахском Өң мен түс, Өлең: Күләш Ахметова (Өң мен түс) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке